С. Ж. Пралиев, Ш. Молдабеков Екі томдық оқу құралы I i том Түркістан 2008 ббк 35я7



бет8/23
Дата04.11.2019
өлшемі6,16 Mb.
#51100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Химтехнология 2 том

9.9 Мұнай өнімдерін тазалау

Тікелей алынған және әртүрлі қайталанба процестердің нәтижесінде алынған мұнай өнімдерінде эксплуатациялық қасиеттеріне қарай жағымсыз компоненттері де болады екен. Ашық мұнай өнімдерінде (бензин, керосин, дизельді отын) алкендер мен алкадиенге ие, күкірттің органикалық қосылыстары (тиоспирттер, тиоэфирлер), мұнай қышқылдары, жоғары аминдер және азоты бар гетероциклдер.

Дизельдік отында қатаю температурасы минус 100С және жоғары қоспалар болады. Мұнай майында шайырлар мен полициклдық ароматтық көмірсутектер болуы мүмкін. Бұлардың көпшілігі мұнай өнімдерін сақтауда және тасымалдауда тұрақсыздыққа ие. Оларды жою кезінде депарафинизация мен мұнай өнімдерін тазалау әдістері қолданылады.

Депарафинизация дегеніміз - қатты көмірсутектердің мұнай өнімдерінен бөлінуін айтамыз. Депарафинизациялаудың кең тараған әдісі болып селективті ерітіндіні қолдану болып табылады. Ерітінді ретінде ацетонтолуолды немесе метилэтилкетон – толуолды қоспасы қолданылады.



Адсорбционды тазалау кезінде адсорбент ретінде табиғи балшықтар, синтетикалық алюмосиликаттар, белсенді көмірлер қолданылады.



Абсорбционды тазалауда фенол, фурфурол, пропанмен бірге фенол қоспалы, күкірт оксид сұйықтығы (IV), күкірт қышқылы, натрий гидроксиді сияқты селективті ерітінділер қолданылады. Мысалы:

Қышқылды тазалау кезінде мұнай өнімдерінен алкенде, хош иісті көмірсутектер және күкірт қосылыстарының кейбіреулері тазаланады:



Мұнай өнімдерін абсорбционды тазалаудың технологиялық үлгісі экстракция операцияларын қосып алады. Мұнай өнімдерін тазалаудың қорытынды операциясы болып гидротазалау процесі болып табылады. Гидротазалау гидрогенизация процесінің бір түрі болып табылады.



Гидротазалау процесі кезінде мұнай өнімдерінен күкірт, азот, қышқыл және кейбір металдар қосылыстары тазаланады және қанықпаған көмірсутектердің гидрленуі жүреді:



9.10 Мұнай қалдықтарын кокстеу

Кокстеу дегеніміз - мұнай өндіруден қалған ауыр қалдықтарды термохимиялық процес негізінде айналдыру (бензин, газойль). Кокстеу бұл тек электродты кокстарды алып қана қоймайды, санымен бірге мөлдір мұнай өнімдерін жоғары қайнағыш көмірсутектерді алуда қолданылады.



Мұнай өнімдерін кокстеу әртүрлі қондырғыларда жүреді:

Осы қайнағыш қабатта процесс өтеді;

  • кокстеу процесі кезінде ыдырау өнімдерін алу және тығыздау жүреді;

  • коксты қақтау және одан ұшқыш заттарды алып тастау;

  • кокстеу процесіндегі кезінде бу фазасындағы екінші реакциясы.

9.14 – сурет. Мұнай қалдықтарын кокстеу үлгісі.

1 – қайнау қабатты реактор; 2 – буланғыш конденсаторы; 3 – коксты қыздырғыш; 4 – қазан утилизатор 5 – коксты мұздатқыш 6 – кокс бункері.
Сұйық шикізат реакторға түседі (1); Бутәрізді газды қоспа реактордың булағыш конденсаторына (2) түседі, бұл жерде газға, бензинді дистиллятқа, газойльға бөлінеді. Коксты жылутасығыш реактордан кокс қыздырғышқа (3) түседі. (4) Қыздырылған кокс коксты мұздатқышта (5) салқынданады және кокс бункеріне (6) түседі, біршамасы қайтадан реакторға оралады (1). Түтінді газдар кокс қыздырғыштан (3) қазан утилизатор арқылы өтеді (4), атмосфераға жіберіледі. Кокстеу өнімдерінің шығуы (құрамы бойынша) 14% кокс, 63% газойль, 12% бензин, 10% газ құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет