С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет15/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Сауықтыру орталығы 
(лат. sanare-емдеу, айығу) және алдын-алу ЕАМ аурухана 
алмастырушы типті, науқастарға табиғи факторларды қолдану арқылы ауруынан айығуға 
көмек беретін орталық: ауа, теңіз суын, минералды суларды, емдік батпақтарды және т.б. 
күніне 4 сағаттан 8 сағатқа дейін медициналық бақылауды ұйымдастырады. 


15 
Профилакториялар елді аймаққа жақын орналасқан орман-саябақ аймағындағы ірі 
кәсіпорындарда, шипажайлар – курортты аймақтарда орналасады.
Перзентхана 
- бұл жүктілерге, босанған және босанатын әйелдерге көмек көрсететін 
ЕАМ. Ірі перзентханалар, сонымен қатар гинекологиялық көмек көрсетеді. 
Босану үйлері ауданның емдік-алдын-алу мекемелерімен тығыз байланыста 
(емханамен, туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық диспансермен) болуы жан-жақты 
және толық медициналық көмек көрсетуге жағдай жасайды. Босану үйі құрамындағы 
әйелдер кеңесі жүктілерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Хоспис
(ағылшын тілінен Hospise) - жағымсыз болжамды аурулары бар науқастарға 
лайықты күтім және көмек көрсетін медициналық орталық. 
Хоспис пациенттері «үй» жабдықтарымен жабдықталған, сонымен қатар олар 
туыстары және достарымен еркін көрісе алады. Медицина қызметкерлері паллиативті 
медициналық көмек көрсетеді: науқастар оттегін, зондпен тамақтану, ауырсынуды басатын 
заттарды және т.б. ала алады. Минимум дәрігерлер, максимум орта және кіші медицина 
қызметкерлері. Хосписте болудың негізгі мақсаты – соңғы күндерін жарқын өткізу, 
азаптарын жеңілдету.
Күндізгі стационар
– нақастардың бірнеше сағат болуына арналған,емханананың 
емдеу диагностикалық қызметін пайдалану арқылы, бұл жерде кезекпен бірнеше емдеу 
шаралары және зерттеу жұмыстары жүргізіледі. 
Күндізгі стационар құрамында болуы керек: 
- кезекші мейірбике тұрағымен палаталар;
- дәрігерлер бөлмесі; 
- ем-шара бөлмесі; 
- науқастар күндіз болатын бөлмелер
- санитарлық-гигиеналық бөлмелер; 
- таза және кірленген заттар орналасатын бөлме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет