С. С. Наметкин айтып кеткендей, крекинг процесінің мағынасы мұнайды өңдеу арқылы алынатын негізгі өнім бензинмен тоқтап қалған жоқ. Осы мәселені шешумен қатар крекинг процесінің дамуы химиялық өңдеудің өнімін ғылы



бет5/38
Дата26.12.2023
өлшемі3,34 Mb.
#199523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Органикалық синтез химия технология теориясының методикалық оқу құралы
Педагогика 2022сәуір Айнұр апай
Аралық өнімдер. Көптеген мақсатты қолдануға ие боламаған заттарды, ең алдымен, олардың негізінде басқа бағалы қосылыстарды синтездеу үшін өндіреді. Бұл органикалық синтездің аралық өнімдері. Осылайша дихлорэтанды, кейін винилхлоридке өңдеу үшін өндіреді.

Бұл басқа да хлортуындылар, альдегидтер, олефиноксидтер мен басқа қосылыстарға қатысты болып келеді. Өндіріс көлемі және аралық өнімдердің ассортименттерінің рөлі өте үлкен, себебі салыстырмалы жай немесе одан әрі күрделі органикалық қосылыстарды парафиндерден, олефиндерден және т.б. қосылыстардан синтездеу бірқатар аралық стадиялардан өтеді.


Еріткіштер мен экстрагенттер. Синтетикалық еріткіштерге қатаң талаптар қойылады. Олар токсикалығы аз, қолжеткізер әрі арзан болуы тиіс. Олардың қайнау температурасы шығындарды болдырмау үшін төмен, сонымен қатар оларды айдау арқылы регенерациялау үшін тым жоғары болмауы керек. Еріткіштер мен экстрагенттерді мұнай өнімдерінен ароматты көмірсутектерді бөліп алу үшін, табиғи заттардан азеотропты және экстрактивті айдау процестерінде майларды бөліп алу үшін қолданады. Химиялық өндірісте оларды жиі полимерлер синтезінде, әсіресе, бояу лак өндірісінде) газдар мен буларды (ацетилен мен газдармен тасымалданатын ұшқыш заттарды) тазалау үшін адсорбент ретінде, сондай ақ көлік өндірісінде және металл өңдеуде еріткіштерде детальдарды тазалау мен майсыздандыруға пайдаланады. Комлекстүзуші экстрагенттер көмегімен сирек және шашыраңқы элементтерді рудалардан бқлу үшін пайдаланылады. Медицина мен фармацевтика өндірісінде еріткіштер өсімдік шикізатынан биологиялық активті қосылыстардың түрлі топтарын экстракция арқылы алу, құрғақ пен қою экстракттардың дәрілік субстанцияларын бөлу мен түрлі дәрілік заттарды алу үшін қолданады.

Хлор өндіріснің көмірсутектері – тетрахлорметан, дихлорметан, три- және тетрахлорэтилен; спирттер – этанол, пропанол, бутанол, пентанол; жәй эфирлер – диэтил, диизопропил және т.б. эфирлер; кетондар – ацетон, метилэтилкетон, изобутилметилкетон; күрделі эфирлер – этил- бутил- және амилацетат, сонымен қатар диметилформамид НСОN(CH3)2, диметилсульфоксид (СН3)2SO және т.б.



Еріткіш

Диэлекторлық өткізгіштік

Қайнау температурасы, 0С

Тығыздығы 200С-тағы, г/см3

Беттік созылуы 200С-тағы н/м х 103

Тұтқырлық 200С-та
мПа с

Тазартылған су

72,8

100

1000

72,75

1

Метил спирті

37,9

64,60

0,793

22,99

0,60

Этил спрті

25,2

78,39

0,789

22,03

1,20

Ацетон

20,7

56,24

0,790

23,70

0,32

Пропил спирті

19,7

97,20

0,804

22,90

2,23

Дихлорэтан

10,3

83,50

1260

32,20

0,89

Хлорлы метил

9,1

40,00

1330

27,50

0,45

Этилацетат

6,0

77,15

0,900

23,75

0,49

Хлороформ

4,7

61,26

1490

27,14

0,57

Этил эфирі

4,2

34,50

0,710

16,49

0,23

Бензол

2,3

78,50

0,880

28,87

0,65

Синтетикалық беттік активті жуғыш заттар молекуласында судың сольатациясына қабілетті гидрофильді және гидрофобты топтары бар заттар. Мысалы, натрий тұзы немесе пальмитин қышқылынан RCOONa тұратын сабында осы группалардың рөлін осыған сәйкес ұзын көмірсутектік тізбек және карбоксилді топтар атқарады. Осындай құрылыстың беттік активті заттар беттік бөліктің фазасына концентрацияланып, озінің гидрофобты тобының майлы компонентті жүйенің бейімделуіне , ал гидрофильді суға бейім екенімен ерекшеленеді. Нәтижесінде беттік созылу төмендеп, материалдың сулануы және судың лайлануы болады. Сонымен қатар беттік активті заттар эмульгаторлық, диспергаторлық қасиетке ие және көбік түзетін қабілеті бар. Беттік активті заттар мен жуғыш заттарды тұрмыста маталарды жуу үшін өте кең қолданылады. Оларды текстиль өндірісінде маталарды бояудан бұрын өңдеу үшін, жүндер мен талшықтарды жуғанда, машина жасау мен метал өңдегенде оларды кесу үшін, майлар мен механикалық тозаңдардан тазарту үшін қолданады. Ал парфюмер өндірісінде иіс сабын компоненті мен косметикалық зат ретінде қолданады. Химиялық технологияда олар ауыл шаруашылығында тұрмыста қолданатын стабильді эмульсиялық пестицидтер дауындау үшін гетерофазалық реакцияларда эмульгатор рөлін атқарады (әсіресе эмульсия полимеризациясында).Беттік активті заттарды пенобетон өндірісі мен басқа да құрылыс материалдарын алуда, мұнай өндірісінде қолданады. Беттік активті заттар мен жуғыш заттар ионогенді және неионогенді болып бөлінеді. Олар топтардың болуымен немесе кейбір топтардың болмауымен және сулы ерітіндідегі диссоцияциялық қабілетімен өзгешеленеді. Ионогенді заттар анион- және катионактивті болады. Мұнда беттік активті заттардың қасиеттері диссоцияция кезінде түзілген анионмен немесе катионмен айқындалады. Синтетикалық анионактивті көп қолданылатын жуғыш заттарға алкиларенсульфонат RC6H4SO2ONa, алкилсульфонат RSO2ONa және алкил топтармен C 12– C18 алкилсульфат ROSO2ONa жатады.



Катионактивті жуғыш заттар орташа практикалық мағынаға ие. Олар көбіне амин тұздары немесе төрттік аммоний негізінде болады. Мысалы, алкилбензилтриметиламмония [RC6H4CH2N(CH3)3]+Cl- . Неионогенді жуғыш заттарды этиленоксидтен және басқа да активті сутек атомы бар,органикалық қосылыстардан – карбон қышқылынан, спирттен, аминдерден синтездеп алады. Гидрофильді қасиетті оларға оксиэтилен тізбегі береді, мысалы, R(OCH2CH2)nOH. Жуғыш заттардың қасиетін жақсарту үшін және БАЗ-ды үнемдеу үшін оларды әртүрлі қоспалармен араластырады. Ол композиция жуғыш құралдар деп аталады(жуғыш заттардан басқа). Оның рецептіне (мысалы, кір жуғыш ұнтақтың) фосфат, пирофосфат немесе натрий гексаметафосфаты, силикат, сульфат, натрий карбонаты, перобаттар және карбоксиметилцеллюлоза кіреді.
Синтетикалық отын, смазкалық май және оларға қоспалар – органикалық және нефтихимиялық синтездің негізгі өнімдері болып табылады. Олар автомобильді транспортта, авиацияда, ракета техникасында және басқа да аймақтарда маңызы зор, ерекше рөл атқарады. Олар жоғарғы және төмен температурада металдардың коррозияға ұшырамауы үшін, төмен температурада қатып қалмауы үшін тотығу мен термиялық бөлінуге төтеп бере алатындықтан керек. Смазкалық майдың бағалы қасиетіне оның температураның тұтқырлығына аз тәуәлділігі болып табылады. Арнайы майларға жоғары беріктігіне талап кояды. Олар 300-4000С – та жұмыстың ұзақтығын қамтамасыз ету керек. Синетикалық смазкалы майлар бірнеше органикалық қосылыстардың тобына жатады. Олардың ішіндегі маңыздысына синтетикалық көмірсутектер (олефин полимерлері мен алкилденген ароматты көмірсутектер), екі негізді карбон қышқылының күрделі эфирі және жоғары бір атомды спирттері, монокарбонды қышқыл мен көп атомды спирттер, жоғары қайнайтын фтор көмірсутектері мен фторхлор көмірсутектері жатады.
Пестицидтер мен өсімдікті қорғайтын химиялық заттар. Пестицидтер дегеніміз – токсиндік қасиеті бар, өсімдіктерді бактериялардан, саңырауқұлақтардан және зиянды жануарлардан қорғайды. Пестицидтің көптеген бөлігі ауыл шаруашылығында өсімдіктерді қорғайтын химиялық зат ретінде және тұрмыста жұқпалы аурулардың, соның ішінде эпидемияның алдын алу үшін қолданылады. Пестицидтердің тірі организмге спецификалық әсер ететін бірнеше топтары бар. Фунгицидтер мен бактерицидтер саңырауқұлақтар мен бактерияларды жою үшін қолданады. Ауыл шаруашылығында оларды мәдени өсімдіктердің ауруның алдын алу үшін қолданады. Бактерицидтің адамға токсиндік қасиеті жоқ болғандықтан, оны консерві өндірісінде қолданады. Ал қалғандарын мысалы, пентахлорфенолды – древесина консервісінде, медицинада және т.б. аймақтарда қолданылады. Инцектицидтерді зиянды жәндіктерді жою үшін қолданады. Ал репелленттер тек жәндіктерді қорқытып қана қояды. Пестицидтердің маңызды рөлін өсімдіктерге әсер ететін гербицидтер мен дефолианттар болып табылады. Пестицидтерге койылатын ең маңызды талап ол өсімдіктерге таңдап әсер етілуі. Барлық химиялық қорғаушы заттар адамдарға, жануарларға, құстарға зияны тимеу үшін аз токсинделген болуы керек. Пестицидтер арасында органикалық заттардың көптеген кластары бар. Олар: хлорөндірісі, азот- және күкіртті қосылыстар, фосфор қышқылы өндірісі.
Мономерлер мен полимер материалының негізгі заттары. Барлық синтетикалық полимерлерді екі негізгі жолмен алады – полимеризация және поликонденсация. Біріншісінің реакциясына мономерлер керек , яғни жылу, жары, катализатор қатысында бір-бірімен төмен молекулалы қосылыстар түзбей, ұзын полимер тізбегін түзу керек.
Сополимеризация бір немесе одан да көп мономерлер полимер түзеді, мокромолекулалары ретімен орналасады. Поликонденсация кезінде төмен молекулалы заттар түзіледі. Ал құрамы түзілген полимер мен алынған реагенттен өзгеше болады. Макромолекулалардың үзіліссіз өсуі болуы үшін негізгі заттардың екі функциональды тобы болу керек. Олар реагенттердің бір-бірімен әрекеттесуі үшін керек.
Пластификаторлар. Пластификатор деп – полимерлердің пластикалық және эластикалық қасиеттерін жақсартатын заттарды айтады. Кейбір полимерлерге 30 – 40 % қосады. Полимерлер аққыш болу керек, біріншіден оларды престегенде, вальцерлегенде, екіншіден дайын өнімді эксплутациялағанда эластикалығымен ерекшелену керек және сақтаған кезде еріп кетпеуі ушін керек. Пластификатордың ең маңызды тобына жоғары қайнайтын күрделі эфирлер жатады. Мысалы, дибутил- және диоктилфталат, трикрезилфосфат және кейбір дикарбон қышқылы мен жоғары спир эфирлері мен жоғары карбон қышқылы мен екі атомды спирттер. Каучуктерді жұмсарту үшін минералды майлар мен бірге синтетикалық өнімдерді қолданады, олар алкилароматты көмірсутектер, төмен полиолефиндер. Пластификаторлар полимермен ұқсас болу керек және төменгі ұшықыштығымен өзгешелену керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет