С температурада сүттің бактерицидтік қасиеті үш сағатқа, 15



бет65/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#80676
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
сүзбе технологиясы

6 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Сүт сапасын сараптау
Сабақтың мақсаты: Өңдеуге түскен сүт сапасын сараптау әдістерін игеру. Өңдеуге келіп түскен сүт сапасын сараптау барысында алдымен оның құжаттарымен, таңбалануымен, систерна мен флягтардағы пломбының сақталуымен танысады. Бұдан кейін сүттен сынама алып оған органолептикалық, физико-химиялық, микробиологиялық зерттеулер жүргізіп, сүтке ветеринариялық санитариялық сараптама береді. Өңдеуге келіп түскен сүттің форма 2 ветеринариялық санитариялық құжаты немесе форма 4 ветеринариялық құжаты болуы керек. Бұл құжаттарда сүтті алып келген ауданның эпизоотиялық жағдайына, диагностикалық зерттеулердің (туберкулез, бруцеллез және т.б) нәтижелеріне, жасырын желінсауға тексеру және вакцинация жүргізуіне аса назар аудару керек. Бұл құжат 1 айға жарамды. Сонымен қатар, сүт тасымалдаушының санитариялық құжаты болуы керек. Егер сүт тасымалдаушысы мекеме болған жағдайда, әр сүт партиясына жарамдылығы 3 тәулік болатын 2 формадағы ветеринариялық куәлік немесе форма 4 ветеринариялық анықтама, шаруашылық зертханасында жүргізілген сүттің сапасы туралы куәлік болуы қажет. Ыдыстың жағдайын тексеру. Ыдыстың МемСт сәйкестігін, фляга мен цистерналардағы пломбалардың болуына, сүттің ақпауына көз жеткізу керек. Сүттің пастерленгендігін бақылау. Бұл реакциялар тексеруге сүттің 85°С төмен емес температурада пастерленгендігін анықтауға бағытталған, яғни пастерленген сүтке шикі сүттің қосылмағанына бақылау жасау үшін пероксидаза, фосфатаза ферменттерін анықтайды, лактоальбумин сынамасы қолданылады. Пероксидаза реакциясын төменгі температурада пастерленген сүтке қолдануға болмайды. Бұл әдіске, сонымен қатар жоғарғы температурадағы пастеризацияға фосфатаза сынамасы қолданылады. Пробиркаға 2 мл сүт құйып, 1мл 0,1% натридің фенолфталеинфосфаты аммиакты буферлі қоспасындағы ерітіндісін қосады. Пробирканы 40-45°С жылылықтағы су моншасына қояды да, оның түсінің өзгеруін 10 минут және 1 сағаттан кейін бақылайды. Шикі немесе шикі сүт қоспасы болса сүт қызыл түске боялады. Пастерленген немесе қайнатылған сүттің түсі өзгермейді. Лактоальбумин сынамасы (МС3623-73). Сүт шикі болса немесе 80 градустан төмен қызуда пастерленсе, онда альбуминнің үлпегі пайда болады. Стаканға 5 мл тексерілетін сүтті, оның үстіне 20 мл дистильденген су мен 3 мл 0,1 нормалды күкірт қышқылын құйып, пайда болған казеинді сүзгіден өткізеді, 5 миллилитр мөлдір сүзіндіні пробиркаға құйып, қайнатады, 80оС градустан жоғарғы температурада пастерленген сүтте альбумин үлпегі болмайды, сүзінді мөлдір күйінде қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет