С. Торайғыров атындағы Павлодар


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің газеті
Факультет тынысы
АНА ТІЛІҢ - АРЫҢ БҰЛ
Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мə-
дени дəрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көр-
сететін басты құндылық. Тіл мəдениетінің өзектілігі 
əрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мəселені айна-
лып өткен емес.
Қандай адам болмасын, ой-
өрісінің, білімінің, мəдениеті 
мен рухани дүниесінің қан-
шалықты екені оның жазған 
жазуынан, сөйлеген сөзінен 
де байқалды. «Кісіге қарап 
сөз алма, сөзіне қарап кісіні 
ал», – деп ұлы Абай тегін айт-
паған. Ана тілінің мол байлы-
ғын игерген, құдіретіне түсін-
ген, күшіне тағзым етіп, бас 
иген адам өзіне де, өзгеге де 
талап қоя алады, сөзді қалай 
болса солай қолдануға жол 
бермейді. Сөз мəдениеті мен 
өз мəдениетін қатар ұстап, 
екеуін бірге əлпештеп, қамқор 
болса, ана тіліне деген сүйіс-
пеншілігі арта түсері даусыз.
Ана тілін оқытудың мəні 
мен əлеуметтік қызметі – 
тілдің табиғи қызметі қарым-
қатынас құралы екендігін 
таныту. Бұл сөйлеу əрекетін 
дамыту арқылы жүзеге аса-
тыны белгілі. Психологияда 
сөйлеудің əрекет деп таны-
луы туралы қағида тілді оқы-
ту əдістемесінің методоло-
гиялық негізі ретінде алынды. 
Сөйлеу, яғни, практикалық 
əрекет, тілдік білімнің адам-
дардың бір-бірімен қарым-
қатынасында нақты жүзеге 
асуы болып табылады. Яғни 
сөйлеу – тілдің əрекетке ұла-
суы, білімнің адам қажеттіне 
айналуы. Қазақ тілін оқыту-
дың мақсаты – ана тілінің 
тарихымен бүгіні шешендік 
өнердің алуан сипаттары ту-
ралы мағлұмат негізінде оқу-
шылардың сөз мəдениетін 
жетілдіру, тілді əлеуметтік 
қызметіне сай орынды жұм-
сай білуге үйрету, интеллек-
туалдық қабілеттерін арттыру 
болып айқындалды.
Ана тілінің табиғатына де-
ген сүйіспеншілігін оятуда 
жас ұрпақты тіл (сөйлеу) мə-
дениетіне тəрбиелеуде қо-
йылатын мақсат – ана тілінің 
мəні, тарихы мен бүгіні, ше-
шендік өнердің алуан түрлі 
сипаттары туралы мағлұмат-
тар бере отырып, жастардың 
сөз мəдениетін жетілдіру, 
тілді əлеуметтік қызметіне 
сай орынды жұмсай білу-
ге үйрету, интеллектуалдық 
қабілеттерін арттыруда ғана 
жүзеге асырылады.
Осы мақсатқа сай туындай-
тын негізгі міндеттер:
– сөйлеу мəдениеті негіз-
дерін меңгерту;
сөз қолданудың ұлттық 
дəстүрлерін жаңғырта оты-
рып, сөз əдебінің нормала-
рын меңгеру;
– іс-қағаздары үлгілерін 
сауатты жазуға дағдыланды-
ру, жазба тіл мəдениетін қа-
лыптастыру;
– қарым-қатынас түрлерінің 
сөз мəдениетімен, стильмен 
арақатынасын таныту;
– шешендік өнердің мəні 
мен тарихы туралы мағлұмат 
беру;
– шешен сөйлеуге төсемді 
əлеуметтік-тілдік дағдыларын 
қалыптастыру;
– пікірталас түрлері, олар-
дың маңызы туралы білім 
беру;
– оқушыны пікірталас мəде-
ниетіне баулу;
– ұлттық көркем сөз норма-
ларын меңгерту ауқымында 
белгіленді.
Кез келген адамның жаны-
нан аса құрмет тұтып, жақсы 
көретін адамы бар, ол – АНА. 
Ана махаббатымен даритын 
ана тілі құдіреті арқылы тұлға 
қасиеті қалыптасады. Ізгілік 
қасиеттер арқылы жарқын бо-
лашақтарға нық қадам басып, 
өзіне де өзгеге де қуаныштар 
мен жақсылықтар сыйлай-
мыз. Сондықтан да мың бір 
өнер мен жеті елдің тілін иге-
ру жолында ең бірінші өзіңнің 
қасиетті ана тіліңді білу қа-
жет, құрмет тұтып, мəрте-
бесін жоғары ұстай білуіміз 
қажет!
Ана тілі – ата –анаңның тілі, 
дос – жаран, туған – туыс,қо-
ғам тілі. Ана тілі – сезім мен 
махаббат тілі, ана тілі – мем-
лекет тілі, Ұлы Дала, Қазақ 
Елінің тілі!
Мемлекеттік тіл тек қана 
қазақ ұлтының ғана емес, 
барлық қазақстандықтар үшін 
екін¬ші ана тіліне айналуына 
ықпал ету керек. Сондықтан 
ұлықты ғалымдарымыз бен 
құрметті білім алушы жас-
тарымызды 
Халықаралық 
АНА ТІЛІ мерекесімен шын 
жүректен құттықтаймын! Ана 
тіліміздің бағы мен бақытын 
тұрақтандыруда, өзге тілді 
үйрену мен меңгеруде тола-
ғай табыстарыңыз мол, жеңіс-
теріңіз тұғырлы болсын!

А.Ф. Зейнулина,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет