С. Торайғыров атындағы Павлодар



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
«Білім +» атты Жобаның 
құрастырушы мен үйлесті-
руші:
С.Торайғыров атындағы 
ПМУ-дың этнос аралық жəне 
конфессияаралық үрдістерді 
зерттеудің аймақтық ғылыми-
практикалық орталығы.
Жуырда іске қосылған «Білім+» 
жобасының аясында 2014 жыл-
дың 19-шы ақпанында С. Торай-
ғыров атындағы Павлодар мем-
лекеттік университетінде «Қазақ 
тілі» кафедрасының меңгерушісі 
ф.ғ.к., профессор А.Ф.Зейнулина 
студенттерге «Рухани қауіпсіздік 
мəселесіндегі қазақ халқының 
салт-дəстүрінің рөлі жəне мағы-
насы» тақырыбында дəріс оқыды. 
Аталмыш дəріс жастарға қазақ 
халқының салт-дəстүрлерін наси-
хаттауды жəне студенттердің діни 
сауаттылығын арттыруды мақсат 
тұтты.
Ф.ғ.к., профессор А.Ф. Зейнули-
на өз сөзінде: «Ұлттық салт-дəс-
түр – болашақтағы имандылықтың 
кепілі, дін діңгегі», – деді. Дəріс 
барысында көптен бері ұмытылып 
кеткен салт-дəстүрлер түрлері 
айтылды. Солардың қатарын-
да ежелгі əдет-ғұрыптардың бірі 
«бəсіре», «босаға байлау», «бал 
басы», «дəмету» секілді тағы бас-
қа өмірлік мəні бар дəстүрлер бар.
Қазақтардың салт-дəстүрі, əдет-
ғұрпы, жалпы дүниетанымы жəне 
ділі радикалдық діни ағымдардың 
талаптарына қайшы келеді. Мыса-
лы, «қыз ұзату», «бет ашар», «құда 
түсу», «шілдехана», «тұсау кесу» 
секілді ұлттық дəстүрлердің тари-
хы тереңде жатыр. Бұлар біздің 
күнделікті өміріміздің бір бөлшегі 
десем қате айтпаспын.
Тағы айта кететін жəйт, дəрісті 
тыңдап отырып əлем халықта-
рының «киім кию» үлгісі туралы 
көп мағұлматқа кенелдік. Солар-
дың бірі: үндіс халқының əлі күнге 
дейін күнделікті киім кию үлгісін 
сақтап қалуы. Оның ішінде, ең бір 
таң қалдырған мысал, бізде ерлі 
зайыптылар өздерінің махабба-
тының мəңгілік екенін білдіретін 
сақинаны саусағына тағып жүру 
арқылы көрсетсе, ал үндістер са-
қинаны мойындарына тағып жү-
реді екен.
Сондай-ақ, 
араб-парсы 
əлемінің тарихы, ұлттық жəне мə-
дени үлгісі саналатын «хиджаб» 
неге екені белгісіз қазақ қызда-
рының күнделікті киіміне айналып 
кетті. Арабтардың ұлттық киімі 
біздің дəстүрімізге, тарихымыз-
ға жат емес пе? – деп ойланып 
қаласың. Осыдан жастарымыз 
«хиджаб» киген адамды мұсыл-
ман, ал зайырлы киінген адамды 
мұсылман емес деп ойлап қалуы 
да мүмкін.
Бірақ, мұсылман əйел болу үшін 
тұмшаланып «хиджаб» кию ша-
риғат бойынша шарт емес. Міне 
сондықтан да, болашақта кейінгі 
жас ұрпақтың санасына өзге елдің 
салт-дəстүрі сіңісіп кетпес үшін, 
қазіргі қолға алынып отырған 
«Білім+» жобасының берері мол 
болатынына сенімім зор. Елбасы-
мыз Н.Ə. Назарбаевтың: «Бола-
шақ бүгіннен басталады», деген 
сөзі жас ұрпақтың қазірден бастап 
болашаққа айқын бағдар жасай 
алуына сеп болатыны анық.
Біз секілді студент жастар үшін, 
білімді де, білікті мамандардан 
дəріс тыңдау үлгі-өнеге. Болашақ-
та да, осындай дəрістерге қаты-
сып, өз ой-пікірлерін танытатын, 
дəріс арасында «диалог» орната 
білетін студенттер көбейетініне 
мен сенемін.

Әділет Мейірманов,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет