С. Торайғыров атындағы Павлодар


Сырсандық ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Сырсандық
ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖАРИЯЛАҒАН КЕЗЕҢНЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ЖЕТІСТІГІНІҢ 
ФАКТОРЫ МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ САУАТТЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Президенттің 1997 жылғы «Казахстан-2030 Бар-
лық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі 
жəне əл-ауқатының артуы» жəне 2012 жылғы «Қа-
зақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемле-
кеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 
арнаған Жолдаулары – бұл елдің дамуындағы ұзақ 
мерзімді тұжырымдылық жəне стратегиялық бағ-
дарламалық құжат. Бірінші «Қазақстан-2030» тұжы-
рымдылық, стратегиялық бағдарламалық құжатын 
жүзеге асыру жəне 2050 жылға дейін мемлекет пен 
қоғамның даму келешегі айқындалған «Қазақс-
тан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» Жолдауында Ұлт Көшбасшысы 
Н.Ə. Назарбаевпен белгіленді. Бүгін де əр қайсымыз 
«2030 – Стратегиясы жүзеге асты, қазіргі Қазақстан 
құрылды» деп айтамыз. Бұл біздің бірлескен, қажыр-
лы еңбектің нəтижесі, біздің мақсатымыздың жəне 
үмітімздің іске асуы… Енді біздің алдымызда жаңа 
міндет тұр. Біз ұзақ мерзімге мемлекетіміздің алдағы 
даму векторын күшейтуіміз керек».
2012 жылдың 14 желтоқсанында жарияланған «Қа-
зақстан-2050» Стратегиясымен Қазақстан тарихын-
да жаңа жаңғыру басталды.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ» – бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясында 
белгіленген міндеттерді орындау жолындағы бірінші 
Жолдау.
Осы Жолдауда еліміздің Президенті Н.Ə. Назар-
баевпен Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің 
қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру бо-
йынша жеті ұзақмерзімді басымдықтары қойылды. 
Бұл – инновациялық индустрияландыру трендін кү-
шейту, агроөнеркəсіп кешенін инновациялық бағыт-
қа түсіру, қазақстандық ғылымының əлеуетін артты-
ру, инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, 
көліктің, энергетиканың қарқынды даму, шағын жəне 
орта бизнесті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, 
əлеуметтік қорғау, мемлекеттік институттар жұмы-
сын жетілдіру арқылы адамның əлеуетін дамыту.
Біз дəстүрлі түрде «Жолдаудың – Жолдау ақжол-
тайы» айдарында университет оқытушыларының, 
магистранттар мен студенттердің пікірлерін назар-
ларыңызға ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет