Сабақ : Дүниетану Өкпе. Тыныс алу гигиенасы. Мектеп: «Көкбай атындағы орта мектебі»кмм күні



Дата05.02.2022
өлшемі77,96 Kb.
#19055
түріСабақ

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Дүниетану
Өкпе.Тыныс алу гигиенасы.

Мектеп:«Көкбай атындағы орта
мектебі»КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Сарқытқызы Назым

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу
Мақсаты (мақсаттары)

Өкпе, оның қызметімен таныстыру, тыныс алудың ағза үшін рөлі зор екенін ұғындыру, өкпені күту туралы түсінік беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Өкпенің көкірек қуысында орналасқанын, адам ауасыз өмір сүре алмайтынын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тыныс алу мүшелерін атайды. Тыныс алуға байланысты сарамандық жұмыстарды жасай алады.

Кейбір оқушылар:

  • Топ ішінде проблеманы талқылап,шешу жолдарын біледі.Ауаны жұтқанда оттегін сіңіріп,көмірқышқыл газын шығаратынын біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • ........ (істей) алады.

  • Адамның өкпесі, оның қызметі, құрылысы жайлы айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, өкпені жылына бір рет дәрігерге қаратып отыру керек.Яғни, әр адам өкпені тыныс алу мүшелерін күтудің ережелерін білуі керек.Сондықтан күн сайын таза ауада серуендеп, демалыс күндері табиғат аясында дем алуы керек. Сонымен бірге дұрыс тыныс алуға мән бер.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Адам ауасыз,сусыз, тамақсыз қанша уақыт өмір сүре алатынын есіңе түсір, ал, ауасыз қанша уақыт өмір сүре алатынын әңгімеле.

Талқылауға арналған тармақтар:

Өкпе қай тұста орналасқан? Қандай тыныс алу мүшелерін білесің? Олардың негізгі қызметі не? Т.с.с.

Сіз неліктен екенін ..... айта аласыз ба?

Неліктен тымырсық бөлмеде адамның басы ауыра бастайды? Неге адам өмірі үшін тыныс алу мүшелері ең маңызды деп ойлайсың?

Жазылым бойынша ұсыныстар:
Мәтінді оқу барысында төмендегідей сөйлемдерді толықтырып жазады.
1.Ауаның құрамында , көмірқышқыл газы және азот бар.
2.Тыныс алу мүшелері: Мұрын қуысы, кеңірдек және
.
3.Тыныс алу мен тыныс шығарудың нәтижесінде өкпе ағзаны
таза ауамен қамтамасыз етіп, зиянды газын
тазартып отырады.




Алдыңғы оқу



«Жүрек-қан тамырлары» Мәтінді 4-5 оқушыдан тізбектей сұрау. Сұрақ-жауап арқылы оқушының қан айналу жүйесі туралы, әр түрлі жарақаттан қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек шақыру, жұпта жарақатты дәкемен ораудың жолдарын көрсету.

Жоспар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті




«Қалауым, күтерім, тілерім» тренингі.Бүгінгі сабақтан не қалаймыз,не күтеміз,не тілейміз? Жақсы тілек тілеп, көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.
Жапырақ түстеріне байланысты топқа бөлу
Үй тапсырмасын сұрау
(3-4 оқушыдан)
Жаңа материалмен жұмыс
АКТ-ны пайдалана отырып тыныс алу мүшелерімен таныстыру. «Тізбектей оқыту»әдісімен мәтінді әр топқа бөліп беру.Әр топтан жеке-жеке мазмұнын сұрау.Не үшін? Неге? Дәлелде. Мысал келтір деген үстеме сұрақтар қойып отыру.

Сарамандық жұмыс.


Айнаға,шыныға (әйнекше) дем шығарып көр. Ол неге буланады? Себебін түсіндір.
Тыныс алу,тыныс шығару жаттығуларын жасату.
Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.


Тыныс алу кезіндегі ауа жолдарын цифрлармен көрсет.
Топтық жұмыс. «Кім қалай тыныс алады?»Өз бетінше тізбектей оқыту.
«Инсерт»кестесін толтырту.
Үйге тапсырма беру.
Бағалау. «Бас бармақ»

Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

Топқа бөлінеді.


Үй тапсырмасын айтады.


Электронды оқулықтан тыныс алу мүшелерінің құрылысы,қызметі
жайлы түсінік алады.
Әр топ бөлінген бөлікті оқиды,мазмұндайды.Тыныс алу гигиенасын оқиды. Әр топ жеке-жеке түсінгенін баяндайды.Тыныс алу мүшелерін сақтау ережесін айтады. Бөлмені желдетіп отыру, гүл өсіру, таза ауада серуендеу т.б.
Оқушылар себебін айтады.Өкпеден қайта шыққан ауада көмірқышқыл газы және су буы көп болады. Сол себепті шыныда ұсақ бу тамшылары болады.
Бір қолын кеудесіне, бір қолды ішіне қойып демалады.
Қорытынды жасайды.
Кеңірдек
Қолқа
Өкпе
Мұрын қуысы
Бос торкөздерге цифрлар жазады.
Оқып, әр топ өз ойларын ортаға салады.

Кестені толтырады.


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.












Жоспарланған
Уақыт

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған тақырыптармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру 1 мин
Ынтымақтастық ахуалын қалыптасытыру 2мин
Үй тапсырмасын пысықтау. 6мин

Дүниетану анықтамалық
1-4-сыныптар

Ортасы

Жаңа білімді меңгерту 10мин
АКТмен мәтінмен жұмыс 3мин
Бақылау күнделігімен жұмыс 3мин
Сарамандық жұмыс 3мин
Дәптермен жұмыс 5мин

Дүниетану оқулығы «Атамұра»2014
Электронды оқулық
3-сынып

Аяқталуы

Қорытындылау 6мин
Кері байланыс «Бас бармақ» 3мин
Бағалау 2мин
Үйге тапсырма беру. 1мин

Дүниетану
«Бас бармақ»
Электрондық оқулығы

Қосымша ақпарат
Салқын тиюден қалай қорғану керек?
Оттегінің жетіспеуінен басың ауыра бастаса не істейсің?
Темекі тартудың зияны туралы әңгімеле.

Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз?

Пән аралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


Тыныс алу гигиенасы жайлы не білесің?Өкпені күтудің ережелері жайлы не айтар едіңдер?


«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. Топ басшыларының бағалауы.
Бағалау парақшалары арқылы бағалау.


Әдебиеттік оқу
Салауаттану
Қазақ тілі
Бейнелеу өнері

Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал өандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төменгі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Кері байланыс жасау. «Серпілген сауал»әдісі арқылы.
Тыныс алу мүшелері жайлы не білесің?
Олар қандай қызмет атқарады?
Қоршаған орта мен денсаулық арасындағы байланыс туралы айт. Т.б.

Бүгін сабақта өкпе, тыныс алу гигиенасы жайлы түсінік берілді.Жоспарланған жұмыстар толық орындалды.Әр топ белсенділік танытты. Сыныптағы ахуал жақсы болды. Сабақ жоспарланған уақыт ішінде өтті.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болады? (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?
1:Бақылау күнделігімен жұмыс жасау.(тыныс алу мүшелерін ретімен жазу)
2:Мәтінді оқу барысында сөйлемдерді толықтырып жазу.(тыныс алуда оттегін сіңіріп,көмірқышқыл газын бөліп шығаратынын білді)

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )?


1:Сарамандық жұмыстар (демалғанда кеуде қуысы көтеріліп, дем шығарғанда кеуде қуысы орнына келетінін,шыныға дем шығарғанда ұсақ бу тамшылары неліктен пайда болатынын білді)
2:АКТ ны пайдалану. (өкпе және тыныс алу мүшелері, олардың қызметі жайлы танысуы)
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?
Сабақ өте қызықты өтті. Оқушылар топтық жұмыстарда, постер қорғауда,семантикалық карта толтыруда қызығушылық танытты. Бақылау күнделігімен жұмыс жасады. Сөйлемдерді толықтырып (бос торкөздерге) жазуда, сәйкестендіру парақшасын толтыруда белсенділік танытты.«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылардың алған білім деңгейі анықталды.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет