Сабақ: № Мектеп: Н. Островский атындағы Күршім №4 орта мектебі Күні



Дата08.09.2017
өлшемі184,51 Kb.
#31352
түріСабақ

Сабақ: №

Мектеп: Н.Островский атындағы Күршім №4 орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: Нуриманова Н.А.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспапағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тұздар балқымалары мен ерітінділерінің электролизі

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың химиядан тотығу дәрежесі және тотығу-тотықсыздану реакциялары, электролиттік диссоциация жайындағы білімдерін «Электролиз» тақырыбына қолдану. Білімдерін физикалық эксперимент арқылы ұштастыру және есептер шығаруда математикалық амал - әдістерді қолану.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Тұздар балқымаларының электролиздену теңдеуін жаза алады

Оқушылардың басым бөлігі:

Тұздар балқымалары мен ерітінділерінің электролиздену теңдеуін жаза алады

Кейбір оқушылар:

Электролиз теңдеуі бойынша есептер шығара алады

Алдыңғы оқу

Оқушылардың химиядан тотығу дәрежесі және тотығу-тотықсыздану реакциялары, электролиттік диссоциация жайындағы білімдерін «Электролиз» тақырыбына қолдану

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

(10мин)


Үш топқа бөлінеді «Химиктер», «Физиктер», «Математиктер».

Эксперт сайланады

ІІ Өтілген тақырыпты қайталау.

Миға шабуыл


  1. Электрод дегеніміз не?

  2. Электродтық потенциал дегеніміз не?

  3. Электролизге анықтама беріңіз?

  4. Катодтық процесс?

  5. Анодтық процесс?

  6. Фарадей заңы?

  7. Электролиздің қолданылуы

Топқа бөлінеді.

Сұрақ-жауап әдісімен сұрақтарға жауап береді.






2-кезең: Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады


Мұғалімнің түсіндіруі: электролиз теңдеуін жазу схемасын түсіндіру

ІІІ Эксперименттік бөлім

Тапсырма 1. Мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісінің электролиз сызбанұсқасын құрып, тәжірибе жүзінде көрсетіңдер. «Химиктер» тобы мыс (ІІ) сульфатының электролиз сызбанұсқасын жазады, «Математиктер» тобы электролиз теңдеуін теңестіреді, «Физиктер» тобы электролиз тәжірибесінің сызбанұсқасын жасап көрсетеді.

Тапсырма 2. Калий йодиді ерітіндісінің электролиз сызбанұсқасын құрып, көрсетіңдер. «Химиктер» тобы мыс (ІІ) сульфатының электролиз сызбанұсқасын жазады, «Математиктер» тобы электролиз теңдеуін теңестіреді, «Физиктер» тобы электролиз тәжірибесін жасап көрсетеді.

Оқушылар қайта топтасып, топтық тапсырмалар орындайды.



Электролиздену теңдеуін жазу




3-кезең:

Ой-толғаныс:

(7мин)

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі

  • сабақ қорытындысы

ІҮ Есеп шығару бөлімі

Барлық топтарға екі есеп беріледі

1.Ерімейтін анод алынып күміс нитратының сулы ерітіндісінің электролизі 25 минут бойы 3А ток күшімен жүрді. Токтың шығымы 95% екендігі белгілі болса, катодта күмістің қандай массасы бөлінеді?

2.500 г ерітіндіде мыс (ІІ) және күміс нитраттарының 12,8 г қоспасы ерітілген. Ерітіндіні толық электролиздегенде катодта бөлінген металдардың массаларының қосындысы 5,34 г болған. Бастапқы берілген ерітіндідегі нитраттардың әрқайсысының массалық үлестерін анықтаңдар.



Тақтада жұмыс: әр топтан бір оқушы тақтаға шығып есеп шығарады.




Келесі оқуға арналған тапсырмалар (1мин) (үй тапсырмасы)

Үйге тапсырма: 1. Есеп. Зауытта массасы 468 кг натрий хлоридінің ерітіндісін электролизге ұшыратты. Алынған газдар хлорсутектің синтезі үшін қолданылады. Алынған хлорсутек газын 708 л суда ерітті. Алынған ерітіндідегі тұз қышқылының массалық үлесін есептеңдер.


Қосымша ақпарат




Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? (2мин)


Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.










Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі:

Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі:


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1.

2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Сыныбы – 10 (Ж) сабақ реті: күні________

Тақырыбы

§5.5. Электролиз.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық

тәрбиелік:

Электролиз туралы білімді қалыптастыру;

Электролиздің мәнін,катодтық және анодтық процестерді түсіндіре білу,қорытындылай білу білім-білік дағдыларын жетілдіру,есте сақтау,электролизге есеп шығара білу қабілеттерін дамыту; Сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.






Сабақ типі:

аралас




Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің түсіндіруі, 10-ЕТЖ-1, жаттығулар орындау, фронталды әңгімелесу.




Құралдар мен реактивтер:

Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ХЭПЖ,10-ЕТЖ-1.




Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.



1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Сабақтың білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

Айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру:

1 есеп.



Берілгені: Zn, Al, S; v (S) =0,5 моль

Анықтау керегі.: m (S) Шешуі:

13,5г x


Zn + S = ZnS 2Al + 3S = Al2S3

2*27г/м 3*32г/м

m(S) = v*M =16г m(S) = 13,5г*3*32г/м : 2*27 Г/м=24 грамм

Жауап: 40 грамм.

----------------------- -------------------------- -------------------------

2.

Берілгені: 10 грамм құйма, 65 %Zn, 35 % Си, НС!

Анықтау керегі.: (тұз массасы)

Шешуі:

6,5 г у г

Zn + 2НСІ = ZnСІ2 + Н2 Си + НСІ -------------

65 г/м 136 г/м



  1. 10 грамда ----100%

Х грамда ----- 65 % х= 6,5 грамм

2. у = 13,6 грамм



Жауап: 13,6 грамм

5-7

Оқушылар ды білімді , саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:


1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.



2.Оқыту проблемалары:

Электролиз

1.Білімді жаңғырту:

1.Фронталды әңгімелесу:

  • Металдарды сутекпен алу әдістерін сипаттаңдар.Қандай металдарды осы әдіспен алуға болады? (қорғасын,мыс, вольфрам, марганец, темір, кобальт, молибден, хром, титан)

  • Неге ауада қыздырғанда платина және күмістің массасы өзгермейді ,ал темір және мыстан жасалған заттардың массасы артады.Жауапты реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер : (Себебі платина және күміс сумен әрекеттеспейді ал темір қыздырғанда сумен әрекеттесіп темір оксиді түзіледі,оксид және сутек)

  • 2.Іс жүзінде жүретін реакцияларды аяқтаңдар:

  • Mg+Cl2 ==MgCl2 4Al +3O2 ==2Al2O3

  • 2Na + H2==2NaH Ca + 2H2O ==Ca(OH)2 +H2

  • Mn + FeCl2==MnCl2 + Fe Pb + 2HCl==PbCl2 +H2

3-4

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

Жаңа сабақ түсіндіру:

Электролиздің мәні:

Тәжірибе қарастырайық. U-тәрізді түтікшені алып оған мыс (ıı) хлоридінің ерітіндісін құйып, әрбір иілімге көмір электродын салып, сымдарды ток көзіне қосып, өтетін процесті бақылаймыз.Аздан соң бір электродта мыс, ал келесісінде газ бөлінгенін байқаймыз. Иісі және сары жасыл түсі бойынша біз мұның-хлор екенін біле аламыз.Қорытынды: электр тогының әсерінен жаңа заттар-мыс және хлор түзілді, яғни химиялық реакция жүрді.



Бұны қалай түсіндіреміз?

Кернеу жоқ кезінде бұл иондар ерітіндінің барлық көлемінде бейберекет қозғалыста болады,бірақ электродтарды ток көзіне қосқанда, электродтардың біреуі теріс (катод),ал екіншісі-оң (анод)зарядталады. Катодқа оң Cu2+ иондары, ал анодқа теріс Cl- иондары бағытталады. Cu2+ иондары катодқа жетіп, одан электрондарды қабылдап, тотықсызданады да Cu атомдары электродтың бетіне қонады:

Cu +2e ------Cu катод мыс қабатымен қапталады

2Cl-2e-------Cl2 хлорид - ионы, анодқа, керісінше, электронды береді, тотығып атомға айналады.Соңғылары екі екіден қосылып молекула түзеді.

Электролиздің жинақталған теңдеуі:

CuCl2 ------Cu + Cl2



Электролит балқымасы немесе ерітіндісі арқылы тұрақты электр тогы өткенде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларын электролиз деп атайды.

2.Катодтық және анодтық процестер (кестеде)

Катодтық процесстер

Катодта иондардың тотықсыздану реті олардың стандарттық электродтық потенциалдар қатарындағы орнына тәуелді.Мұнда үш жағдай болуы мүмкін



Анодтық процесстер

Анодта жүретін реакциялардың сипаты су молекуласының қатысуына және анодтың қай заттан жасалуына тәуелді болады.Әдетте, анодтар еритін және ерімейтін деп екіге бөлінеді.Біріншісі-көмірден,графиттен, платинадан, екіншісі мыстан,күмістен,мырыш тан,кадмийден,никельден және басқа металдардан жасалады.



1.сутекке қарағанда үлкенірек стандарттық электродтық потенциалы бар катиондары электролиз кезінде катодта іс жүзінде толықтай тотықсызданады; (Cu2+-тан Au3+-ға дейін)

Ме + п е---------Ме

2. кішірек стандартты электродты потенциалы бар катиондары катодта тотықсызданбайды, олардың орнына су молекуласы тотықсызданады; (LI+-мен Al3+-ті қоса)

2 Н2О +2е ----Н2 + 2ОН

3.сутекке қарағанда стандарттық электродтық потенциалы аздау, бірақ алюминийден потенциалы үлкендеу (Al3+-ден H+-ке дейін) металдардың катиондары электролиз кезінде катодта су молекуласымен бір уақытта тотықсызданады: «Li. K. Na… Al» «Mn. Zn… H»

«Cu. Ag… Au.»



1.Ерімейтін анодта аниондардың немесе су молекуласының тотығуы жүреді.

S2-.I-.Br-.Cl-. SO2-4.NO3-.CO2-3.PO3-4 Ғ

иондардың тотығу реті

ерітіндіде оттекті қышқылдардың аниондары болса, онда анодта бұл иондар тотықпай су молекуласы тотығып оттекті бөліп шығарады.

2.Еритін анод өзі электролизденеді.


3.Мысалы:

************** Калий иодидінің KI ерітіндісі:



КАТОД АНОД

------------------- K + + I- -------------------

H2O

------------------- Н+ + ОН- --------------------



2Н2О +2е-----Н2 +2ОН- 2 I- -2е ------ I2

Жинақталған теңдеуі:

2К I + 2Н2О ------ H2 + I2 (крахмалмен дәлелдеу) + 2 КОН (фенолфталиенмен дәлелдеу)

----------------------------------------------------------------------------------------------------------


  • Калий иодидінің балқымасы KI

КАТОД АНОД

------------------- K + I -------------------

К +е-----К 2 I -2е ------ I2

Жинақталған теңдеуі:

2К I (балқымасы) ----- 2K + I2

----------------------------------------------------------------------------------------------------------


КАТОД АНОД

------------------- Na + SO4 -------------------

------------------- H2O --------------------

4НОH +4е-----2Н2 +4ОН 2НОН +4е--------О2 +4H+

тотықсыздану тотығу

Жинақталған теңдеуі:

2НОН------2 H2 + О2 ___________________ ___________________

4.Қолданылуы: кітаппан өз бетінше жұмыс- 141 бетті оқу.

Бұйымдарды электролиз әдісі арқылы металдармен қаптау тәсілі гальваностегия деп аталады (грекше «стеге»-қаптау).

Электролиз көмегімен кез келген дененің металдық көшірмесін алуға болады.Электрохимияның бұл саласын гальванопластика деп атайды.Бұл әдіспен баспаға арналған клише пластинкалар, радиотехникалық сұлбалар және т.б. жасайды.

Еритін аноды бар тұз ерітінділерінің электролизі кезінде анод материалының тотығуы (оның еруі) және анодтан катодқа металдың ауысуы бірге жүреді.Бұл қасиет металдарды электролиздік рафинирлеу (тазалау), металдардың бетін электрлік тегістеу осылай жүргізіледі.



14-15

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

- кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

Жаттығуды орындау.1-3 . 141 бет:

3

AgCl балқымасы: катод- Ag + 1е---Ag; анод - 2Cl - 2е----- Cl2

CuSO4 ерітіндісі: катод -Cu + 2е ---Cu;



анод - 4НОH +4е-----2Н2 +4ОН; 2НОН +4е--------О2 +4Н

жинақталған теңдеуі: CuSO4 + Н2О------- Си + Н2 + О2 + Н2SO4

KF балқымасы: катод-К + 1е---К; анод - 2 F- 2е----- F2

Жинақталған теңдеуі: 2KF -------- 2K + F2

Na2S ерітіндісі: катод- 2Н2О +2е-----Н2 +2ОН анод - S -2е---- S

Жинақталған теңдеуі: Na2S + 2 Н2О------- Н2 + S +2 NaОН





Білімді қорытындылау және жүйелеу:

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;



  • 1.10-ППР-1 жаттығуларды ауызша орындау.1нұсқа, барлық нұсқаның №2тапсырмасын орындау (56бет) (нашар үлгерушілерге кеңес беру )

  • Темір қалайыға қарағанда белсендірек. Жоқ, мыс ионы одан да белсендірек.Мырыш ионы адн да белсенді.Иә, мүмкін.

  • Электролиз деген не??

  • Анодпен катодта қандай процестер жүреді??

  • Бұл неге байланысты?

6-7

Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

Дәптерге жазған жаттығу ,кестені тексеру



3-4

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

2.Дәптерге жазғандарын тексеру .

3. Күнделікке жазғанын тексеру

Параграф 5.5.– оқу, №3-5. 141 бет жазбаша;



1-2

Сабақ қоры тындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

1-2

Рефлексия кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету. Білгендеріңнің маңызы қандай?



1-2

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет