Сабақ № Тақырыбы: Macromedia Flash-ке кіріспе Сабақ мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі60,62 Kb.
#21656
түріСабақ
КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Өтетін күні: ___________

Топ № ________________

Сабақ № ______________

Тақырыбы: Macromedia Flash-ке кіріспе

Сабақ мақсаты:

Білім беру: Оқушының теориялық білімдерін толықтыру, жетілдіру және ойлау қабілеттерін арттыру. Олардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Өз ойларын тиянақты және түсінікті жеткізулерін дамыту.

Дамыту: Оқушының білім деңгейін арттыру. Жаңа ақпараттық технологиялар түрлері және оның компонеттерін таныстыру. Ой өрісін жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіру. Колледжішілік мүлікті бүлдірмеуге баулу және жауапкершілік қаситтерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

Сабақ түрі: Түсіндіру, ой толғау, талдау

Материалдық-техникалық жабдықтар: Лекция дәптері, презентация, мультимедиялық проектор, компьютер.

Пән аралық байланыс: Ағылшын тілі, информатика, сызу

Қолданылған әдебиеттер: MX и Action Script: обучение на примерах» 5 бет

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

  1. Топ оқушыларымен амандасу;

  2. Оқушыларды түгелдеу және сабаққа әзірлігін тексеру;

  3. Сабақ тақырыбын және тақырыпшасын жариялау;

  4. Сабақтың мақсатын жариялау.

Үй тапсырмасын қайталау:

  1. Жалпы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар

  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптары

  3. Аппаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар

  4. Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

ІІ. Теориялық бөлім:

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Macromedia Flash программасы – анимациялық программалардың бірі. Ол бірнеше меню пунктерінен, палитраларынан, пернелерден және құралдардан тұрады. Егер сіз бұрыннан графикалық программамен жұмыс істеп жүрген болсаңыз, Flash МХ программасын меңгеру оңайға түседі. Жұмыс жасамас бұрын программа интерфейсімен танысып, түсініп алу керек. Бірақ бұл программамен алғаш танысып жатқан қолданушылар үшін, практикалық жұмыс есебінен меңгеру жеңіл болып саналады.

Flash МХ пограммасының негізгі жаңалықтарының бірі - оның интерфейсінің қолданушыға ыңғайлы болуы.

Растрлық графиканы көптеген мақсаттарда қолдануға болады, бірақ жоғарғы сапалы және шағын файлдардан тұратын Web-қосымшаларында қолданылмайды. Ал Flash МХ мұны векторлық графикамен шешуге мүмкіндік береді. Векторлық графикада кескінді анықтап көру үшін геометриялық фигуралар қолданылады, ал бұл дегеніміз - компьютердің өзі оңай шеше алатын материалды қолданады. Сол себепті, растрлық графикаға қарағанда, векторлық графика көлемі кішірек және ыңғайлы болып келеді. Сонымен Flash МХ, толығымен, Web-қосымшаларын жасауға мүмкіндік береді.

Растрлық және векторлық графика

Компьютерлік графикада суреттің негізгі екі түрі бар . Олар: растрлық және векторлық графикалар.

Растрлық графикадағы кескін элементтерінің өлшемдері бірдей тіктөртбұрышты матрицалардан құралады. Олардың әрқайсысының түстік сипаттамалары болады. Нәтижесінде осындай элементтерден құралған мазайка пайда болады. Бұл графика, көптеген детальдары бар және күрделі түстік өзгерістері бар фотографиялық суреттерде қолданылады. Ол - қазіргі кездегі компьютерлерде кең таралған графика.

Flash MX – растрлық графикамен жұмыс істеуде үлкен мүмкіндіктер береді. Векторлық кескіндердің растрлықтан түбегейлі айырмашылығы бар. Ол тек кескіннің негізгі нүктелерін кескіндеп, ал қалғандары белгілі бір математикалық заңмен реттелетін принциппен орналасады. Мысалы: егер түзу сызық сызатын болсақ, соңғы нүктесінің координатасын көрсетіп және жалғастырушы сызық-түзу болу керек десек болғаны (1-сурет).



Flash МХ–тың негізгі ерекшеліктерін қысқаша айтып кетсек. Ол мынадай тақырыптардан тұрады.



  • Flash МХ программасының жаңалығы: Flash МХ-ң негізгі ерекшелігі – оның формамен ыңғайлы жұмысы және осы кезде пайда болған қателерді ұқыпты тұрде өңдеу, swf – видеоклип файлдарын (QuickTime және AVI форматта) қосу мүмкіндігі, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ақпарат алуға оңай кіру құралы және кескінді төрт түрлі әдіспен өзгертуге мүмкіндік беретін Free Transform құралы.

  • Құралдар тақтасы: Flash МХ-те құралдар тақтасының орнын және көрінуін өзгертіп қоюға болады. Бұл әрекеттен қосымша терезесінен қандай құралдар тақталары бөліне алатынын және қайсылары бөліне алмайтындығын түсінуге болады.

  • Тақталар: Интерфейске тақталар кіргізу - Flash МХ программасындағы үлкен өзгерістердің бірі.

  • Негізгі кескіндеу әдістері: Flash МХ векторлық графикамен жұмыс істеу программасымен таныс емес қолданушыларға жаңа қызықты мүмкіндіктер береді.

  • Қабаттар мен кадрлер: Қабаттар - файлдарды ұйымдастыру кезінде көмектесуге және фильмдердің шынайы көрінуін жасауға қолданылады. Кадрлер - анимацияларда уақыт көрсеткіші есебінде қолданады.

Символдар және кітапхана: Барлық жасалған фигуралар Flash-те символға айналдырылып, содан кейін тағы да қолдануға мүмкіншілік туғызады. Символдарды қолдану файлдардың өлшемін кішірейтуге мүмкіндік береді.

2. Оқушының жұмыс дәптеріне дәрісті жаздыру

3. Қорытындылау

III. Жаңа сабақ бекіту барысында оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою:

  1. Жалпы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар

  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптары

  3. Аппаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар

  4. Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар


V. Сабақты қорытындылау және бекіту:

  1. Оқушылардың білімін бағалау және жариялау

  2. Үйге тапсырма беру

Тақырыпты оқып келу
Каталог: uploads -> doc -> 0669
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0669 -> Тұқымның тазалығы – халқымның болашағы
0669 -> Сабақ Алтын жүрек анамыз Пән мұғалімі: Досумова Айтжан Каратаевна
0669 -> Семей қаласы «№35 жоббм»кмм қазақ тілі пәні бойынша сабақтар топтамасы
0669 -> Сабақтың тақырыбы: Медицина саласындағы технологиялар Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
0669 -> Сабақ кестесі Апта күндері
0669 -> Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 9 «Б» орыс сыныбына құрастырылған Тақырыбы: Тест


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет