Сабақ №1-2 Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуы. Мақсаты


Антропометриялық көрсеткіштерді анықтау



бет2/41
Дата01.04.2022
өлшемі235,5 Kb.
#137632
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
тәжірибелік сабақ
Тест по теме Линейная функция и ее график для 7 класса
Антропометриялық көрсеткіштерді анықтау
1. Дене салмағын анықтау. Р- дене салмағы. Дене салмағын медициналық таразымен өлшейді.
Дене салмағы көптеген экзо-және эндогендік әсерлерге байланысты. Дене салмағы тірек қимыл жүйесінің, ішкі мүшелердің дамуының, өсуінің негізгі айғағы. Оның максимальды түрде артуы, әсіресе қыз балаларда 13, ал ұл балаларда 15 жаста байқалады. 18-25 жасқа дейін дене салмағы көбейіп, кейін 40-46 жасқа дейін дені сау адамдарда бірқалыпта сақталады.
Дене салмағын анықтау
Р =10+2 * n
n – жасы
2. Бой ұзындығын анықтау. L-бойдың ұзындығы. Жыныстық жетілу кезінде бой ұзындығының өсу байқалады. 20-25 жастан кейін бойдың өсуі шектеледі. Дененің ұзындығы бой өлшегішпен анықтайды. Бойды тұрған күйде аяқ киімсіз өлшейді.
Бала бой өлшегіштің платформасында қолдарын түсіріп, денесінің үш нүктесімен: өкшемен, бөксемен, жауырын аралығымен плакнкаға жанасып тік тұрады. Баланың басы көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шетін қосатын горизонталь сызықтың деңгейінде болуы қажет. Бой өлшегіштің планшеткасын баланың төбесімен жанастыра төмен түсіріп, ақ шкала бойымен оның төменгі деңгейін анықтаймыз.
Бой ұзындығын анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет