Сабақ басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыруға,
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алуғакөңіл бөлу қажет
(Ұ) Оқушылардан қоршаған ортадағы көркемдік жазбамен безендірілген бұйымдардың атауын сұрайды. Оларға сабақ тақырыбын анықтайтын сұрақтар қою.
(Қ)Тапсырма №1 «Сәндік-қолданбалы өнер» тақырыбын қайталауға арналған тестік сұрақтарға жауап беріңіз.
Ағашты күйдіріп әрлендіруді пирография деп атайды. Күйдіруге арналған аппараттар жетілдірілменген кезде, бензинді қолдана отырып,соның көмегімен платина ине қыздырылатын.Иненің қыздырылуын бәсеңдетпеу үшін шебер бензинді ауық-ауық аяқ басқышпен үрлеп тұруға мәжбүр болды.Алайда техникалық қиындықтарға қарамастан,пираграфия дамуын жалғастыра берді.
Электр күйдіргішті ойлап тапқаннан кейін пирография ағашты көркемдеп өңдеудің ең қарапайым әрі ыңғайлы әдісіне айналды.Оны сондай-ақ былғары,сүйек,қатырма қағаз т.б материалдарды өңдеуге қолданады.
Қарапайым электр күйдіргіш бәсеңдегіш трансформатордан, реостаттан,тұтқадан және штифт деп аталатын ауыспалы қыздыру жібінен тұрады.
Күйдіруге жұмсақ жапырақты ағаштарды-көк терек, жөке, қандыағаш,теректі қолдану тиімді.Терең және күйдіру үшін балқып қызған штифтті сәл ғана тигізудің өзі жеткілікті. Штифт өте қатты қызарған кезде ағаш жана бастайды,оған жол беруге болмайды.Ал штифт өте баяу қызса,оны ағаш бетіне біршама күш жұмсап басуға тура келеді.
Ағашқа күйдіріп сурет салғанда көз тез қарығады,сондықтан 15-20 минут сайын үзіліс жасап отыру қажет.
Күйдірілген суретті бояуға болады. Ол үшін акварель,гуашь, майлы бояулар, тушь қолданылады.