Сабақ: 1 Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп»



бет4/5
Дата25.03.2017
өлшемі0,6 Mb.
#12284
түріСабақ
1   2   3   4   5

Дүниетану пәнінен сабақ жоспары

Сабақ:4

Мектеп: «№21 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:6.10.2015

Мұғалімнің есімі: Скакова А.С

Сынып:2

Қатысқандар саны: 19

Қатыспапағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы

Мен және басқалар. Әдептілік.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынастың, жүріс-тұрыстың ережесі екенін түсіну. Ойларын дәлелдеп, қорытынды жасау. Өмірмен байланыстырып, мысалдар айту.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Мәтінді оқиды,адамдардың бірін-бірі сыйлауы, құрметтеуіне жататын ережені сақтау тиімді қарым-қатынасқа жататынын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Әдептілік адамның жақсы өмір сүруіне қажетті қасиеттердің бірі екенін ұғады. Жақсы мен жаман қасиеттер туралы ойларын айта алады.

Кейбір оқушылар:

Диалогке түсу арқылы тақырып бойынша өз ойларын дәлелдеп, қорытындыға келеді. Өмірмен байланыстырып,ережені бұзудың салдарына болжамдар айта алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Барлық оқушылар мәтінді оқиды мазмұнын түсінеді



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыйластық, әдептілік, уәде, құрмет

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Уәдеге берік, ілтипат,әділ

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Сөздік жұмысын жүргіземін

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жаңа сөздерді жазып, мағынасын ұғады

Алдыңғы оқу

Сыйластық тақырыбына байланысты нақыл сөздер жаттау

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- ұйымдастыру

8 минут

- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады


Ынтымақтастық жағымды ахуал туғызу Оқушыларды шеңберге тұрғызу

Үлгілі, әдепті оқушыға арналған өлең жолдарын айтуды ұсыну

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем беріп бір-бірімізге

Басымызды иеміз.



«Жұбын тап» әдісін пайдаланып топқа бөлу

Оқушылар заттардың жұбын тапқызып,үш топқа бөлу



«Жалғастыр»

І топқа

«Табиғат ... – тал бесік»,

Табиғат бізді... қоршаған орта

ІІ топқа

Таза болса табиғат – ... аман болар адамзат»

«Бұлақ көрсең, ...көзін аш»



ІІІ топқа

«Табиғатсыз... адамдардың күні жоқ,

Оны айтуға ...табиғттың тілі жоқ»

«Судың да... сұрауы бар»

-Неге олай жалғастырдың?

-Неге олай ойлайсың?

« Бағдаршам» әдісі арқылы топтардың жауабын, бағалатып, толықтырту



Шеңберге тұрады


Өлеңді еске түсіріп, қайталап айтады, сәлемдеседі
Оқушылар заттардың жұбын тауып, үш топқа бөлініп отырады

Мақалдардың жалғасын табады, мағынасын ашып өтілген тақырып бойынша білімдерін қорытындылап айтады.


Өлең жолдары

Шарлардың суреттері

Мақал-мәтелдер, постер, желім

Сұрақтар

Қағаздар, маркерлер

Оқулық, дәптер,сұрақ-тар

Оқулық, дәптер

Постер

Электрондық оқулық


Оқулық, қарындаштар

Әріптер

Кесте


Бағалауға арналған сары, қызыл, жасыл қарындаштар



2-кезең: Мағынаны ажырату:

5 минут

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады


-Әдептілік дегенімізді жалпы қалай түсінесіңдер? -Әдепті бала болғың келе ме?-Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?- Әдепсіз бала қандай болады? - Әдепсіздік адам бойындағы ең жаман қасиет.
Әдепсіз бала лас, жалқау, өтірікші, айтқан тілді алмайды, ұқыпсыз болады
Сыйластық ережесін құрастыртуӘр топтың ережесін толықтырып отырып ереже шығару

* Үлкенге жол беру

* Автобуста орныңды ұсыну

* Сіз деп сөйлеу

* Уәде етсең орындау

* Басқаның пікірін тыңдау

* Реніжітсең кешірім сұрау...


Сұрақтарға жауап береді

Өз ойларын айтады



Әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет.

Әдепті бала болғым келеді. Әдепті бала таза, еңбекқор, адал, тілалғыш, ұқыпты болады.
Әр топ ереже құрайды

Автобус аямалдасы арқылы ереже толықтырылып, ортақ ережеге келеді




3-кезең:

Ой-толғаныс:

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

10 минут


  • сергіту сәті

2 минут


  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі

6 минут

2 минут


  • сабақ қорытындысы

12 минут


Мәтінмен жұмыс

Мәтін негізгі идеясына анықтату үшін, жаңа сабақты өз беттерімен мәтінмен жұмыс жүргізу

Сөздік жұмысы. Дәптермен жұмыс

Уәдеге берік, ілтипат, әділ

Уәдеге берік, маңайына ілтипатты адамды құрметтейді, жақсы көреді



Сергіту сәті

Қазақстанда қол алысады,

Италияда құшақтасады,

Бразилияда иықтан соғады,

Зимбабада арқа сүйеп амандасады,

Никарагуада қол шапалақтап секіреді

Топтарға тапсырма:

І топ


Өзіңе қамқорлық жасаған адамға қандай алғыс айтар едіңдер?................................

ІІ топ Білетін кешірім сөздерін жазыңдар.............................

ІІІ топ

Үстелде отырғанда өзіңді қалай ұстау керектігін есіңе түсір. Ережелерді аяқтап жаз:



*Аузыңда тамағы болғанда ...

*Тамақ ішіп отырғанда кітап

*Тамақ соңында аузыңды...

Электрондық оқулықпен жұмыс

Әр топтың жұмыстарын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалап отыру

«Серпілген сауал»

Оқулықтың 24-бетіндегі пікірлерді топтастыру : Жақсы және жаман



Ойын : «Жаман мен жақсыны айыра білейік»

Ж – жалқау

А – ашуланшақ

М – мейірімсіз

А – арсыз

Н – нас

Ж – жағымды

А- адал


Қ – қайырымды

С – сыпайы

Ы- ынтымақты

«Үйренген төрт нәрсе»

-Не үйрендік сонымен?

-Кім үйретті?

-Қалай үйретті?

-Қайда үйретті?

1. Таза жүру және ұқыпты болу

2. Білмегенге көмектесу

3. Жығылып қалған адамға жәрдем беру

4. Жасы кіші баланы көше қиылысынан өтуге көмектесу
БАҒДАРШАМ

бағдаршамның түстерінқарындаштар арқылы көрсетуді ұсыну


«Сөйлемді аяқтау» әдісі

1.Мен үшін қиын болды

2.Мен түсіндім, үйрендім. Және таң қалдырды

3.Мен алдағы уақытта


Мәтінді оқиды, жұп болып мәтін мазмүнын бір-біріне айтады. Әр топтан бір-екі оқушы түсінгендерін айтады.

Ортақ қорытындыға келеді

Оқушылар өз ойларын айтып,толықтырады.
Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді.
Әр елде амандасу әр түрлі болатыныдығын ұғады.

Қимыл жасап, жұп болып түрліше амандасып көреді.

Өздіне қамқорлық жасаған адамға қандай алғыс айтуға болатын сөздерді жазып, атайды.
Білетін кешірім сөздерін жазады, атайды.
Адамдармен сыпайы қарым-қатынас сөздерін, үстелде отырғанда өзіңді қалай ұстау керектігін жазады
Амандасу, қоштасу әдебі туралы білімдерін толықтырады.

Берілген ұғымдардың қайсысы жақсы іс, қайсысы жаман іс екенін ажыратып әңгімелейді. Жағымды істердің тұсын қарындашпен белгілеп отырады.


Оқушылар берілген әріптерге байланысты жаман, жақсы сөздерді айтып шығады

Әр оқушы осы жақсы әдеттерге кім үйреткенін, қалай,қай жерде үйреткенін айтады.

Оқушылар мысалы осындай жауап береді

1. Таза жүру және ұқыпты болу ( анам үйде жуынуға үйретті)

2. Білмегенге көмектесу

( мұғалім сабақта құрбыларыма көмектесуге үйретті)

3. Жығылып қалған адамға жәрдем беру ( апам көшеде жығылған адамды тұрғызуға көмектесуге үйретті)

4. Жасы кіші баланы көше қиылысынан өтуге көмектесу ( апайым кішкентай баланы көше қиылысынан өтіп кетуіне көмектесті, мен апайымнан үлгі алдым)

Жалпы мақал-мәтелдерден..
Оқушылар «бағдаршамның түстеріне сәйкес қарындаштар арқылы көрсетіп, оқушылар өз біліміне қатысты сенімділігін көрсетеді
Оқушылар өздерінің ойларын жазады


Келесі оқуға арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)



Мәтінді оқу, сұрақтарға жауап беру. Өзіңнің ең жақын досыңды не үшін жақсы көретіндігің туралы әңгімелеу

Қосымша ақпарат

Қоштасу , сәлемдесу, кешірім сұрау лебіздері, мақал мәтелдер

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.


-Әдептілік дегенімізді жалпы қалай түсінесіңдер?-Әдепті бала болғың келе ме?-Әдепсіз дегенді қалай түсінесің?- Әдепсіз бала қандай болады? деген сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты ашып,
«Сыйластық ережесін» құрғызу

Уәдеге берік, ілтипат, әділ сөздерінің мағынасын ашу

Әдептілік ережелеріне байланысты топтарға тапсырмалар беру

«Серпілген сауал» әдісін қолданып

Оқулықтың 24-бетіндегі пікірлерді топтастыру: Жақсы және жаман

«Үйренген төрт нәрсе» әдісі арқылы

-Не үйрендік сонымен?

-Кім үйретті?

-Қалай үйретті?

-Қайда үйретті? деген сауалдарға жауап алу

«Сөйлемді аяқтау» әдісіндегі

1.Мен үшін қиын болды

2.Мен түсіндім, үйрендім. Және таң қалдырды

3.Мен алдағы уақытта деген сөйлем жолдарын толықтыру арқылы оқушылардың ойларын қорыта білуге дағдыландыру


«Сөйлемді аяқтау» әдісі

1.Мен үшін қиын болды

2.Мен түсіндім, үйрендім. Және таң қалдырды

3.Мен алдағы уақытта


БАҒДАРШАМ

(«бағдаршамның түстеріне сәйкес қарындаштарды көрсету арқылы оқушылар өз біліміне қатысты сенімділігін көрсетеді)

Қызыл- түсінбедім

Жасыл- барлығы түсінікті

Сары- түсінбегенім бар


Әдебиеттік оқу, қазақ тілі

Сыныпта қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері орындалды

Электрондық оқулықты пайдалану
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының , жүріс тұрысының ережесі.
Әдептілік адамның жақсы өмір сүруіне қажетті қасиет


Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі:

Оқушылардың қимылдары ширақ, шапшаң болды. Өз ойларын нақты, жүйелеп айта білді. Сабақтың негізі идеясын аша білді. Бір-бірлерінің жауаптарын толықтырып, бағалауға төселіп қалды.



Оқушы оқу мақсатына талпынады,себебі:

Алдағы уақыттарда осы сабақтағы белсенділіктерін жоғалтпаса. Өз ойларын нақты, жүйелі түрде айта берсе



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Оқу неге бағытталған болды?

Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?



Сабағымның мақсатын Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынастың, жүріс-тұрыстың ережесі құрайтындығын түсінсе деп алдым.

Оқушылар мәтінді оқып, адамдардың бірін-бірі сыйлауы, құрметтеуі, жақсы қарым-қатынасқа жататынын түсінді.

Әдептілік адамның жақсы өмір сүруіне қажетті қасиеттердің бірі болып табылатындығын ұқты. Жақсымен жаман қасиеттер туралы ойларын мысалдар келтіру арқылы айтты.

Топтық, жұптық жұмыстарда диалогке түсу арқылы тақырып бойынша өз ойларын дәлелдеп, қорытындыға келеді. Өмірмен байланыстырып, мысалдар айта алды.

Сабақ барысындағы жоспарлаған «Жұбын тап», «Жалғастыр», «Серпілген сауал», «үйренген төрт нәрсе» әдіс-тәсілдері тақырыптың мәнін ашуда тиімді болды деп ойлаймын.

Электрондық оқулықтан видеокөрсетілім «Үйренген төрт нәрсе» әдісі арқылы жүргізілген жұмыстан кейін көрсетілді



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушыларымның сабақ бойы белсенділіктері артып, ақылдасып, қызу жұмыс істей білулері табысты болды деп ойлаймын.

2. «Жаман мен жақсыны айыра білейік» атты ойын ұтымды шықты.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын бағалап, пікірлерін айтып, ой қосулары жақсы болды.

2. Сабақ бойында мадақтау, қол шапалақтау арқылы, қарындаштың түсі арқылы бағалау әдістері сәтті болды.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?

Өздерін өте еркін ұстап, қателессе де жауап беріп мұғалім қолдауын сезіне алулары жалғасын тапса екен..




Каталог: uploads -> doc -> 094e
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
094e -> Пән бойынша негізгі ұғымдар, анықтамалар тізімі (глоссарий) абж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет