Сабақ: №1 Мектеп: Қостанай қ. Фмб нзм күні: Мұғалімнің аты-жөні: Козганбаева М. Т



Дата21.10.2019
өлшемі452,95 Kb.
түріСабақ



САБАҚ: №1

Мектеп: Қостанай қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Козганбаева М.Т.

Сынып: 9 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім

3-тарау. Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың халық күнтізбесі.


Сабақтың тақырыбы

Бабалар өркениеті.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну

9.1.3.1 әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну



Сабақтың мақсаттары

  • әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын мәнмәтінде қолданады

Бағалау критерийлері

-тыңдалған мәтіндегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді;

-тақырып бойынша жаңа сөздерді дұрыс қолданып, сұхбатқа қатысады.



Құндылықтар

Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құрмет, өмір бойы білім алу.

АҚТ қолдануы

Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады.

Тілдік мақсаттар

мәдениет, екінші табиғат, астрономиялық сағат, жорамал, байырғы, көші-қон, жорамал, жұлдызнамашы

Осыған дейін меңгерілген білім

«Жолың болсын, жолаушы»

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту.

Болжау әдісі. Оқушылар сурет арқылы бөлім атауын болжап, ойларымен бөліседі.



Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері мен десприпторлары таныстырылады.



https://yandex.kz/


Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

2 мин


10 мин

3 мин

Топтық жұмыс.

Тыңдалым алды тапсырма. Сөздік» ойыны

Сынып бірнеше топқа бөлінеді.

Мұғалім тақырып бойынша сөздерді тез оқып шығады (байырғы, көші-қон, жорамал, жұлдызнамашы).

Осы уақытта топ құрамындағы оқушылар:



  • 1- оқушы сөздерді жазып алады;

  • 2- оқушы сөздің мағынасын қалай түсінгенін жазады;

  • 3- оқушы түсіндірмелі сөздіктен анықтамасын іздестіреді;

  • 4- оқушы көшпенділер мәдениетімен байланыстырып сөйлем құрастырады.

Мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалайды. Топтар өзара жұмыстарымен таныстырады. Мұғалім кері байланыс береді.

Байырғы – көне

Көші-қон адамның басқа жерге қоныс аударуы

Жорамал – болжам



Жұлдызнама - <грек. astron – жұлдыз, грек. logos – ұғым, ой>(гороскоп

Жұлдызнамашы – Жұлдыздарға қарап жорамал жасайтын адам
Тыңдалым тапсырмасы

Жұптық жұмыс. Оқушылар «ХVI-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті» тақырыбындағы бейнероликтің белгіленген үзінділерін тыңдап, сұрақтарға сөздер не сөз тіркестерімен жауап береді.




Сұрақтар

Жауап

1

«Мәдениет» сөзі нені білдіреді?




2

Адам жасаған «екінші табиғат» дегенді қалай түсінесіз?




3

Материалдық мәдениетке не жатады?




4

Рухани мәдениетке не жатады?




5

Астраномиялық сағат ретінде қандай жұлдызды пайдаланған?




6

Жұлдыздар атауын атаңдар






Бағалау. «1 минут» әдісі

Оқушылар өзара жауаптарымен бөлісіп, дұрыс-бұрысын анықтайды. Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінгендері немесе түсінбегендері анықталады.



Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: оқушылар материалдық және рухани байлық туралы бейнематериал үзіндісін екінші рет тыңдап, топтарда «Көшпенді халықтың материалдық мәдениеті», «Көшпенді халықтың рухани мәдениеті» тақырыбында сұхбат дайындайды.




Ф. Топтар өзара пікір, көзқарастарымен шеңберге тұрып, бөліседі.

Сөйлеу барысында жаңа сөздерді орынды қолданады.

Бір-біріне кері байланыс береді.


Бағалау критерийі:

Дескрипторлар

Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсінеді

-жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;

-сөздерді ауызша жұмысында орынды қолданады;

-тыңдалған мәтінді түсініп, кемінде
4 сұраққа дұрыс жауап береді;

-тақырып бойынша жаңа сөздер мен терминдерді дұрыс қолданып, сұхбатқа қатысады.



https://kitap.kz/dictionary



https://www.youtube.com/watch?v=VzBTenBnJII


ХVI-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті

(үзінділер

0:00-1:00;

3:57 -5:00 аралығы)

https://www.youtube.com/watch?v=VzBTenBnJII
ХVI-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті

(үзінді

1:00 - 4:00

аралығы)




Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. Кері байланыс.







Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді.

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.


Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді.

Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді.

Оқушылар сабақ барысында АКТ арқылы ақпаратты өздерінің жадыларында ұзақ сақтай алады.



Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Көшпенділердің материалдық мәдениеті

Көшпенділердің рухани мәдениеті





Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет