Сабақ №1 Мұғалім: Койшибекова Н. К: Сабақтың тақырыбы


II. Операциялық-орындаушылық кезең



бет2/5
Дата13.08.2017
өлшемі0,78 Mb.
#23491
түріСабақ
1   2   3   4   5

II. Операциялық-орындаушылық кезең.


2) Деңгейлік тапсырмалар.

- Үш деңгейде берілген тапсырмаларды орындап, осы тапсырмалар арқылы баға аласыңдар. Үш деңгейдің де тапсырмасын 7-мин ішінде орындап үлгерген оқушы «5» алады, 1-2-деңгейді ғана орындаған оқушы -«4» , ал тек 1-деңгейінің тапсырмасын ғана орындаған оқушы «3» алады. Сондықтан бүгінгі бағаларың сендердің жылдамдықтарың мен білімдеріңе байланысты. Іске сәт.

І.деңгей. Тест тапсырмаларын орындау.
1. Қай тіл білімінің саласы дыбыстарды зерттейді ?
А) лексика; В) морфология; С) фонетика; D) синтаксис

2. Әліпби қай тілден енген сөз?
А) орыс; В) грек; С) араб; D) латын.
3. Сөздің ең кішкене бөлігі қалай аталады?
А) дыбыс; В) сөз; С) сөз тіркесі; D) сөйлем.
4. Дыбыстың жазбаша таңбасы қалай аталады?
А) әріп ; В) пиктограмма; С) иероглиф; D) буын.
5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп, қанша дыбыс бар ?
А) 37, 12; В) 42,37; С) 25,12; D) 42,33.
ІІ.деңгей. Берілген қала аттарын әліпби тәртібімен тізіп жазу.

Қызылорда, Ақтау, Қарағанды, Орал, Семей, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Тараз, Шымкент, Маңғыстау.



ІІІ.деңгей. Дыбыстар туралы 1-2 әріпті жұмбақ шығару.

III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің,

не үйрендің?, не білгің келеді?



ІҮ Үй тапсырмасы: Сөздің шығу тарихы конспект

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 25.09.

Сабақ №4

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:



Сабақтың тақырыбы :

Сөздің жасалуы.

Мақсаты:

оқушыларға сөзжасам туралы түсінік беру, сөздердің мағынасын түсініп, жасалу жолдарын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру ; оқушыларды ұқыптылыққа, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу; оқушыларды қосымшалар, тағы басқа тәсілдер арқылы арқылы сөздердің жасалу жолдарын ажырата алу дағдыларын арттыру, талдау дағдыларын арттыру.

Сабақтың жабдығы:

тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.

Әдісі:

түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару





Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.




  • «Сөзжасам» дегеніміз – жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге – ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс-әрекетін білдіретін жаңа сөз (ойла)жасалған. Мал деген сөзге -шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам мәтіндегі жаңа мағыналы сөз (малшы) жасалған. Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған, ол – мылтықтың бір түрі.

  • Кәрі және жас деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі-жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.

  • Тілімізде қол деген сөз бар: бастапқы мағынасы – дене мүшесінің атауы, кейінгі мағынасы – әскер (қол).

  • Айғыр және жуа сөздерінің тіркесуінен (айғыр жуа) өсімдіктің атын білдіретін жаңа мағыналы сөз туған.

  • Жаңа сөз тудырудың бірнеше тәсілі бар: жұрнақ арқылы, екі сөзді біріктіру арқылы, екі сөзді қосарлау арқылы, екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады.

  • Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып бөлінеді. Жоғарыдағы келтірілген мысалдар – туынды сөздер. Ал түбір сөзге сөздің бастапқы мағынасы жатады: ой, мал, бес, ат, кәрі, жас, бала, айғыр, т.б.

Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз – сөздің сыртқы түрі өзгермей – ақ, жаңа мағыналарға ие болуы. Мысалы, Ақ: 1) ақ (ағу – бастапқы мағына); 2) ақ (ақ жіп, ақ сүт – түсті білдіретін бастапқы мағына); 3)ақ – жаңа мағына (сүттен жасалатын тағамның атауы). Айдар: 1)ерекшелікті көрсету үшін әскери бас киімнің үстіне жасалатын бөлігі (бастапқы мағына); 2) баланың шашын алғанда, көз тимесін деп маңдай шашын не төбе шашын әдейі алмай қалдырған оның шоқ шашы (бастапқы мағына); 3) баспасөзде , телерадиохабарларда берілетін жаңа тақырыптар (жаңа мағына).

Қазақ тілінде осындай жолмен жасалған сөздерге көп мағыналы және омоним сөздер жатады.

II. Операциялық-орындаушылық кезең.


  1. Топтық жұмыс

І топ .Мына сөздердің қайсысы түбір, қайсысы жаңа мағынаға ие болған туынды сөз екенін айтыңдар.

ІІ топ. Мәтінді көшіріп жазып, әр түрлі тәсілмен жасалған туынды сөздердің астын сызыңдар.

ІІІ топ. Мәтіндегі туынды сөздерді табыңдар. Олардың қалай жасалғанын айтыңдар.


  1. Терме диктант жазу.

Екі жақ та қолға түскендердің қолдарын байлап, өз жағына қарай айдап әкетіп барады, әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жүргендер

көп – ақ. Енесей қашуға жөнелген бір топ аттарды қуа жөнеліп еді,

мойнынан оқ тиіп,Енесейдің аты омақаса құлап, Енесей жерді сүзе құлады. Қосалқы атты жетелеп жүрген Бекентай ауыздығымен алысып қызып алған тың атты тоса берді.

  • Сөзжасам дегініміз не?

  • Жаңа сөз тудырыдың қандай тәсілдері бар?

Түсінік тексеру

1) Сұрақ - жауап



  • Сөзжасам деген не?

  • Түбір сөз деген не?

  • Туынды сөз деген не?

2)Жаттығу-бекіту жұмысы.

А)Өзіндік жұмысы. Мына сөздердің қанша мағынада жұмсалатынын табыңдар.

Ә) Ұжымдық жұмысы. Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгерістер болатынын түсіндіріңдер.


III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің, не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: Сөз құрамына қарай талдау.


Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 02.10.

Сабақ №5

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:



Сабақтың тақырыбы :

Сөздің мағынасын зерттеу.

Мақсаты:

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы туралы   мағлұмат  беру, алған білімдерін, іскерлік дағдыларын   тексеру, таным белсенділігін арттыру.              

Сабақтың жабдығы:

слайд-шоу, интерактивті тақта,  компьютер, т.б.

Әдісі:

Сұрақ-жауап, ұжымдық оқыту, оқулықпен жұмыс, шығармашылық  жұмыс, талдау, баяндау, зерттеу, т.б.       

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сабақтың ұраны:             «Білекті бірді жығады,

                                    Білімді мыңды жығады.» Сыныптың сабаққа қатысы. 






Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.




 1. Үй тапсырмасын тексеру.

 2.Жаңа сабақ:  

Сөздің мағынасын зерттеу.

Сыныпты екі топқа бөліп, әр топқа  зерттеу тақырыптарын ұсыну.

1-топқа.  Сөздің тура мағынасы

2-топқа. Сөздің ауыспалы мағынасы

Әр топ зерттелген тақырыптары бойынша постер құрып, қорғайды.


II. Операциялық-орындаушылық кезең.


1.) «Ой қозғайық!»  Мына мақал-мәтелдерден ауыспалы мағыналы сөздерді табыңдар. 

• Анамның тілі – аяулы үні.

• Ата – асқар тау,

 Ана – бауырындағы бұлақ,

 Бала – жағасындағы құрақ.

• Тіл – көңілдің кілті.

• Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.


2). Кезекті жаңылтпаштарға берейік. Жаңылтпаш ішінен тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді табайық.

1. Ағаны бала ағаламағаны,             2. Жасыл көктем,

Бала ағаны бағаламағаны.                Жасыл жіппен

Ағаны бала бағаламағаны,               Жақсы тіккен.

Әдепті бала бола алмағаны.             Жібек көрпе жамылдырды.

                                                            Жасыл өңге малындырды.


3) «Тапқыр болсаң, тауып көр». (Қайсысы қай мағынада?)

1. Тәтті  ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.

2. Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.

3. Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.

4. Өткір ой, өткір мінез, өткір пышақ. 

5. Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.


«Интервью»   (Сұрақтарға жауап)

1. Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына ма?                           ИӘ            немесе            ЖОҚ

2. Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын  екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдануды тура мағына ма?

ЖОҚ         немесе          ИӘ

3. «Терең білім» тура мағынада ма?            ИӘ       немесе       ЖОҚ

4. «Ыстық су» ауыспалы мағынада ма?     ИӘ       немесе       ЖОҚ



III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің, не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: Лексикалық талдау жасау


Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 09.10.

Сабақ №6

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:



Сабақтың тақырыбы :

Тілдік метафора.

Мақсаты:

Оқушылардың тілдік метафораны ажырата білу қабілетін, дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, «Метафора» тақырыбында презентация

Әдісі:

Сөздік, практикалық, көрнекілік

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

-Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - тек білімде ғана екенін ұғынған жанға бүгінгі күн талабы - жоғары.




Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.




1)Үй тапсырмасын тексеру.

2) Сабақтың мақсат-міндеттерін хабарлау.

3) Ұжымдық жұмыс.

Метафора жайында материалдар жинақтап келген оқушы презентациялар арқылы сыныпқа түсінік береді.



Метафора  сыртқы және ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, кимылындағы не атқаратын қызметіндегі т.б.) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр.

Метафораға келесі сипаттамалар тән: метафора әлемді тану мен ойлаудың құралы, метафора фундаментальды мәдени құндылықтарды көрсетеді немесе мәдени-ұлттық дүниетанымға негізделеді.

Б. Х. Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: «біріншісі-белгілі бір шешеннің сөз саптауынан пайда болған индивидуалдық метафора, екіншісі-халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар. Бірақ екеуінің ашық ара-жігі жоқ, өйткені, жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтың дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең таралуы мүмкін».

Дәстүрлі метафоралар жақсы таныс нәрселер мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болады.

Мысалы:


Ошақ бұтын күзетіп отырған қарт анасынан басқа қол ұшын берер ешкімі жоқ;

Қыздар – қыран-топан;

Уәдесінде тұрмай, аяқ астынан айнығаны ;



Кірер ауыздағы кіп-кішкентай кабинетте күж қара кісі отыр ;

Әйтеуір торай көздің қарашығына қуақы күлкі ұшқындады ;

Олардың күнделікті қолданылуына байланысты қасиеті солғындап, тұрақты сөз айшығы ретінде жұмсала береді. Дәстүрлі метафоралар сол тілде сөйлейтін халықтың тіршілігі мен тұрмыс күйіне, өмір сүрген ортасына, дүниетанымына тікелей байланысты болады.

Б. Хасанов дәстүрлі метафоралардың фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге, қанатты сөздерге желі болатындығын атап көрсетеді.

«Дәстүрлі метафоралар – меншіктік авторы жоқ халықтық қазына, оны кез келген қаламгер сөзінен табуға болады, олар бірте-бірте бейнелілік қасиеті солғындап, омонимге айналуы мүмкін, тіпті тұрақты сөйлеу штампына айналуы мүмкін»,-дейді ғалым Хасанов.

Ал индивидуалдық метафора – өмірдің кейбір жағдайларынан берілген субьективті баға, өзіндік тұжырым, бұл метафоралардың авторы болады.

Мысалы:

Бар білген-cоңына соңына мына сілбу іздің қимылынан сөлекет бірдеңе сезе ме, қалай?;



Мына іш пыстыратын сылбарлық реніш шақырғандай әлденеге ұқсай ма?;

Мамандығына сәйкес бір жұмысқа табан іліктіргесін той жабдығына әзірлене бермек;

Қарауытып бүйе аяқтанып алған қалың қас үрпі-түрпі;

Ішінен тынып, өз қасіретіне өзі уланып жүр;

Ендігі кезекте, метафора туралы қысқа тұжырымдарды сараптай кетейік:

Метафора - тілді, мәдениетті, ғылым мен өмірді, бүкіл әлемді бір жерге тоғыстырады.

Метафора - танымның әмбебаптығы болып табылады, әлемді метафора арқылы бейнелеуді қазіргі психологтар адамның мәдениетіне сәйкес, адамның шығу тарихымен байланыстырады.

Метафора – барлық тілге тән, тілдің әмбебап құбылыстарының бірі. Метафораның әмбебаптығы кеңістік пен уақытта, тілдің құрылымы мен қызметінен көрінеді.

Метафора - мағынаның ауысуы – сөздер мен сөз орамдарының ұқсастығы, сәйкестігі бойынша қолданылуы.

Метафора мәселесі көбінесе стилистикалық құрал ретінде немесе көркем шығарма тәсілі ретінде қарастырылады.

Ғалымдар метафораны кей кезде әлемді түсінуге көмектесетін фундаментальды сезім дейді, олар метафораны шындықты (реальность) бейнелейтін құралға балайды.


II. Операциялық-орындаушылық кезең.

Метафора, оның түрлері жайында конспект жаздырту.

III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің, не үйрендің?, не білгің келеді?

ІҮ Үй тапсырмасы: Көркем шығармадан метафораларды теріп жазу.

Факультативтік сабақ

Қазақ тілі

Уақыты: 16.10.

Сабақ №7

Мұғалім:

Койшибекова Н.К:



Сабақтың тақырыбы :

Сөздің көп мағыналығы.

Мақсаты:

1.Оқушылардың сөздің көп мағыналығы жайында білімдерін тереңдету және ББД қалыптастыру

Сабақтың жабдығы:

интерактивті тақта, слайд.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл- күйлерін көтереді.




Мағынаны тану

І.Мотивациялық- бағдарлау кезеңі.




  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Сабақтың мақсат- міндеттерін хабарлау.

  3. Сөздің көп мағыналығы жайында оқушылардың білімін тиянақтау, тереңдету.

Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Мысалы:  аспан, бұлт, жер – заттың атауы

                  Жақсы, жылы, биік – заттың сапасы

                  Бару, келу, оқу – қимылдың атауы

Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын  екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолдануды ауыспалы мағына  немесе туынды мағына деп атайды.  

Мысалы: Аяқ – дене мүшесі. Қанат аяғымен доп тепті. (Тура мағына) 

            Аяқ – «соңы» деген мағына бере алады. Ол келгенде жұмыстың аяғы еді. 

            (Ауыспалы немесе туынды мағына)


II. Операциялық-орындаушылық кезең.


1.) «Әрекет»   (Жаңа сабақты бекіту жұмыстары.)

- Балалар, әдебиет сабағынан жақсы білеміз, ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түрлері қандай?

- Ауыз әдебиеті дегеніміз – халқымыздың ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан -  ұрпаққа жеткен халық туындысы. Түрлері: Тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, ертегілер, мақал-мәтелдер, т.б.

- Ендеше, біз бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша жүргіземіз. «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз.  Кім айтып бере алады?

(Қысқаша мазмұны айтылып өтеді.)

-Оқушылар, біздің сыныптағы электрондық поштамызға дәл осындай жаңа хат түсіпті.  Хат мәтіні мынадай: 

-Кәне, оқушылар атай мен әжейге көмек берейік. Ертегідегі бауырсақты түлкі жеп қойса, бүгінгі бауырсаққа көмек беріп, атай мен әжейді қуантайық. Ол үшін бүгін бізге үлкен білім керек болып тұр. Бауырсақ орман жаққа кетіпті. Түрлі аңдарға кездесіпті. Олардың көп тапсырмасы бар екен. Алдымен қасқырға жолықса керек.

Қасқырдың тапсырмасы: Бет, құлақ, кілт, терең, ақ сөздерінің тура және ауыспалы мағынасын тауып, басқа сөздермен байланысқа түсіріп , тіркес құра.   

-Балалар, бауырсақ енді аюға кездесіпті.



Аюдың тапсырмасы: 

1. Мәтіннен ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді, сөз  тіркестерін тауып астын сызыңдар. Өлең авторы туралы не білеміз?

     Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

  Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

     ...Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

    Ол -  ақынның білімсіз бейшарасы.

-Бауырсақ үшін аюдың да тапсырмасын орындадық. Енді қоян не айтар екен?

Қоянның тапсырмасы:

А) Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып, ұйқастырып қойыңдар.

1. Ой маржанын тере білген,

     Әр жазушың, әр ақының.

     Әр сөзіңді емемін мен, 

     Ана сүті –  .................(ана тілім)

2. Тіл – ырысың, өрісің де,

     Тіл – көктегі ғажап күнсің мен үшін де-

     Ғажап күнсің мен үшін де – 

     Бабам тілі - .................(қазақ тілі)

3. Мекендеген портфелімді

     Беттері аппақ - ақ көңілді.

     Қызаратын қатем үшін

     Кірлетпеймін   ............(дәптерімді)

Ә) Мына сөйлемдегі ауыспалы мағынада тұрған сөзді табыңыз.

-Оқушылар, бауырсақ ормандағы ең айлакер , қу түлкіге кез болыпты.Осы түлкінің қолына түсірмей,  аман-есен атай мен әжейдің қолына тапсырайық. 



Түлкінің тапсырмасы: 

А)  Интертақтада үш сурет берілген. Сол суреттерді қатыстырып тілге байланысты сөз тіркесін немесе сөйлем құра.

1. Қазақ тілі – жүрек үні.

2. Қазақ тілі – жұлдыздай мәңгі жарқыра!

3. Қазақ тілі – алтын күнсің шуақ шашқан биіктен!

Қорытынды. –Ал, жақсы, балалар, бәріміз аңдар тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқарып алдық. Әрине, оған біз білімімізбен қол жеткіздік. Ендеше, «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген осы болса керек. Біз бүгін қуаныштымыз, атай мен әжейге үлкен көмек жасадық.  


III.Рефлексиялық- бағалау кезеңі. Кері байланыс орнату.Не ұнады? Не білдің, не үйрендің?, не білгің келеді?


ІҮ Үй тапсырмасы: Көп мағыналы сөздермен сөз тіркес жазу


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет