Сабақ №1 тақырып патологиялық физиология пәНІ, мақсаты және міндеттері. Жалпы нозология. Сабақтың мақсаты



бет62/62
Дата19.12.2021
өлшемі1,87 Mb.
#103635
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
ПОӘК-стом-2011-2012

МАШЫҚТЫҚ жұмыстар

1 тапсырма. Сапалық өзгерістері бар лейкоциттердің слайдын көру



Әдісі Слайдта сапалық өзгерістері бар лейкоциттерді анықтау. Патогенезін түсіндіру.


2 тапсырма.

Әртүрлі лейкоцитоздар мен лейкоцитопениялар кезіндегі лейкоциттік өрнекті талдап, қорытынды жасау (№1 кесте)

Қорытынды жасағанда мыналарды көрсету керек:

  1. Лейкоцитоз, лейкоцитопениялардың түрлерін.

  2. Гранулоциттердің ядролық солға жылжуын анықтау.

  3. Лейкоциттер түрлерінің шынайы және салыстырмалы өзгерістерін.

  4. Осындай бұзылыстар кездесетін ауруды атау.

  5. Лейкоциттік өрнек өзгеруінің патогенезін.

№1 - кесте Лейкоциттік өрнек



1 л қандағы лейкоциттер саны

(шынайы мәні)



Базо

фил


Эозинофил

нейтрофилдер

Лимфоцит

Моноцит

Миелоцит

Метамиелоцит

Таяқшаядро-лылар

Сегментоядролы

4-9 х 109

0-0,08

х

109



0,1-0,35

х

109



-

-

0,18-0,4

х

109



3-5,5

х

109



1,8-2,5

х

109



0,2-0,6

х

109






0-1%

1-5%

-

-

3-5%

51-67%

21-35%

4-8%

Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер

№1. 15х109

-

1%

-

2%

15%

65%

13%

4%

№2. 11х109

-

13%

-

-

2%

59%

21%

5%

№3. 7х109

5%

2%

-

-

5%

60%

22%

6%

№4. 10х109

-

2%

-

-

3%

45%

46%

4%

№5. 9х109

-

2%

-

-

2%

51%

24%

20%

№6. 1х109

-

-

-

-

-

30%

61%

9%

№7. 16х109

-

1%

3%

5%

16%

65%

3%

7%

№8. 12х109

-

-

-

-

6%

60%

25%

9%

№9. 3,4х109

-

1%

-

-

2%

45%

44%

8%

№10.24х109

6%

7%

7%

11%

14%

43%

16%

1%




3 тапсырма.

Әртүрлі лейкозды науқастардың гемограммаларын талдау.







Гемограмманы талдағанда мына алгоритмдерді қолдану керек:

  1. Лейкоциттердің жалпы санына қөңіл аудару керек. Осы белгісіне қарай лейкозды анықтау.

  2. Бласты және жетілген жасушалар арақатынасын анықтау, лейкоциттердің барлық даму сатыларындағы элементтерінің болу-болмауына назар аудару.

  3. Қызыл қан түйіршіктері мен тромбоциттердің өзгерісін сараптау.

  4. Гемограмма бойынша жалпы қорытынды жасау.

Гемограммалар:



  1. Гемоглобин-76 г/л

Эритроциттер-2,8х1012

Ретикулоциттер-0,3%

Лейкоциттер-12,8х109

Миелобласттар-97%

Промиелоциттер-0,5%

Сегментядролы нейтрофилдер -2,5%




  1. Гемоглобин-58 г/л

Эритроциттер-3,1х1012

Лейкоциттер-81х109

Миелобластар-4%

Промиелоциттер-12%

Миелоциттер-14,5%

Метамиелоциттер-10%

Таяқша ядролылар-8%

Сегментядролылар-37,5%

Эозинофилдер-5%

Базофилдер-9%

Лимфоциттер-0%

Моноциттер-0%






  1. Гемоглобин-82г/л

Эритроциттер-3,1х1012

Ретикулоциттер-0%

Тромбоциттер-10,6х109

Лейкоциттер-1,5х109

Лимфобласттар-78%

Лимфоциттер-14%

Моноциттер-8%


  1. Гемоглобин-64 г/л

Эритроциттер-2,05х1012

Лейкоциттер-84х109

Миелобласттар-95,5%

(лимфобласттар?)

Эозинофилдер-0%

Базофилдер-0%

Пероксидазаға реакция оң (миелобласттар)





  1. Гемоглобин-18 г/л

Эритроциттер-0,78х1012

Лейкоциттер-288х109

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -1%

Сегмент ядролылар -2%

Эозинофилдер-1%

Базофилдер-0%

Лимфоциттер-95%

Моноциттер-1%

Боткина-Клейна-Гумпрехт денешіктері көп мөлшерде


  1. Гемоглобин-99 г/л

Эритроциттер-3,8х1012

Лейкоциттер-2,8х109

Миелобласттар-31%

Промиелоциттер-1%

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -4%

Сегмент ядролылар -10%

Эозинофилдер-22%

Базофилдер-0%

Лимфоциттер-30%

Моноциттер-2%






  1. Гемоглобин-120 г/л

Эритроциттер-4,25 х1012

Лейкоциттер-2,7 х109

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -1,5%

Сегмент ядролылар -8,5%

Эозинофилдер-0,5%

Базофилдер-0%

Лимфоциттер-7%

Моноциттер-4,5%

Бластты жасушалар-78%

Цитохимиялық реакциялар теріс (ажыратылмаған бластық жасушалар)



  1. Гемоглобин-40 г/л

Эритроциттер-0,99 х1012

Тромбоциттер-12,2 х109

Лейкоциттер-9,3 х109

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -2%

Сегмент ядролылар -10%

Эозинофилдер-0%

Базофилдер-0%

Лимфобласттар-62%

Лимфоциттер-20%

Моноциттер-6%





4 тапсырма.




Қан жағындысынан миело- және лимфобласты лейкозды зерттеу.

Әдісі: Иммерсиялық ұлғайту аркылы қан жағындысынан қарап, лейкоциттердің жалпы санын анықтау. Жас және жетіліп келе жатқан лейкоциттер түрлерін анықтау. Лейкоздың қай түрі екенін қорытындылау
5 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.
1 есеп. Науқас Р., 56 жаста невмония диагнозымен жолданды. Ауру тарихында жиі суық тиіп ауырғаны, соңғы жылы екі қайтара пневмониямен ауырып, амбулаториялық емделді. Қарап тексергенде мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, эластикалы, жұмсақ, сипағанда ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры аздап ұлғайған. Қан талданымы:

Гемоглобин – 120 г/л; Эритроцит – 4,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 150 х109/л; Лейкоцит -55 х109/л: Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Пролимфоцит – 5%; Лимфоцит – 76%, Моноцит – 2%,

ЭТЖ -25мм/сағ

Қан жағындысында көп мөлшерде Боткин-Гумпрехт денешіктері


  1. қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз


2 есеп. Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.

Қан талданымы:

Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%; Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109/л. Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56%; Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%

Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакциясы оң (гликоген бөлшектелген)


  1. қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. клиническалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз


3 есеп. Науқас Г., 25 жаста, ауруханаға дене қызымының көтерілуіне, жұтынғанда ауыру сезіміне, ауыз қуысының жарылғанына шағымданып түсті. Соңғы кездері басы ауырғандықтан амидопиринді жиі қабылдаған. Қан талданымы: Гемоглобин – 110 г/л, эритроцит 3,7 х 10 9/л, ретикулоцит 0,2 %, тромбоцит 180 х 10 9/л, лейкоцит – 1.2 х 10 9/л. Лейкоциттік өрнек: базофил – 0%, нейтрофилдер: метамиелоцит – 0%, таяқшаядролы – 0%, сегменто-ядролы - 17%, лимфоцит 68%, моноцит – 15%, ЭТЖ 35 мм/сағ

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 367-377

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 387-401.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010, с. 63-96

  4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 373-397.

  5. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 110 – 125

  6. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с. 57-65

Қосымша:

  1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 123-145; 335-349.

  2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

БАҚЫЛАУ

Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б.280-293.
15 САБАҚ

33 тақырып. «ГЕМОСТАЗДЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ» .



Сабақтың мақсаты:

  • Гемостаз бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін меңгеру

  • Теориялық білімін ситуациялық есептер шығарғанда қолдана білу

  • Тақырып сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізу дағдысын қалыптастыру


Оқытудың міндеттері:

  • Гемостаз бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін зерттеу

    • тақырып бойынша ситуациялық есептерді шығаруды үйрену

    • коагулограмма көрсеткіштері бойынша гемостаз жағдайы өзгерістерін ажыратуды үйрену

  • гемостаз бұзылыстары кезіндегі ауыз қуысы тіндері өзгерістерінің патогенезі бойынша білімін қалыптастыру


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гемостаз анықтамасы, компоненттері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылыстарының жіктелуі

  2. Геморрагиялық синдромның даму жолдары

  3. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері

  4. Тромбоцитопениялар, пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштықтың патогенезі

  5. Тромбоцитопатиялар, анықтамасы, себептері, патогенезі

  6. Коагуляциялық гемостаз бұзылыстары. Коагулопатиялар, түрлері, себептері, қан ұю бұзылыстарының механизмі

  7. Тромбоздық синдром, даму механизмі, тамырлардағы тромбоздардың салдарлары

  8. Тромбогеморрагиялық синдром (ТШҚҰ-синдромы) анықтамасы, ТШҚҰ-мен жүретін аурулар. Тромбогеморрагиялық синдром сатылары, патогенезі

  9. Сілекей құрамында өзгерістер. Коагуляциясын және фибригенетикалық болғанда және стоматологиялық ауруларда гемостаздың бұзылыстары

  10. Геморагиялық диатез кезінде ауыз қуысындағы өзгерістердің патогенезі


Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері: Оқытушының қатысуымен және бақылауымен ауызша талдау және пікірсайыс жүргізу, патогенездің сызбанұсқасын құрастыру, есептер шығару, тест жүргізу.
Бақылау әдістері:

Ауызша сұрау, тапсырмалардың орындалу қорытындыларын тексеру, тест жүргізу


МАШЫҚТЫҚ жұмыстар

1 тапсырма Ситуациялық есептерді шешу


1 есеп. Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлаған соң арқасында ауқымды қанқұйылу болған, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалған. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар.

  1. Науқасқа диагноз қою үшін қандай зертханалық тексерістер жүргізілуі қажет?

  2. Қан ұю уақыты және әсерлі үлестік тромбопластиндік уақыт, тромбиндік және протромбиндіке уақыт қалай өзгереді?

  3. Зерттеу нәтижелерін оқытушыда сұраңыз.

  4. Диагноз қойыңыз.

  5. Науқаста гемостаз бұзылыстарын патогенездік қалпына келтірудің мүмкіндік әдістерін көрсетіңіз

2 есеп. Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады.

Зертханалық тексерулер:

Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.

Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған.

Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5%

Науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз.


3 есеп. Науқас Н., 36 жаста, ауруханаға аяқ-қолдарының көптеген сынықтарымен (2 қабаттан құлаған) әкелінді. Ауырусыздандыру үшін морфин және тромбозды болдрмау үшін гепарин енгізілді. 5 күннен соң науқаста тромбоциттер санының 170х109/л-ден 50х109/л-ге дейін азайғандығы анықталды.

    1. Науқастағы тромбоцитопенияның мүмкіндік себебі қандай?

    2. Осы жағдайдағы тромбоцитопенияның патогенезі қандай?

    3. Науқаста тромбоцитопенияның мүмкіндік салдары қандай?

4 есеп. Науқас З., 3 жаста, денесінде себепсіз аяқ астынан қанқұйылулар (ұсақ нүктелі, көгеру, қанталау), пайда болған. Ауруханаға түспестен бір күн бұрын гематурия және мұрынынан қатты қан ағулар болды. Ауруханаға түсер кезінде балада бірден анемия (гемоглобин 40 г/л) дамыды. Терісінде көптеген ұсақ нүктелі қанқұйылулар мен көгерулер, белі мен жамбасында үлкен, ауыратын қанталаулар көрінеді. Туыстары қанағыштықпен ауырмайды; балада бұдан бұрын геморрагиялық құбылыстар болған жоқ.

Қанда тромбоциттер мөлшері және олардың адгезиялық-агрегациялық қызметтері өзгермеген, тамырлық сынаулар оң, қан кету уақыты аздап ұзарған, тромбиндік уақыт қалыпты, протромбиндік уақыт бірден ұзарған (протромбиндік индекс 7%, үлестік тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған)

Коррекциялық тест бойынша протромбиндік уақыт пен әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт жаңа және ескі қан плазмасын (V және VIII жайттарсыз) енгізгеннен кейін қалпына келеді. Механикалық сарғыштану, бауырдың ауыр зақымдануы және дисбактериоз анықталған жоқ.



  1. геморрагиялық синдромның мүмкіндік себебі қандай?

  2. Алынған мәліметтер негізінде диагноз қойыңыз

  3. Гемостаздың бұзылуын қалпына келтіру емін ұсыныңыз

5 есеп. Науқас А., хирургиялық клиникаға автокатастрофа болған жерден кеудесінің, ішінің, аяқтарының көптеген зақымдануларымен және көп мөлшерде қан кетумен әкелінді. Қарап тексергенде: есі сақталған, бірақ науқас жағдай туралы және уақыт туралы ешқандай есіне түсіре алмады; тері жабыны бозарған, тахикардия, тамыр соғысы «жіптәрізді», АҚ 165/15 мм с.б. Науқасқа қан кетіп тұрған тамырларды тігу мақсатында операция жасалынып, 1200 мл донор қаны (сақталу мерзімі 2 күннен 17 күнге дейін) және 2000мл қан ауыстырғыш құйылды. Реанимациялық бөлімшеде: науқастың жағдайы ауыр, тахикардиясы сақталған, артериалық гипотензия, ентік, тәуліктік диурез қалыптыдан айқын төмен; зақымданған тіндердің ұсақ тантамырларынан қан кете бастады. Зертханалық тексерудің мәліметтері бойынша қан ұйуының төмендегені, гипопротромбинемия, гипофибриногенемия және тромбоцитопения анықталды. Екінші тәулікте бүйректің жіті жеткіліксіздігі дамыды. Науқастың өлімі бүйрек пен жүрек – қантамыр жүйесінің үдемелі жеткіліксіздігінен дамыды. Өлікті ашып қарағанда ішкі ағзалардың ұсақ тамырларындағы көптеген тромбоздар анықталды.



  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды: а) жарақаттан кейін, б) реанимация бөлімшесінде?

  2. Науқаста реанимация бөлімшесінде дамыған дерттік үрдістің патогенезі қандай?

  3. Науқастағы: а) бүйрек жеткіліксіздігінің б) жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің даму тетіктері қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 377-418

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – Б. 401-419.

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2010., С. 111-147

  4. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2009.-С. 332-335

  5. Патофизиология: Учебник п/ред А.И. Воложина, Г.В. Порядина.- Т.3. –М.: «Академия», 2006.-С. 126 – 157

  6. Есембаева С.С., Касенов Б.Ж. и соавт. Механизмы развития патологии в полости рта. Алматы, 2010., с. 69-78

Қосымша

  1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 247 -253.

  2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

БАҚЫЛАУ


Тест тапсырмаларын орындау - Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазақ тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б.293-306
35-тақырып. №6 аралық бақылау
Тақырыптар: «Лейкоцитоздар және лейкоцитопениялар», «Лейкоздар», «Анемиялар», «Гемостаз бұзылыстары».
Мақсаты:

        1. Студенттердің білімін аудиториялық және аудиториядан тыс өткен тақырыптар бойынша бағалау

        2. Ситуациялық есептер шығару дағдысын бағалау


Бақылау міндеттері:

  1. өткен материалдар бойынша білімді нығайту

  2. есептер шығару дағдысын бекіту

Жүргізу жоспары:



      1. Тесттік бақылау

      2. Ситуациялық есептер шығару

Тесттік бақылау. Тест тапсырмаларын «Бақылау – өлшегіш құралдары» бөлімінен №№ 497-587 тесттерді және ситуациялық есептер №№ 65-73 қараңыз.


беттің беті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет