Сабақ 11 Модуль Ұнды кондитер өнімдерін өндіру технологиясы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата14.04.2022
өлшемі276,61 Kb.
#139399
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
практика 11
1.2-ресурс.3-тапсырма, Келісеми1, олимпиада, гербст сынамасы, Sillabus 2015
Майлы салмамен механикаландырылған желіде вафли өндіру.
Қоймалжың эмульсия алу үшін эмульсаторға ұннан басқа барлық рецептік құрамалар 
салынады және рецептік мөлшердегі судың бір бөлігі құйылып қоспа араластырылады (17 
сурет). Әрі қарай қоймалжың эмульсия сорғышпен гомогенизаторға беріледі, мұнда қалған су 
мөлшерін қосып, езілген эмульсия алынғанша араластырылады. 
Вафли қамырын дірілдеткіш илеу машинасында да дайындайды, мұнда оған бір мезгілде 
сорғышпен эмульсия және шнекті дірілдеткішпен мөлшерлеп ұн беріледі. Вафли қамыры да 
сорғышпен вафли пісіру пешіне беріледі. Дайын вафли парақшалары тасымалдағышта бір-
бірлеп салқындатылады. 
Вафли салмалары келесі жағдайларда да дайындалады. Қайталама қалдықтар алдын ала 
кесектеліп, ұсақталады да қажетті деңгейге дейін жеткізіліп үш білікті диірменнен өткізіледі. 
Ұнтақталған масса араластырғышта болмашы май мөлшерімен бірге қосылып 
араластырылады. Құмшекер еленіп белгілі бір үлестік мөлшермен дисмембраторға беріледі де 
қант ұнтағы алынады. 
Дірілдеткіш илеу машинасында қант ұнтағы және қайталама қалдықтар мен майлы қоспа 
біріктіріліп бірқалыпты араластырылады. 
Дайын болған майлы салма сорғышпен жағу машинасына беріледі, мұнда вафли 
парақшаларына салма жағылады. Майдың кристаллдануы үшін вафли текшелері салқындату 
шкафында салқындатылады да әрі қарай кесу машинасына беріліп кесіледі, орамдалады және 
қораптарға буып-түйіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет