Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы



бет4/4
Дата06.11.2016
өлшемі1,76 Mb.
#1114
түріСабақ
1   2   3   4

Глоссарий.
1. Коалиция

2. Теркратия.

3. Унификация.

4. Этатизм

5. Индустрияландыру.

6. Сепаратизм.

7. Демографиялық саясат
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Қ.Мұхаммедқалиев, Е.Зәңгіров “Күрделі заманның қайсар қайраткері” Астана 2002ж. “Аударма” баспасы.

2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы IV том. Алматы 2002ж.

3. М.Құлмұхаммед “Алаш бағдарламасы”, “Ақиқат пен қиянат” Алматы 2000ж.

САБАҚ

38 Сабақтың тақырыбы:Нұртас Оңдасынов.



Жоспары:
1.1938 жыл аралығында әуелі Қазақ ССР Халық Комисарлар Советінің, кейінгі Министірлер Советінің төреғасы қызметі.

2.Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың еңбекке араласуы.



Теориялық мәліметтер:
Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлы 26.10.1904ж Шымкент обылысы, Түркістан аудандында туған. Қазақстанның партия, совет қайраткері 1926 жылы КПСС мүшесі. Еңбек жолын 1927 жылы бастады. 1920-26 жылы Ташкентте №14 қазақ интернатта тәрбиеленді. Түркістан ормен техникумында оқыды. 1926-30ж Қызыл Орда ркругтік шаруашылығы орманшысының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінде статист, Жамбылдағы талыс зеттеу партиясының кіші технигі, Шымкент округтік су шаруашылығы бөлімнің технигі 1931-38 жылы Ташкент Иригация инистутында кабинет меңгерушісі, су шаруашылығы техникумның оқытушысы, жұмысы факультативінің меңгерушісі завхоз директорларының даярлайтын курс директорыныңорынбасары, қазақ орман шаруашылығы тресі директорының орынбасыры, директоры.

Қазақ Жер басқармасының бастығы 1936 ж шығыс қазақстан обылысы обкомның председателі. 1938-51 ж Қазақ ССР министрлар Советінің председателі Жоғары партия мектебін бітірді. 1954-55 ж Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының председателі, 154-58 ж ССР Жоғарғы Советі Президумы председателінің орынбасыры болды. 1955-62 ж Гурьев обылысы партия обкомыныың председателі, Гурьев обылысы партия комитетінің бірінші секретары болды. Одақтың дәрежедегі пенсионер 1938-51, 1954-55 жылы Қазасқтан орталық комитетінің бюро мүшесі болды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің және 1-5 сайлауында Жоғарғы Советінің депутаты 1946-50 жылы ССР Жоғарғы Советінің Ұлттар Советі председателінің орынбасыры болды. 3-рет Ленин орденімен, 2-рет Еңбек Қызыл ТУ орденімен және иедальдармен наградталған 1989-жылы қараша айының 1-жұлдызында Мәскеуде Н.Оңдасынов қайтыс болды.

Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы 1904 жылы 26 қазанда Түркістан ауданыдағы “Үшқайық” ауылында кдей шаруасында дүниеге келген. Туған анасы – Жұмагүл 3-4 жасында дүние салыпты. Ол еінші –анасы Дәрәгүлдің қолында тәрбиеленген. Дәрігүл өте жықсы кісі болған, сондықтан Нұртас туған ана мен өгей ананың айырмашылығын білмей өстім дейді.

Нұртас Оңдасыновтың өзінің айтуынша бір күні анам бір таба нан пісіріп, оның үстіне содық күміс ақша салып, оларды орап, мені қолымнан жетектеп ауыл молдасына алып барды. “мынау біздің кенжеміз. Біз қартайдық. Үйде хат танитын ешкі жоқ. Баланың сүйегі біздікі, еті сіздікі, оған құран оқытуды үйретіңіз”, - деп өтініш білдірді. Бұл жағдай осы уақытқа дейін менің өмірімдегі бірінші күрделі оқиға ретінде оқиға ретінде жадымда сақталып келеді. Екі жылда хат танып, қисса сияқты тітаптарды оқуды үйрендім. Сол кезде алған білімім пенсияға шыққаннан кейін қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінің түсіндірме сөздіктерін жазуға нақтылы көмегін тигізді.

Бірінші жаһангерлік соңысы жүріп жатты. Қалың бұхараның ауыр ха л-жай күн сайын нашарлана түсті. Оның үстіне 1916 жылдың 25 маусымдағы патша жарлығына сәйкес бұратана халықтардың жұмысқа жарайтын азаматтары майдандағы қара жұмысқа алынды. Байлардың, төрелердің балалары үйлерінде қалды. Барлық қиындық жүк салмғы кедейлердің мойнына түсті. Біз де кеденегін киген Көбелек деген ағамызды қиыр жолға шығарып салып, жылап – сықтап қала бердік.

1917 жылы бір тамшы жауын болмай, қатты құрғақшылық болды. Жылына екі рет таситын Сырдарияның суы сағасынан шықпай қалды. Қанша елді және оның милиондаған бас малын асырап келгенегістіктерді, мойса шабындықтары , байтақ жайылымдары шөлге айналды, қыс аса қатты болды. Осылар сияқты жағымсыз құбылыстардың салдарынан тұрақты суармалы

жері жоқ қазақтар адам аитқысыз жұтқаұшырады, қара шыбындаи қырылды.Біздің әкеміз де бірнеше балаларынемерелермен сол жұттың құрбаны болды.Бұл сұмдық қара жыл “Ақтабан шұбырындаи “ қазақ халқының есінде ,,Жылан” жылы,-деп аталып қалды.Жаппай ашаршылықтан тірі қалғандары жан-жаққа басып кетті.Бізде Ташкент тарапына қараи көшіп кетті.Бір мезгіл ,,Келес” деген жерде аштарға жәрдем пункт інде тамақтанып,әліміз келгенше мақта теріп, қыста баилардың қорасын таза лап, бос уақытта Күнде болып жатқан тоилардан қосымша нәр Альп , өлімнен аман қалдық.

Өзінің сәулесін мол шошып көктемде де кеді,жылындық. Жүн заводна қара жұмысшы болып орналастым.

Ташкентте жетім балаларға арналған мектептер ашылыпты деген ұзын құлақ хабары Бізе де жетті. Мен 1920 жылдың тамыз айында солардың бірі-14-ші интернатқа барып,оқуға түстім.

Кейін білдік бұл интернаттар Ғани Мұратбаев бастаған сол кездегі зиялы жастардың күші мен ұиымдастырылған екен. Бізе интернатқа орыс тілінен тұңғыш сабақты Ғани ағаи берді. Ол қасиетті Леннинің аты жөнін дұрыс жазуды үиретті.

Мен 1921 жылы сәуір айында интернат жанында Ғани Мұратбаев ұйымдастырған комсомол ұясына мүшелікке қабылдандым. Комунистік партия қатарында 1926 жылдан бері істеимін.Міне ,содан бері аттай 60 жыл өтті. 1927 жылы Ташкенттегі Қазақ орман шаруашылығы техникумы томамдап, 1930 жылға деиін орман және су шаруашылықтары салаларында өз мамандығы бойынша қызмет атқардым.

1930-1934 жылдар арасында Ташкенттегі орта азиялық су инженетлік институтында оқыдым, одан практикалық қызметке ауыстырылдым. 1934-1938 жылдары Қазақстанда қайтадан орман шаруашылығында басшы қызметте болдым.

1938 жыцлдың ақпан айында совет жұмысына алынып, Шығыс Қаазақчстан обылстың Советтер атқару коминитетін басқаруға Смейдеге бардым. Онда Қазақстан КП обылыстың комитетінің бюра мүшесі, Қазақ ССР жоғарғы советінің депутаты, Қазақстан КП ІІ сьезіне делогот болып сайландым.

Сол жылғы шілде айында Қазақстан КП ОК Бюра мүшелігіне өтіп, Қазақ ССР жоғарғы Советінің бірінші сесиясында Қазақ ССР Үкіметінің Төрағасы болып тағайындалдым Бұл қызметті 1951 жылдың қазан айна дейін атқардым.

1951-1953 жылдары КПСС ОК жанындағы жоғарғы портия мектебінде оқыдым.

1954 жылдың наурыз айында Қазақ ССР жоғарғы Советі Президумының Төралығына сайландым.Қалық бұқарағы жақынырақ жерге сұранып, бұл қызметтен босандым.

Кейінгі 7 жылым Гурьевте өтті. Онда 2 жыл обылыстың Советтер атқару

комитетінің төрағалық, 5 жыл Қазақстан КП гурьев обылыстың комитетінің бірінші хатшы қызметін атқарып содан, аман - есен партия және халық алдында есебімді беріп, 1926 жылы пенсияға шықтым.

Пенсияға шыққанна бері ғылыми әдеби жұмыспен шұғылданудамын. III тондық “Арабша-қазақша”, III тондық “Порсыша – қазақша түсіндірме сөздіктерінің” қолжазбалары аяқталынды, 30 шамалы әдеби-ғылыми модалалар газет-журнал беттерінде жарық көрді.

Әлі де еңбек үстіндемін. Осымен қатар, елдің қоғамдық өміріне қадари көп қатынасып отырамын. Қазір КПСС ОК жанындағы морасизм-ленинизм институтты жанындағы қарт комунистер тарихи -әдеби бірлестігінің бюро мүшесімін және оның Қазақ лекциясының бастық міндеттерін атқарамын.

Өмірімнің соңғы жылдары Нұртас Оңдасынов туған халқының тілі мен мәдениетіне Қатысты маңызды жұмыстармен айналасындағы көрген-түйгенін қағазға түсіріп, естелік жазуды молшық етпеген кісі.

1938 жылдан 1946 жылға дейін Қазақ ССР халық комисалар Кеңесінің торағасы, одан кейінгі жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесімен республика жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы секілді жоғары лауазымды қызметтерде, одан кейінде Нұртас Оңдасынов Дәндібайұлы туралы еңбек, болмаса арнайы естелік жазылмапты. Бұрынырақта партия ардагерлері немесе бірге қызмет істеген көне көз қарттар , үзеңгілестілері республика тарихына қатысты белгілі бір кезеңдер жайында қолам турте қалса, Н.Оңдасыновты еске ала кететін. Ал ел үшін үлкен сын болған жылдары республика басында отырған көзі қарақты жігері құрыштай , халқын беріле сүйген оның айтары да , жазары да мол еді.

Нұртас Оңдасынов құрметті демалысқа шыққаннан кейін Мәскеуде тұрды. Өмірбақи елмен аралысып жұмыс істеп қалған Нұрекең демалысқа шыққаннан кейін де еліне, халқына пайдасы тиетін істермен шұғылданды. СОКП орталық Комитетіне қарасты Морксизм-ленинизм инистуты жанындағы қорт болыиевиктердің тарихи әдеби бірлестігіне жетекшілік қызмет атқара жүріп, ғылым акодемиясының тісі батпайтын құнды еңбек жазды. Осылайша бұрынғы кеңес, партия қайраткері отандық ғылым сапасының ғылыми атағы бар адамдар санымен өлшенбейтін ісімен дәлелдеп кетті. Нұрекеңнің бастамасымен біркездірі қазақстанның жауапты буындарында қызмет істегенен, кейін Мәскеуге қоныс аударған ақсақалдар өз өмір жолдарынан естліктер жазады. Мақсаттары-телеграфтық стильмен қысқа қайырылған республика тарихын жанды мысалдармен толықтыру, сөйтіп кейінгі ұрпақты соқтықпалы-соқпалы жолдарынан хабардар ету болатын.

Нұртас Оңдасынов өзі бас болып, өсінде сайрап тұрғандарын қағазға түсіреді. Бірақ республика баспаларының ешқайсысы “еріккен шалдардың” қолжазбаларын қабылдамайды. Басып шығаруға құлық болмасы, сылтаудан көп нәрсе жоқ қой тегінде. “Үстіне қайта қарау керек” деп, қолжазбалар Алматыдан Мәскеуге қайтарылды. Баспаның редакторлық құтырқылырынан хабары шамалы ақсақалдар Қазақстан үкіметінің сондағы тұрақты өеілдігіне келіп, баспамен ресми тілде, үкімет келісуін сұрайды. Бірақ өкілділік торапынан айтылған уәж де аяқсыз қалады.



Тест тапсырмалары:
1. Тұңғыш қазақ –арап түсіндірме сөздігін жасаушы

А) Н.Оңдасынов

Б) Д.Қонаев

В) М.Дулатов

Г) А.Байтурсынов
2. Н.Оңдасынов 1989 жылы қай қалада қайтыс болды

А) Мәскеу

Б) Алматы

В) Ташкент

Г) Берлин
3. 13 жасында еңбекке араласқан қоғам қайраткері

А) ) Н.Оңдасынов

В А.Байтұрсынов

С М.Дулртов

Г) Ә.Бөкейханов
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Түркістан перзенді. Ердесбек әшенов.

2. Нұртас Оңдасынов. “Егеменді Қазақстан” газеті. 21 маусым, 1991 жыл.

3. Ширек ғасыр ұмытылмаған сұрақ, “Қазақ әдебиеті” 1988 жыл 13 май


САБАҚ

39 Сабақтың тақырыбы: Жұмабек Тәшенов.



Жоспары:
1.Мемлекет және қоғам қайраткері.

2.Жұмыстан қудалануына себеп салдар.


Теориялық мәліметтер:
ТӘШЕНОВ Жұмабек Ахметұлы (1915 – 1986) Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Александровка селосында туған. Мемлекет, қоғам қайраткері. Экономика ғылымының кандитаты. Ақмола құрылыс техникумын, КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1933 жылы бастаған. 1934 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында әр түрлі қызмет, оның ішінде мынадай басшы жұмыстар атқарады: облыстық партия комитеті хатшысының орынбасары (1944-1947), облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1947-1948), облыстық атқару комитетінің төрағасы (1948-1952). Кейін – Ақтөбе облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы (1952-1955), Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы (1955-1960), Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы (1960), Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары (1961-1975).

1956 – 1961 жылдары КОКП ОК мүшелегіне кандидат және төртінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, төртінші, бесінші сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1949 – 1961 жылдары Қазақстан КП ОК мүшесі 1955 – 1961 жылдары оның президиум мүшесі болды. 1975 жылдан одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордерімен наградталған.

Жұмабек Тәшенов міндетін дұрыс атқара алмай жүр, жұмысында кемшілік көп, демек оны қызметінен шұғыл қуу керек деп Кремль иесінің өзі Димекеңе осылай бұйрық берген. Сонда мансап сатысын біртіндеп аттап, басқару жүйесінде мол тәжірибе жинақтаған Жүмекең айналасы бір жыл ішінде үкімет жұмысын шын мәнінде құлдыратьш жіберген бе, қалай? Әлде мұның астарында біз білмейтін басқа сыр бар ма? Әрине, кемшілік бар дегенге ешкім таласа қоймас. Кең байтақ республика түгіл, аудан басқарған адамға оның құзырындағы мәселенің бәрі ылғи тап тұйнақтай шешіліп жатыр деп кім кесіп айта алады? Мақсатты түрде қазбаласаң кез келген бастықтан каншама олқылықты табуға болады десеңізші!

Біздіңше, себеп-салдар теренде жатқан секілді. Енді соған назар аударғанымыз жөн. Қалай болған күнде де шындықтан ауытқымағанымыз абзал. Мысалы, Жүмекеңмен сонау 30-жылдардан бері араласып, жуырда өмірден өткен Астана қаласының байырғы тұрғыны Төре Болатов деген елге қадірлі ақсакал тың игеруге Тәшенов қарсы болды деп ел арасыңда көп тараған осынау пікірге қатысты ойын былай білдірген болатын: "Жүмекең өз әңгімесінде "Мен еш уакытта тын көтеруге, Қазакстанның байлығын игеруге карсы болып кергенім жок, тек қазақ елінің дербестігі жөнінде орталықпен қатты айқасқа түстім (астын сызған — А. К.), — деген еді" ("Арқа ажары", 18.11.1997).

Кеңестік заманда компартия қабылдаған стратегиялық саясатпен келіспеу, оны орындаудан жалтару мүмкін еместігін қазақ басшылары жақсы түсінді. Сондықтан болар, тың игеру науқанына Қонаев та, Тәшенов те ашық түрде қарсылық көрсеткен жоқ. Ол мүмкін емес те еді. Өйткені Москваға жергілікті пікірдің қажеті жоқ, бағыт-бағдарды өздері анықтайды, өздері шешеді. Дей тұрсақ та, мәселе басқа қырынан койылған кезде, яғни қазақ жерін бөлшектеуге ниет білдіріліп, ел тұтастығына қауіп төнгенде Жүмекең өзінің қайсарлығын, бірбеткейлігін байқатты, ұлттық мүддені қорғап, империя саясатына ресми түрде қарсылық білдірді. Ақиқаты осы.

Әрине, Жұмабек Тәшенов басшылармен немесе қол астындағы бағынышты адамдармен орынды-орынсыз жағаласып, не болса соған киліге беретін ұрдажық кісі болмаған. Ұзақ жылдар басшы қызметте істеп, көп тәжірибе жинақтап әбден ысылған Жүмекең шаруашылык, жағдайын жақсы білетін, сондықтан мәселенің қисық, дұрыс қойылғандығына көзі жетсе ғана күреске шығатын. Мысалы, жергілікті жағдайды білмейтін Қазақстан Компартиясы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы Н. Беляев Атбасарда республикалық жиналыс өткізіп, онда егін жинауда тікелей комбайнмен орудан бас тартып, бөліп жинау әдісіне көшуді талап еткен. Сол кезде жауын-шашын ұзақ болып тұрғандықтан мұндай жол таңдай тиімсіз еді. Алайда, хатшы нұсқауы дұрыс емес деп ішкім айтпаған соң ОК-тің екінші хатшысы Кәрібжанов пеп үкімет басшысы Тәшенов бұл жиьнға шақырылмаса да Беляевтің талабына үзілді-кесілді қарсы шығып, ол әдісті ауа райын, техникамен жабдықталу жағдайын және жұмысшы қолын есепке алмай енгізу егіннен айырылуға әкеліп соғатынын дәлелдейді. Дегенмен, бұл орынды пікірді ескерусіз қалдырған Беляев өзінің айтқанын орындады. Соның салдарынан сол жылы, бір ғана Қостанай облысынвда егіннің 50 пайызы ысырапқа ұшыраған.

Атадан қалған асыл мұра — кең байтақ жерімізді коммунистік империяның бөлшектеуіне наразылық білдірген, отаршыл саясаттың құйтырқы, жымысқы іс-әрекетін мойындамаған Жұмекең Саяси бюро номенклатурасында қалуы мүмкін емес болатын. Кремль үшін ол қауіпті жау — ұлтшыл болып есептелді. Әрине, 37-жыл болғанда, сөз жоқ, атылып кетер еді, бірақ 50-60-жылдары қоғам тынысы өзгерген уақыт кой. Оның есесіне Кремль Жүмекенді ғайбаттайтын өсек-аяң жинап, түймедейді түйедей ғып оны қаралауға көшті де ол жұмысын дұрыс атқара алмайды" деп қызметінен төмендетті. Біздіңше, Тәшеновтың Шымкентке қуылуының негізгі себебі осы.

Ел арасында Хрущев орнынан түскен соң Жүмекеңнің қызмет бабымен қайта көтерілуіне Д. Қонаев неге қол үшін бермеді деген әңгіме бар. Л. Брежневтің кезінде Димекең ондай әрекет жасады ма, жоқ па білмейміз, бірак, ол қолдан келмейтін шаруа екенін жүрегіміз сезеді.Өйткені Жүмекеңнің қылмысы" оның қызметін қалай атқарғандығында емес, орталықтың саяси сенімсіздік көрсеткендігінде болып отыр. Мұндай қара тізімге іліккен адамдарды КОКП ОК-нің партиялық ұйымдастыру бөлімі ешқашан да маңайына жолатпайды, мұны Жұмекеңнің өзі де білген.

Мысалы, Тәшеновпен Шымкентте аралас-құралас болып, бірге аңға шығып жүрген жергілікті жазушы Еркінбек Тұрысов осы сұрақты көзі тірісінде Жұмекеңе койғанда ол: "Е-е, қарағым, Димекеңе өкпе жок. Ол кісі ойдың адамы. "Человек габкой политики". Мені қорғаса, өзі де менің жолымды кұшатын еді" деуі біздің ойымызды қостай түспеді емес пе?

Жұмекеңнін ұйымдастырушылық қабілеті, іскерлік қасиеті, өз ұлтының шын жанашыры, жоғын жоқтаушы болғаны, тайсалмай тура сөйлейтіндігі, айтқан сөзін орындайтындығы туралы ел ішінде әңгіме көп. Енді осыған орай көпшілікке белгілі кейбір зиялы қауым өкілдерінің көрген-білгендеріне бір сәт көңіл бөлейік.

Бірде Хамит Ерғалиев пен Сырбай Мәуленов Қап тауындағы минералды су курортының біріне демалысқа барғанда "Узбекистон" деген санаторийдің төңірегінде ала тақиялы диқанның қанша бірі жалаңаш кұнге тотығып отырғанын көріп: "Мәскеуде де осылардың дүкендері мен ресторандары "мен мұндалайды" да тұрады, бізде соның бірі жоқ", — деп бір-біріне налиды. Сөйтіп, екі ақын осы мәселені үкімет санаторийінде жатқан Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Жұмабек Тәшеновке барып айтады. Жүмекең: "бізде де: болар", — деп оларды шығарьш салады. Кейін шынында да Ессентукиде біздің республиканың "Қазақстан" деген өз санаторийі ашылғаны белгілі. Бұл шипажай қазір де жұмыс істейді.


Пайдаланатын әдебиеттер:
1.«Жұлдыз» №9 1994 15 – бет

2.«Егемен Қазақстан» 19.11.99 ж

3.«Қазақ әдебиеті» 09.08.91 ж

4.«Түркістан» 14 – 21- ші қазан 1997 ж

5.«Егемен Қазақстан» 10.01.2003 ж

6.«Арқа ажары» 28.12.95 ж

7.«Жақсыдан шарапат» А. : «Қайнар» 1996 ж 104 бет

САБАҚ

40,41 Сабақтың тақырыбы: Төлеген Тәжібаевтің халық ағарту тарихына арналған мұрасы.



Жоспары:

1.Өскен және білім алған ортасы.

2.Халық ағарту комиссариятының халық комиссары.

3. Қазақстандағы ағартушылық тарихын зерттеудегі рөлі.

4. Т.Тәжібаев-отарнлық дәуірдегі білім беру жүйесінің тарихын зерттеушісі.
Теориялық мәліметтер:
Тарихты халық жасағанымен, тарихи даму заңдылықтарына сәйкес ауқымды мақсаттарды заманның біртуар азаматтары, нақтылы тұлғалар асыратыны белгілі. Кез-келген дәуірдің ерекшелігі, мәні де жеке тұлғалар арқылы анықталады. Еліміздің тарихында өзіндік терең із қалдырған Төлеген Тәжібаевтың (1910 - 1964) өмір жолын, атқарған мемлекеттік, қоғамдықсаяси және ғылыми қызметін зерттеу де оның өмір сүрген дәуірінің қырсырын терең түсінуге өз септігін тигізері сөзсіз. Бұл ретте оның кезінде Сыртқы істер министрі және дипломат ретінде атқарған қызметі зерттеушілер назарын өзіне аудартпай қоймайды.

Төлеген Тәжібаевтың есімі еліміздегі Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланысты. Бұдан 60 жылдан астам бұрын бұл ведомствоны құрушылардың алдыңғы қатарында Т.Тәжібаев тұрған еді.

Кеңестер Одағындағы республикаларда шет елдермен қарым қатынас мәселесімен ай-налысатын арнайы мекеменің ашылуы Ұлы Отан соғысы жылдарында, дәлірек айтқанда, 1944 жылы ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Одақтас республикаларды сыртқы байланыс өкілеттілігімен қамтамасыз ету, осыған орай республикаларда Сыртқы істер халық комиссариаттарын ұйымдастыру туралы» деп аталатын заң қабылдауымен жүзеге асты'. Одақтас республикаларда сыртқы істер мәселесімен айналысатын мекеменің ашылу себебін орталық билік республикалардың «экономикалық, мәдени және саяси жағынан өсіп жетілуінің нәтижесі)) деп түсіндірдр. Мұндай ведомствоның ашылуы одақтас республикалардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы сураныстардың ерекшеліктеріне де байланысты еді. Оған Кеңестер Одағындағы республикалардың шет мемлекеттермен орнатылган байланыс-та өзіндік мүдделерінің жүзеге асуларын қалайтын. Мәселен, Орта Азия республикалары өзбектер, тәжіктер және түркімендер диаспорэсы бар Иран, Ауғанстан мемлекеттерімен өздерінің байланыста болғанын қалады. Басқа республикаларға қатысты мұндай мысалдар тізбегін келтіре беруге болады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында одақтас республикаларда Сыртқы істер Халық комиссариатының ашылуын республикалардың экономикалық және саяси жетістіктерімен байланыстыруы шындыққа жанаса қоймайтын. Соғыстың соңғы жылдарында республикаларда «карточкалық жүйе салтанат құрып түрған шакта жетістік жайлы айтудың өзі тым артықшылық еді. Кеңес екіметі республикаларда Сыртқы істер Халық комиссариатын ашу арқылы әлем жүртшылығы алдында бедел жинауды да көздемей қалмаганды. 1944 жылы Қызыл Армияның соғыс майданындағы жеңістері әлемнің назарыч Кеңестер Одағына аударды. Осындай жағдайда орталық билік әрбір одақтас республикасының сыртқы саясаттағы дербестігін жақтап, кеңестік жүйенің «әділеттілігін^ танытуға тырысты. Осы айтылғандарга орай одақтас республикалардағы сыртқы істер ведомствосының ашылуы белгілі дәрежеде Кеңестер Одағының әлем жұртшылығы алдындагы беделін арттырып қалу жолындағы орталық биліктің айла-әрекеттерінің бірі ретінде де қабылдауға болады.

Одақтас республикаларда Сыртқы істер Халық комиссариатының ашылуына КСРО Сыртқы сауда халық комиссариатының республикалардың сұраныстарын қанагаттандыра алмауымен де байланысты еді. КСРО-дағы әрбір республика шет мемлекеттерден әркелкі тауарлар алуды және шетелдерге әркелкі тауарлар шығаруды кездеді. Соған орай Сыртқы сауда халық комиссариатының міндеті енді одақтық республикалардағы Сыртқы істер халық комиссариатына жүктелетін болды. Ендігі жерде шет мемлекеттермен экономикалық, сауда келісім шарттарын жүргізу, оның іске асуын қадағалау, сыртқы сауда мәселесіне байланысты үкіметке ұсыныстар түсіру республикалардағы Сыртқы істер халық комиссариатыныңқұзырына өтті, сондай-ақ бұл ведомствоның басшылығы жанында сыртқы сауда мәселесімен айналысатын жеке бөлім ашылатын болды.

1946 жылы көктемде Қазақ КСР-ның шет мемлекеттермен тауар алмасу мүмкіншілігін арттыру мақсатында Министрлер Кеңесі жанында экспорт-импорт мәселесімен айналыса-тын арнайы кеңес құрылды. Бұл кеңеске үкімет төрағасының орынбасары төрағалық ететін болды. Оның мәжілістеріне бірінші кезекте Сыртқы істер министрлігінің өкілдері тартыла-тын. Экспорт және импорт мәселесімен шұғылданатын кеңеске республиканың экспорттық мүмкіншіліктерін айқындау; Қытайдың Синьцзян өңірімен және Моңғол Халық Республика-сымен сауда байланыстарын арттыру мақсатында шекаралық аймақтарда жәрмеңкелер ұйымдастыру; шет елдермен мәдени байланыстар орнатып, республикалық мәдениет пен өнерді кеңінен насихаттаудың жол/;арын қарастыру тапсырылған-ды

Қазақстан мен Моңғолия арасында бұрыннан қалыптасқан экономикалық және мәдени байланыстар нышаны әлі де сақталып келе жатқандығын негіздеген аныідамалар және оны дамытудың қажеттігі жайлы ұсыныстар республикалық министрлік тарапынан одақтық Сыртқы істер министрлігіне түсірілді. Мұндай ұсынысты ескерген орталық билік Қазақстанның Моңғол Халық Республикасымен дипломатиялық, консульдық байланыстар орнатуға рұқсат берді. Осылайша Т.Тәжібаев жетекшілік еткен ведомство Моңғолиямеи байланыс орнатуға қол жеткізіп, алғаш рет Қазақстанның халықаралық аренаға көтерілуінің алғашқы қадамына негіз қалады. Сол түста Қазақстан одақтық республикалар арасында шет елде өзінің консулдығын ашуға алғаш қол жеткізген республика болды

Т.Тәжібаев республикалық Сыртқы істер министрлігінің аяғынан нық тұрып, қарқынды жұмыс істеуі жолында өзінің күш-жігерін алған білімімен ұштастыра білді. Оның мұндай қабі-леті министрлікті білікті мамандармен қамтамасыз ету кезінде және шетелдік әріптестерімен байланыс орнатқан шақтарында айқын сезілді. Ол жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулердің қазақ жерінде еткізудің үйытқысы болды. Оның атсалысуымен 1944 жылы 17 маусымда алғаш рет қазақ жеріне АҚШ вице-президенті Генри Уоллес бастаған делегация қабылданды. Бұл делегация құрамында АҚШ-тың КСРО-дағы елшісі Гарриман және АҚШ генералы Споллингд бар еді.

Шетелдік делегацияны өз бетінше қабылдауда тәжірибесі жоқ Қазақстан үшін бұл өзіндік сабақболды.

Халықаралық деңгейдегі кездесулерді қазақжерінде ұйымдастыру және шетелдікделега-цияларды еліміздің тыныс-тіршілігімен таныстыру сол кезеңде республикалық Сыртқы істер министрлігі қызметінің бір қыры ғана болатын. Сонымен қатар республикалық министрлік КСРО Сыртқы істер министрлігінің халықаралық мәселелерге қатысты устанған позицияла-рына қатысты ұсыныстар да енгізуге атсалысты. Бул әсіресе соғыстан кейінгі Германияға қатысты КСРО-ның ұстанған саясаты мәселесі төңірегінде айқын аңғарылды. Т.Тәжібаев жетекшілік еткен республикалық министрлік КСРО-ның соғыстан кейінгі Германияның тұтастығын сақтап қалу жолындағы әрекетінің дұрыстығын негіздеуде белсенділік танытабілді. Соған орай Т.Тәжібаев 1947 жылы АҚШ, ¥лыбритания, Франция және КСРО Сыртқы істер министрлері кеңесінің Германияға қатысты өткізетін мәжілісіне қатыстырылды. Бул мәжілісте оған КСРО Сыртқы Істер министрінің кеңесшісі қызметі жүктелді.

1947 жылы 10 наурыздан 24 сәуірге дейінгі аралықта Мәскеуде өткен төрт держава Сыртқы істер Министрлері Кеңесінің мәжілісінде КСРО батыс елдерін Германияны екі-ге бөлуге деген ниеттерінен бас тартуға, сөйтіп біртұтас жалпыгермандық үкімет құруға шақырды. Сондай-ақ тез арада жалпыгермандық әкімшілік департаменттерін құру, уақытша мерзімге демократиялық конституция әзірлеу, соған сәйкес еркін сайлаулар өткізу қажеттігін ұсынды. Мұнан соңжалпыгермандық үкімет құру керектігін кеңестік Сыртқы істер министрлігі жақтап, өзінің позициясын батыс державаларының қолдауын қалайтындықтарын танытты.

Т.Тәжібаевтың қатысуымен өткен бұл мәжілісте кеңестік сыртқы істер ведомство-сы ұсынысында Германияның болашақ мемлекеттік құрылысы мәселесі жан-жақты қарастырылған еді. Онда Германияның бейбітшілікті жақтайтын, екі палатадан тұратын жал-пы германдық парламенті және халықтың конституциялық құқығын қорғауға қабілетті үкіметі бар республика болып қалыптасуына қатысты нақты ұсыныстар да бар болатын.

Т.Тәжібаев Қазақ КСР Сыртқы істер министрі болып тұрған кезде республикамыздың шығыстағы көршісі Қытай Халық республикасының КСРО-мен достық қарым-қатынаста бо-луына ерекше мән берді. Сондықтан да Қытай Халық Республикасының Апматыдағы кон-сулы Ин-Кен Хумен даулы мәселелерді байсалды түрде, ауызбіршілік таба отырып шешу-ге тырысып бақты. Сол кезде сондай даулы мәселелердің қатарына республикамыздағы және көршілес республика Қырғызстандағы дүнгендер мен үйғырларға қатысты болатын. XIX ғасырдың екінші жартысында Жетісу өңіріне қоныс тепкен дүнгендер мен ұйғырларды¥лы Отан соғысынан кейінгі кезеңце Қытай Халық Республикасы өз азаматтары есебінде санауға тырысып, тіпті оларды өз «қамқорлығына» алуға деген пиғылын таныта бастады. Алматыдағы Қытай консулдығы тіпті дүнгендер мен ұйғырлардың кейбір өкілдеріне Қытай төлқұжаттарын таратуды қолға ала бастады. КСРО азаматтығын қабылдаған ұйғырлар мен дүнгендердің Қытай төлқұжатын алуы заңға қайшы келетін. Алайда, бұған Қытай тарапы еш мән бермеді

Т.Тәжібаевтың Қытай қазақтарының Қазақстанмен тығыз байланыста болуын қалаған ойының шамалы болса да жүзеге аса бастауына белгілі дәрежеде КСРО мен Қытай Халық Республикасының арасында 1950 жылы 14 ақпанда жасалған достық және өзара көмек көрсету туралы келісім-шарт ықпал етті. Осы келісім шарттың негізінде КСРО Қытайға 300 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие берді. Бүл қаржыны Қытай негізінен КСРО-дан электростанциялар салуға, металлургиялық және машина жасау зауыттарына қажетті бөлшектер мен құрал-саймандар алуға жұмсайтын болды. Сонымен қатар КСРО Мань-журияда қалған бұрынғы Жапонияның өндіріс орындары мен басқа да мүліктерін Қытайға біржола беруге келісті. Мұның бәрі сол тұста қиын-қыстау кезеңді бастан кешіп жатқан Қытай Халық Республикасына елеулі көмек болатын. КСРО-ның Қытайға көмек көрсетуінің астарында Қытайдың социалистік құрылыс жолына түсуі жатыр еді. КСРО-ның көмегін Қытай басшылығы жоғары бағалап; «Кеңес Одағы біздің елдегі социалистік құрылысқа зор көмек көрсетті. Қытай халқы мұндай жолдастық көмекті ешқашан да ұмытпайды», - деп мәлімдеді.


Тест тапсырмалары:
1. 1975 жылдан Одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер,Ленин орденімен ,Еңбек Қызыл Ту «Құрмет белгісі» ордендерімен награтталған қоғам қайраткері

А) Ж.Тәженов

Б) А.Байтұрсынов

В) М.Дулатов

Г) М.Шоқай
2. Ашаршылық қасіреті, отбасы апатқа ұшыраған қоғам қайраткері

А) Т.Тәжібаев

Б) М.Шоқай

В) А.Байтурсынов

Г) Д.Қонаев
3. Т.Тәжібаев Үндістандағы елшіліктегі қызметі нешінші жылы аяқталды.

А) 1961


Б) 1960

В) 1959


Г) 1958
4. 1964 жылы 14 шілдеде 54 жасында қайтыс болған қоғам қайраткері

А) Т.Тәжібаев

Б) М.Шоқай

В) А.Байтурсынов

Г) Д.Қонаев
5. Т. Тәжібаевтің өмір сүрген жылдары

А. 1910--1964

Б. 1911-1961

В. 1885-1935

Г. 1873-1937
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Абенов Е.М, Арынов Е.М., Тасмағанбетов И.Н. Қазақстан: Эволюция, государства и обшества. – Алматы: ИРК, 1996. С. 117.

2. История внешней политики СССР. 1917-1985. (1945-1985гг). М. :Наука, 1986. С. 72-74.

3. Советский Союз в организаций объединенных нации. Т.1.М,. 1965.С.202.

4. Тажибаев Т. Нерушимая дружба народов Советского Союза и Китая// Комунист. 1955.№2. С.

5. Мендикулова Г.М. Исторические судьбы казахской диаспоры. Происхождение и развитие. Алматы: Ғылым. 1997.С. 132-151.

6. Алдабек Н. Тарихы талқыға толы Шыңжаң. – Алматы.: Қазақ университеті, 2003. 392 б.

7. Исиналиев М.И. Записки дипломата. Алматы.: Атамұра. 1998. С. 6.

8. Ыдырысов Е. Өмірі өнегелі дипломат. (Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер халық комиссары, академик Т.Тәжібаевтың туғанына 90 жыл) // Егемен Қазақстан. 2000. 23 ақпан.



САБАҚ

42,43 Сабақтың тақырыбы:Дінмұхаммед Қонаев.


Жоспары:
1.Советтер Одағы Ком партиясы Орт. Компартияның саяси бюросына мүше болған тұңғыш қазақ.

2.Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымның докторы, КСРО, шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.

3. Жетістігі .

4. Кемшілігі.




Теориялық мәліметтер:

Қазақтың бір туар текті ұлы көреген көшбесшы болған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев өзінің «Ақиқаттан аттауға болмайды» деген кітабында «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген халық даналығын келтіре отырып өзінің арғы – тегі Ұлы жүз Бәйдібек бабадан тарайтынын жазып кеткен еді.

VІ-VІІ ғасыоларда өмір сүрген Бәйдібек баба – мәуелі алып бәйтерек тәрізді одан тараған ұрпақ саны бұл күндері 3 миллионға жуықтап отыр . Ал Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Бәйдібек бабаның қырық сегізінші ұрпағы.

Ел аузында Димаш атанып кеткен халқымыздың қасиетті ұлдарының бірі, бүкіл әлемге қазақтың қасиетін танытқан ұзақ жылдар бойы Қазақстан мемлекетін басқарып оның эканомикасы мен мәдениетін өркендеуге қыруар еңбек сіңірген үлкен ғалым көрнекті мдениетші және қоғам қайраткері ХХ – ғасыр адамы деп танылған Дінмұхамед Ахметұылы Қонаев елінің ардақты да асылпрезиденті еді.

Табиғатынан ерекше қабілетпен тамаша дарын, терең ой иесі болған Димекеңнің асқан еңбекқорлығы , терең зейін биік парасатшы ел аузында ардақталып аңызға айналды.

Бүкіл саналы ғұмырын туған халқының басшылығына арнаған Димаш Ахметұлы республика басшылығына 1952 жылы келді. Содан бергі 40 жыл уақыт ішінде Қазақстан халқы екі жарым миллионнан он жеті миллионға дейін өсті. Осы жылдар ішінде Республикада 43 жаңа қала бой көтерді. Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы қаласы да Димекеңнің тікелей қамқорлығының арқасында ғылым мен өнеркәсіп, өнер мен мәденей орталығына айналды . Жаңадан 2500 колхоз – совхоздар ұйымдастырылды. «Мал өсірсең қой өсір , пайдасы оның көл көсір» дейтін қазақтың негізгі табыс көзі болған қой саны 39 миллионға жетті .

Соколов – Сарыбай , Лисаковск, Екібастұз, Алматы, Шымкент, Жамбыл облыстарында ірі өндіріс орындары, алып зауыттар мен фабрикалар іске қосылды. Бір сөзбен айтқанда осы 40 жылда сегіз жаңа Қазақстан дүниеге келді.

Академик Келдыштың сөзімен айтсақ, Димеккең «саясат әлемінің озық ойлы қайраткері, тарихи тұлға , ойшыл ғалым» еді. Қазақ даласын түлетуге, түрлендіруге, оның халқын мәдени және әлеуметтік тұрғыдан нығайтуға Д. А. Қонаевтың қосқан үлесі ұшан теңіз.Бұл жетістіктердің барлығы Димекеңнің есімімен тікелей байланысты. Ол қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылып, өнегелі істері ұрпақтан-ұрпақа жалғасса керек.

Д. А. Қонаев басшылық еткен жылдарда Қазақстан Республикасының абырой – даңқы асқақтап, халықарлық беделі арта түсті. Ол 15 жылдан аса Кеңес Одағы Комунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшесі болды. Осы кезеңдерде 17 шет мемлекеттерге саяси партия – үкіметі делегацияларын бастап апарып , аса маңызды халқаралық саяси мәселелерді шешуге ат салысты.

Д. А. Қонаев өзінің елне, жеріне ұлтына деген шынайы қамқорлығының арқасында бүкіл республика жұртшылығының сүйіспеншілігіне бөленді. Ата- бабамыздан мұра болып қалған жердің – елдің тұтастығын , халқының бірлігін сақтауға Д. А. Қонаев әрдайым бар күш жігерін сарқа жұмсап, табандылықпен күресті.

Кезінде солақай саясаттың кесірінен Өзбекстанға беріліп кеткен облысымыздың ең шырайлы да, шұрайлы, «ақ алтынның» тарихы саналатын мақталы өңірі – Мақтаарал, Жетісай, Киров аудандары қайтарып алынды. Қазақстанның ең байтақ жерін бөлшектеп, ыдырату жолымен қазақтың ар рухы мен ұлттық намысын жаныштап, отар ел ету мақсатында ойластырылып құрылған
тың аймақтары мен Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан өлкелері таратылды.

Д. А. Қонаев кадр саясатын асқан дәйектілікпен жүргізіп отырды.

Басшы кадрларды даярлауда қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен қалыптасқан дәстүрлерін қатаң сақтап келді.

Ғылым мен техника , өнер мен мәденей салаларында қазақтын интеллигенциясы саны жағынан да барынша өсіп жетілді.

Сол тұстары Дінмұхаммед Ахметұлы мен үзеңгі теңестіре еңбек еткен немесе онымен әлдеқалай қызмет бабымен дидарласып, лебізін естіген әріптестері мен қарапайым еңбек адамдарының кездейсоқ дастархандас болып , сәттік қана кездейсоқ кездесуден ғұмырына азық болар мал жер алған замандас , жас кәріге айтып тауыса алмас естелік әңгімелері Димаш ағадай асыл азаматтың асқақ бейнесін биіктете түсетіндей.

Ол кісіні зерттеген сайын тағы бір тың қырынан көрініп түпсіз терең тұңғиығына тарта түсетіндей, таныған үстіне тани түссем дейсің .Талған сайын оның әрбір қадір –қасиетіне тамсанып , халқын шексіз сүйген жүрегінің жалыны мен өлмес рухын аятқан құдіретке еріксіз тағзым етесің.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» деген кітабында «біз бірде 1980 жылы оның ұшағымен республикалық күйгейінен теріскейіне бардық». Кенет мені өзінің қасына шақырып алып . «Біздің республикамыз қандай үлкен , шікін өз алдымызға дербес мемлекет болсақ қой , деп сыбырлап саусағымен аузын басқан еді. Димекең бұл дербестікті бұрын да айтатын» деп жазады . Димекеңнің бұл арманы қазір іске асып , мемлекетіміз кемелдене көркейіп төрткүл әлемге танылып отыр. Өкінішке орай , Димекең өзі аңсаған күнді көре алмай дүниеден өтті.

Д. А. Қонаев басшылық еткен жылдары бірінші хатшының шапағат мейірі мен қамқорлығын көп көрген облыстың бірі – Оңтүстік жұртшылығы да Димекеңнің аруағы алдындағы қарызы мен парызының өтеуі ретінде оның есімін мәңгілік етпек мақсатында кейінгі өскен жас ұрпаққа қызмет ететін танымдық – тағылымдық саяси - әлеуметтік мәні бар көптеген іс шараларын жүзеге асырып келеді.

Шымкент, Көкшетау, Арыс қалаларында Төрткүл ауылында мәрмәр мен гранитпен сомдалған заңғар ескерткіштердің бой көтеруі осының бір айғағы.

Оңтүстік Қазақстан облыс жұртшылығы Д. А. Қонаевтің 90 жылдық мерейтойын аса жоғры дәрежеде атап өтті. Бұл жөнінде арнайы комиссия қүрылып , дайындық жұмыстары алдын – ала жүргізілді.

Көп жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің І хатшысы болған марқұм А. Асқаров өз естелігінде «Әрбір халықтың өздері сүйетін ардақтылары бар, қазақтар үшін мұндай жан – Д. А. Қонаев» десе мемлекет және қоғам қайраткерлері В. А. Ливенцов Д.Қонаев терең зерделі ойлы , энциклопедиялықбілімі бар , қоғамдық дамуды стератегиялық тұрғыдан болжай білетін ұлы да естен шықпас ерекше дара тұлғалы адам деп бағалайды.

Кітап жарыққа шыққалы бері менің атыма оқырмандар хаттары жиі келе бастады. Онда қоғам қайраткері ғана емес, биік адамгершілігі мен ар өлшемі болған Д. А. Қонаевтай асыл азаматтар туралы өте сирек те аз жазылатынын айта келіп келешекте осындай естелік кітаптар жиірек жарық көрсе деген ой – пікірлерін білдірді.

Осындай мазмұндағы хаттар Қазақстан Республикасы парламент мәжлісінің депутаты Орта Комитеттің бірінші хатшысы С . Әбілдин. Қ. Р. Парламентші сенатының Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс білімінің

меңгерушісі А. Бекбосын профессор С . Темірбеков мырзалардан тағы басқа көптеген ардагерлер мен қарапайым еңбек адамдарынан келіп түсті.

Осыған орай кеменгер данамыздың өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі өнеге болып қалсын деген оймен «Кемеңгер Қонаев» деген атпен екінші естелік кітап оқырмандар қауымына жол тартты. Бұл кітіпқа Д. А. Қонаевтай ұлы тұлғаны халқы үшін еткен еңбегінің тірі куәгер замандастарының көзін көргендер мен сол кезде өмір сүрген көзі ашық көкірегі ояу. Қарапайым еңбек адамдарының ақын жазушылардың, мәдениеті, өнер қайраткерлерінің естеліктері енгізілген. Естеліктерде тәрбие мен адамгершіліктің , парасаттылықтың үлгісін көрсететін келешек үшін аса құнды, саяси-әлеументтік мәні зор мәселелер, ой – толғаулар жан – жақты қамтылды.

Республиканың басшылығында ұзақ жылдар бойы отырған дарынды адам Д. А. Қонаевтың өзі де, бүкіл КОКП сияқты, әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалады. Оған Республиканың егемендігі сөз жүзінде ғана жарияланған жағдайда жұмыс істеуге тура келеді. Анағұрлым маңызды саяси шешімдер, Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Қандай да болмасын жоғары жақпен келіспеушілік немесе қарсылық «партиялық тәртіпті бұзу» немесе «ұлтшылдық» деп бағаланып, іле – шала қатаң жазалады.

Басқасын былай қойғанда әміршіл - әкімшіл жүйе «көсемдерге» табынушылық пен иланушылықты Мәскеуде ғана емес , республикалар мен облыстарда жүргізіліп отырды.

Қазақстанда Д. А. Қонаевқа КОКП Орталық Комитеті саяси Бюросының мүшесі, үш рет Сациолистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты.

Сондай – ақ Д. А. Қонаев жұмыс барысында принципсіздік пен өзімшілдікке де жол беріп отырды. Оның төңірегіндегілері ішінде қызмет бабын дүние қоңыздық мақсатта пайдаланған адамдар аз болмады.

1979 жылғы Ақмоладағы жаппай толқу елеусіз қалып тіпті көпшіліктен жасырылды.

Біз комунистік деп атап жүрген идеялармен тәрбиеленген адамдар үшін , 1985 жылғы тарихи сәуір бетбұрысы оңайға түскен жоқ. Қазақстандағы қайта құру процесі еліміздің басқа аймақтары сияқты көптеген қиындықтар мен кедергілерге соқтықты.

Д. А. Қонаевтің тағдыры екі алаңдағы Клемльде шешілді.

1986 жылғы желтоқсанның 16-сы күні танертеңгілікте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Пленумды КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Розумовский жүргізді.

Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Пленум бар болғаны 18 минутқа созылды.

Республиканы ширек ғасырға жуық босқарған саяси қайраткерлерді ауыстыру сияқты аса маңызды мәселелердің бірі осыншалықты қысқа мерзімде шешілді. Д. А. Қонаевтің орнына Г. П. Разумовскийдің ұсынысы бойынша, мүлдем бейтаныс адам Г.Колбин тағайындалды.

Қорта айтқанда , қазақтың бір туар тарихи тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев туралы бірнеше кітап жазылып , көптенген мәрмәр ескерткіштер қойылды. Жәнеде есімін мәңгі есте қалдыратындай игі істер істелініп жатса нұр үстіне нұр болмақ . Жылжып уақыт өткен сайын , ол халық сағынышына айналып биіктей беретін тұлға десек, артық айтқан болмаспыз.

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ХХ ғасырдың және өз халқының өрнекті , адал перзенті бола білген тұлғалардың бірі.

Мұндай жандар тарихта көп болғанымен , әрқайсысы өзі қайталанбас тұлға. Осы қазіргі кездегі әр бір қазақ ерлері Димаштай елдің ертеңін халықтың болашағын ойлап игі – істер жасайтын болса, нұр үстіне нұр болар еді-ау.


Глоссарий.

1. Сегрегация.

2. Девальвация.

3. Декларация.

4. Демография.

5. Диктатура.

6. Аннексия.

7. Импичмент.



Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Д. А. Кунаев. От Сталина до Горбачова. 1995 Алматы „ Санат” 31 бет

2. Д.А. Қонаев. „ Халықтық Қытайда өткізген 30 күн ” Алматы Дәуір баспасы 1991, 44 бет.

3. Тулепбаев. Б.А. Тулепбаева К.У. Д. А. Кунаев - Выдающийся государственный и политечиский деятель. Алматы „ Наука” 1998, 39 бет

4. Акуев М. Рядом с первым. Алматы „Дәуір”, 2002, 84



САБАҚ

44,45 Сабақтың тақырыбы:НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН


Жоспар:
1.Жетістігі.

2. Кемшілігі.

3. Қазақ мемлекетігін жаңғыртушы.

4. 1993 жылы жарық көрген “Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде” кітабында не баяндалады.




Теориялық мәліметтер:

Назарбаев Нұрсүлтан Әбішұлы (1940) - тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті.

Туып өскен жері - Алматы облысының Қарасай ауданына карасты Шамалған ауылы.

Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне карасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымынын докторы, академик.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау каласындағы Қарағанды металлургия комбинатында катардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінін аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетіндегі өнеркәсіп - көлік бөлімінің менгерушілігіне тағайындалды. Теміртау калалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы (1969-1973), Қазақстан Коммунистік партиясы Теміртау қалалық комитетінің екінші хатшысы (1971-1973), Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы (1973-1977), Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы (1977-1979) болып кызмет атқарды.

Жоғары мемлекеттік және партиялық кызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі - Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталык Комитеті Саяси бюросынын мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдын ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынын ең алғашқы Президенті етіп сайлады.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі кызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтык сайлау одан әрі орнықтыра түсті.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен кызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішүлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақстан Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы.

КСРО Жоғарғы кеңесінің Х-ХІ шақырылымынын депутаты, КСРО халық депутаты (1989-1992), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі X-XII шақырылымының депутаты.

Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлерінің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру - Нұрсүлтан Әбішүлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты касиеті.

Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи манызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласана от бүркіп, апат қаупін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды.

Кенестер Одағынан Қазақстанға “мұра” болып жойқын күш ядролық қару қалған еді. Олардың ішінде 1400 ядролық ок дәрісімен СС-18 деп аталатын 104 ракета, 240 қанатты ядролық ракета кондырылған ТУ-95 40 стратегиялық бомбардировщиктері бар болатын. Әлемдік саясаттың тізгінін ұстағысы келетін кейбір мемлекеттер мен саясаткерлер үшін осыншама ядролық әлеуетке ие болу - күндіз есінен, түнде түсінен шықпайтын арман десе болғандай. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың кауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық каруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстаннын тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсізідігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш колданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды.

1992 жылы БҰҮ-ның биік мінберінен Н.Назарбаевтың Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті даярлауға шақырған ұсынысы айтылды. Жаңа бастама әлемдік ахуалды егжей-тегжейлі зерттелуден туындаған еді. Біріншіден, Азия құрлығында перманенттік жанжалдың ошағына айналған Ауғанстан, Тәжікстан тәрізді мемлекеттер орналасса, екіншіден, ядролық державаға айналған Пакистан мен Индия арасындағы әскери қақтығыстар жиі ұшыраса берді. Үшіншеден, Азиядағы кауіпсіздікті камтамасыз ететін халықаралық пәрменді тетік әлі калыптаспаған еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы Шығыста да, Батыста да қолдау тапты. Сөйтіп, 2002 жылдың алғашқы айларының бірінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті Алматыда өткізу көзделіп отыр.

Президент Н.Назарбаевтын көптен бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы - Еуразиялык одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одак қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашкы нәтижеге де кол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын косқан еуразиялық экономикалық одақ өмір сүріп келеді.

Қазақстан басшысының халықаралық аренада батыл да соны кадамдарға баруы ішкі саясаттағы оң нәтижелерден туындап отыр. Тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде Н.Назарбаевтың тікелей әрі көреген басшылығымен мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік, мәдени құрылыстарды реформалау жүзеге асты. Қазақстанның нарықтық ел екенін әлем мойындап отыр. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтпаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж мен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаң көзденбей, барынша еркін, куанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда.

Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ, олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі -1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған “Қазақстан –2030” даму стратегиясы, екіншісі -елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. 33 жылға бағытталған құжатта Елбасы әлемдік тәжірибені ой елегінен өткізіп, Қазақстанның сан ғасырлық тарихы мен тағдырын ескере отырып, оның геосаяси, территориялық, демографиялык ерекшеліктерін назардан тыс калдырмай, ұзақ мерзімді басымдылықтарды анықтады, таяу болашақта алатын межелерді белгіледі. Ал жаңа Астана еліміздің болашағының символына айналғанына енді ешкім күмәнданбайды. Бас-аяғы 2-3 жыл ішінде Сарыарқаның нақ ортасында Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шаһар пайда болды.

Елордадағы әрбір құрылыс, әрбір жаңа көше, ғимарат азаттықпен өскен өркеннің куәсіндей. Н.Назарбаевтың колға алуымен сәулет өнерінің әлемдік дүлдүлі Куракава Елорданың бас жоспарын жасауға тартылды. Есілдің сол жағалауында жаңа әкімшілік орталық бой көтеріп келеді. Кезінде біреу білсе, біреу білмеген Ақмола - Целиноград атаулары тарих еншісіне айналып, бүгінгі Астанада Елбасымыз Н.Назарбаев Американың, Еуропаның, Азия мен Африканың бірінші басшыларымен салиқалы да емін-жарқын келіссөздер, кездесулер өткізіп, Қазақстанды әлемге танытуда, Қазақстан әлемді тануда.

Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен казақ халқын ел етіп,ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жызылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен кадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

Ұлт мүддесін бәрінен жоғары коятын патриот және ұлт тағдырының жалпы адамзаттық дамумен шендесіп жатқанын терең түсінетін көреген саясаткер ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық алдында сіңірген тарихи еңбегі уақыт еткен сайын парықталып, бағасы арта түсетін болады.


Тест тапсырмалары
1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ туралы идеясы алғаш рет қай жиында айтылды?

А) Мәскеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесуде

Б БҰҰ трибунасынан

В ) Жетекші газеттердің бас редакторлары мен Ресей телекомпанияларының басшыларымен кездесуі

Г) ТМД елдерінің басшыларымен кездесуде
2. Ел Президентінің қазан айындағы Қазақстан халқына арнаған «Азат, тиімді және қауіпсіз қоғамға қарайық» атты жолдауында (2000 ж) үш басым міндет білгіленді. Ол қандай міндеттер?

А) Тиімді экономика, қоғамды ырықтандыру және ұлттық қауіпсіздік

Б) Тиімді экономика, қоғамды ырықтандыру, ұлтаралық келісім

В) Тиімді экономика, қоғамды ырықтандыру, терроризммен күрес


3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттілік мерзімі қашанға дейін ұзартылды?

А) 2007 ж. 1 қаңтар

Б) 2006 ж. 1 қаңтар

В) 2005 ж. 1 қаңтар

Г) 2004 ж. 1 қаңтар
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңға Президент Н.Ә.Назарбаев қашан қол қойды?»

А) 1991 ж. 16 жетоқсанда

Б 1990 ж. 25 қазанда

В 1991 ж. 1 желтоқсанда

Г) 1991 ж. 21 желтоқсанда
5. ҚР Конституциясына сай, Қазақстан Республикасы не болып табылады?

А) Парламенттік республика

Б Президенттік билігі бар федаративтік мемлекет

В) Президенттік билігі бар конферативтік мемлекеь

Г) Президенттік билігі бар унитарлық мемлекет
6. 2002 жылдың маусымында Азиядағы өзара әрекеттесу және сенім шаралары Мәжілісінің алғашқы басқосуы болып өтті. Бұл шараны өткізу жөнінде бастама көтерген кім?

А) Н.Назарбаев

Б) В.Путин

В) Э.Рахмонов

Г) А.Ваджпаи
7. Н.Ә.Назарбаев Алматы облысының қай ауданында туған?

А) Қаскелең

В) Талғар

С) Есік


Д) Райымбек
8. Н.Ә.Назарбаев Теміртауда 1969-1971 жылдары қандай қызмет атқарды?

А) ) Комсомол комитетінің І хатшысы

В Металлургия комбинатының директоры

С Қалалық партия комитетінің ІІ-хатшысы

Д) Қалалық партия комитетінің өндірістік көлік бөлімінің меңгерушісі
9. Н.Ә.Назарбаев «12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні» деп жарияладым деген сөзін қандай еңбегінде жазды?

А) ) «Ғасырлар тоғысында»

Б «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы және даму стратегиясы»

В) «Қалың елім, қазағым»

С) «Тарих толқынында»
10. Президенттің халықына жолдауындағы өзекті сөздерді атаңыз:

А Халықтың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы

Б Әлеуметтік, шындық, патриотизм, кәсіби мемлекет

В) Халықтың әл-ауқатын көтеру

С) Қоғамдық топтасуы
11. Қазақстанның сыртқы саясаттағы мүмкіндіктері қандай?

А) Халықтың білімділігі

Б) Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайы

В) Халықтың білімділігі

С) Ұлан-байтақ территориясы

Д) Табиғи ресурстары


12. Президент республикадағы демографиялық мәселелерді шешуді неден бастауды ұсынды?

А) Ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру

Б) Шетелдегі қазақтарды көшіру

В) Жалғыз басты әйелдерге көмек

Д) Халықтың тұрмысын жақсарту
13. Президенттің пікірі бойынша шет елдермен байланыста неге қатты көңіл бөлу керек?

А )Экологияға

Б) Инвестици

В) Алынған салыққа

Д) Халықтың тұрмыс жағдайына
14. Н.Ә.Назарбаевтың «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлығы қашан шықты?

А) 1991 ж

В) 1990 ж

С) 1988 ж

Д) 1989 ж
15. Президент өз Жолдауында «Ресейдің соңынан біз де демографиялық тұйыққа түсуіміз мүмкін» деп нені айтты.

А Тудың азаюуы ) Әлемдік

Б Демографиялық жағдайдың шиеленісуі

В елдердің саяси жағдайының шиеленісуі

Д) Халық санының табиғи жолымен азаюы
16. Казревкомның міндеттері:

(қате жауапты табыңыз)

А) Қазақ елінің Негізгі Заңын жасау.

В) Қазақтың байырғы жерін біріктіріп, болашақ қазақ кеңес мемлекетінің территорлық тұтастығын қамтамасыз ету

С) Мемлекеттік шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау

Д) Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты.

Нұрсұлтан Назарбаев - қазақ мемлекетінің халық қалаған тұңғыш Президенті жасынан атқа мініп, Қазақстан секілді көпұлтты, қазақ қауымның өз ішінде де күрмеуі көп елді басқаруға белсене қатысқан. 1 басына ақыл, сабыры әбден жеткілікті тәжірибелі, кәнігі саясатшы. Саясаттың талай иірімдеріне түсіп жүрген түңғыш Президентіміз осы уақытқа дейін ұлттық мүддемізге қайшы келетін бір де бір қадам жасаған жоқ. Н. Назарбаевтың саясаттану ретінде алыс жақынды түгел мойындаған даусыз 1 жеңісі - Қазақстан ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылық. Тәуелсіз мемлекеттің Президенті болғалы бері ол әр жылы ғасырға татитын аз уақыт ішінде көшімізді қанаттыға қайтармай, тұмсықтыға шоқтырмай, ор-оқпандарға апарып жыкпай, аман бастап алып келеді. Лайым ұзағынан болғай! Бұдан былай да оның өзі таңдап алған осы сара жолынан бұрылмайтынына сеніміміз кәміл. Өйткені Қазақстан жағдайында бұдан басқа саясат болуы мүмкін емес. Осындай сара жолды іздеп таппай соғыс өртіне тұншығып жатқан жас мемлекеттер сабабғын ұмытпайык. Біздің Президентіміз халықтар достығы жайында көп айтады. Ол дұрыс, өйткені халықтардың өзара бірлігі тату көршілігі бірін-бірі байытуда бірнен-бірі үйренуі туралы ұғым кешегі кеңес идеологиядан қалған сүйкімсіз мұра ғана емес. Бұл ежелден-ақ әр тілде сөйлейтін. Әр дінді ұстанатын нәсілдердің ұрыс жанжалсыз бейбіт өмір сүруінің жалғыз тура жолы. Бұл жалпақ шешей саясат емес, адамшылық ізгі мұраттардың 1. Осыны әншейін үрей сөзге, саясат құралына ғана айналдырмай, іс жүзіне асырып отырған Президенттің қайсарлығы мен қайратына сүйенуіміз керек. Тұтастығымыздың талапайға түспей «Еліміздің бұзылмай отырған бір себебі де осы. Назарбаевтың соңғы Евразиялық одақ туралы бастамасы да түптің түбінде Қазақстанның тәуелсіздігінде, оның экономикасының өсіп өркендеуіне қызмет етеді деп үгіттеуіміз қажет. Жалпы айтсақ президент Назарбаев бастаған басшылықтың сыртқы саясаты барынша өрісті, икемшіл, мүддешіл екені анық. Сол себепті де Қазақстан халықаралық беделі күн санап өсіп келе жатқанын естіп біліп жүрміз. Оның үстіне біздің байқауымызша, шетелдердегі кәдімгі саясаткерлер Қазақстанның бүгінгі әлуетін келешектегі мүмкіндіктерін анық болжайтын болуы керек. Олардың көбінің пікірінше, Казақстан бұрынғы кеңестік орталық Азиядағы Республикалардың біріншісінде болашақта ең бай, ең ауқатты мемлекеттер қатарына қосылмақ. Қазақстан президентін ТМД елдеріндегі ең көрнекті саясы жеткіншілерінің бір екендігіне ешқандай күман жок;. Ол Евразия одағын кұруды әрі Ресеймен интерация жасауды қолдайды. Оны, статистика деректері көрсетіп отырғандай. Назарбаев бір жағынан, Ресей мен және Белоруссиямен бірге кеден одағын кұру жөніндегі келісімге қол қояды. Ал әні жағынан, міне бірнеше жыл болды, Батыс елдерімен, түркі мемлекеттерімен және Қытаймен жан-жақты байланысты дамытып келеді. Н.Назарбаев өзінің ойына алған ісін жүзеге асыру, жүйегерлік пен тәсілгерлік танытады. Оның астананы шенеуніктердін, бөжелерін «қыздырып» отырған Алматыдан салқын самал соғып тұратын солтүстік тыңындағы Ақмолаға - бұрынғы Целиноградқа көшіру жөніндегі шешімнің өзі неге тұрады? Бұл Ресейге жақындай түсу ме әлде Қытайдан қашық тарту ма? Қалай дегенде оның геосаяси бастамалары барынша терең ойластырылған әрі мейлінше дәл. Қандай да болсын идеяға, айталық. Евразия одағы идеясына берілген бойда ол өз сөзін жерге тастамайды, қайта ол идеяны дүниежүзілік саясаттың құбылмалы шындықтарына орай өте-мөте сәтті әрі жұрттың көзін жеткізе бейімдей түсуге кірісіп кетеді.

Оның идеялары уақыттың түпсіз тереңіне «батып кетпейді». Мұның өзі оның идеяларының тереңдігі мен кемелдігін көрсетеді. Нарықтық реформалардың қажеттігіне кәміл сенген ол Қазақстан халқының алдында реформаларды жүзеге асырудың бүкіл жауапкершілігін өз мойнына алды. Өзінің президенттік өкілеттігін 2000 жылдың аяғына дейін ұзарту мен парламенттің тарап кетуі оның қолы да сөз арасында айта кетейік бұған дейінде әбден жеткілікті болып келген өкімет билігін барынша толық шоғырландыра түсті. Ал мұның бәріде оның өз басын өзі таңдаған экономикалық бағыттың кепілді аманатына айналдырды. Реформаларды жүзеге асыруда кейбір бағыттары бойынша айталық. Мемлекеттің өнеркәсіп орындарын шетелдің компаниялардың басқаруына беру, салық жөніндегі заң кабылдау, құқық қорғау жүйесін қайта кұру, қылмысқа қарсы күресті күшейту сияқты батыл шараларға баруда Қазақстан Ресейден әлде кайда ілгері озып кстті. Шешім қабылдау механизмін «тазартып» болып ондай міндетті өзіне «артқан» президент Назарбаев ескі парламенттің тарауы мен жаңа парламенттің сайлауы арлығындағы үзіліс негізінде 70 не жуық «нарықтың» жарлық пен ережені жалпы жұртқа жария етті. Ол заңдардың парламент арқылы өтуі үшін бірнеше жыл қажет болар еді. Ал Қазақстан үкіметінің «Біздің үйіміз-Ресей» блогының туы астында мемлекеттің ел сайлауына қатысу қажет деп бас қатырып, өз берекесін өзі қашырып алған. Ресей өкіметінен ерекшелігі сол ол казір шын мәнінде саясаттан іргесін аулақ, салып өзінің «жұмыс істеуіне ешкім де кедергі келтіре алмайтындай: ТМД елдерінің кез келген үкіметі үшін мүмкін болмай отырған бірден бір қолайлы жағдайда жұмыс жүргізіп келеді».


«Қазақстан-2030»-Қазақстан Республикасы 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын бағдарламасы.

1997жыл еліміздің Президнетінің қазақстан халқына «Қазақстан 2030»бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы Үндеуі жарияланды. Онда республиканың қазіргі жағдайына жан-жақты талдау жасады, «Қазақстанның миссиясы »ашылып көрсетіледі, ұлттық қауіпсіздік ішкі саяси тұрақтылқ және қоғамның бірігуі, жоғары деңгейдегі шетелдік инвестициялары бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өрлеу,Қазақстан азаматтарының денсаулығы білімі және игілігі, энегетикалық ресурстары, инфра құрылым әсіресе транспорт және байланыс, негізгі қызметтеріне дейін шектелген кәсіптік мемлекет құру сияқты «ұзақ мерзімді басым мақсаттары» айтылған.Олар елдің толық көлемді, кешенді және жүйелі дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Олардың ереукшелігі сонда,яғни әрбір басымдылық нақты және ерекшелік міндеттерді шеше отырып басқарылады іске асыруды қамтамассыз етеді.Негізге алынған көз-қарастардың кешенділігімен жүйелілігі осында болып табылады. «Стратегия2030»- бұл күрделі және көп деңгейлі жұмыстың,дүниежүзілік экономикасының теорисының іс-тәжрибесіне терең талдау жасаудың, тақырыптық салалық және индикативтік жоспардардың, математикалық және экономикалық есептердің, көптеген елдер бойынша қаншама сапарлардың және танымал эксперименттердің пікір таластардың нәтижесі.Стратегиялар жасауға халықарлық ұйымдар,бәрінен бұрын БҰҰ үлкен көмек көрсетті.

Қазақстан Республикасының үкметінің әрекеттері Бағдарламасында алға қойған мақсаттар басты міндеттерді іске асыруға бағытталған негізгі шаралардың кешені көрсетілген.

1.Ұлттық қауіпсіздік.Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері мемлекеттің егемендікпен территориялық тұтастығын нығайту.Орталық Азия аймақтағы тұрақтылықты сақталып және алмасымды, көп тармақты сыртқы саяси курсты жүргізу арқылы Қазақстанның айналасындағы ұлттық бейбітшілік белдеуін кеңейте түсуі болып табылды.Үкметтің саясаты ұлттық мүдделерді сақтауға және қорғауға бағытталады.Ұлттық нығайту қауіпсіздігінің геосаяси, экономикалық, әскер және ақпараттық аспектілерін нығайту жөніндегі шаралар қазіргі әлемнің өмір шындығына аса жақын болады.

2.Ішкі саяси тұрақтылықпен қоғамды жұмылдыру.Ішкі саяси тұрақтылықты сақтап тұру кез-келген мемлекеттің стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады, бұл біздің еліміздеде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамассыз етуге бағытталған шаралар кешенін жасап, жүзеге асырудың қажеттілігін талап етеді.

3.Эконмикалық өрлеу.Тұрақты экономикалық өрлеу үшін жағымды макро экономиткалық жағдайларға қол жеткізу үшін Үкметпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі экономиканың ақшалай - несиелік,бюджеттік және салықтық реттеудің әдістерін күшейтпек.Осы жағдайлардан үкметтің енегізгі міндеті аса маңызды макро экономикалық параметрлерінің тепе-теңдігін сақтау – теңдігінің айырбас курсын, инфлиатцияны,мемлекеттік бюджет тапшылығы мен елдің төлемдік тепе-теңдігі тапшылығының деңгейін сақтап қалу болады.

4.Әлеуметтік даму стратегиясы.Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты халықтың тұрмыс деңгейімен төмендеуіне жол бермеу және адрестік әлеуметтік көмекті көтеру болып табылады.Үкмет халыққа адрестік әлеуметтік көмек көрсету механизмдерін одан әрі жетілдіруге бағытталған әлеуметтік саясатты белсендіруді,кедейшілікпен жұмысыздықпен күресуді,еңбекпен қамтамассыз ету жүйесін реформалайды және әңбек заңымен еңбекті қорғаудағы заң бұзушылықтармен күресті күшейтуді,салалапта өмір салтын қалыптастырып және бастапқы медициналық- стратегиялық көмекті күшейтуді,білім жүйесін нығайтуды, миграциялық және демографиялық үрдістерді реттеуді алға қойып отыр.

5.Инфро құрылым, транспорт және байланыс.Экономиканың қоғамның транспорттық және ақпараттық қажеттіліктерін қанғаттандыруды отандық өнімді өзіндік құнның транспорттық құрамдас бөлігін төмендету арқылы жүзег асыру.Жұмыстың аса маңызды бағыииарының бірі елдің транспорттық – коммуникатциялық нарығында өткізушілер операторлары үшін заңдық базаны дамыту және жетілдіруболып табылады.Бұл салада табиғи монополистердің қызмет салаласын тарылтуды және жекеленгкен саясатты жалғастырылады.

6.Энергетикалық ресурстар : Ішкі нарықтың сұраныстарын қамтамасыз ету және экспортқа бағытталған, техналогиялық кешенін қалыптастыру.Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және энергоқорларды әлемдік сұраныс нарықтарына жеткізуге бағытталған елдің отын-энергетикалық кешенін дамыту белсенді қимылдар жүргізіледі. Үкімет түбегеилі түрде экспортталатын газ мұнай құбырларының сүлбісін анықтап, олардың жекеленген бөліктері жобалауға және құруға кіріспекші.

7.Кәсіби үкмет. Мемлекетті басқару жүйесі органдарының жұмысының тиімділігі жетілдіру және арттыру, мемлекеттік басқару жүйесінің стратегиялық және бюджеттік бағдарламалау принціптері негізінде қызмет етуіне көшу.Кәсібилікке , мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігімен сіңірген еңбегіне негізделген жүйені құру мақсатында мемлекеттік қызмет реформасын жалғастыру.

Қазақстан Республикасы Үкметі 1998жылы бастап Қазақстан Республикасының Президентінің ұзақ мерзімді стратегиясын- «Қазақстан 2030.Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі,қауіпсіздігі және жағдайы жақсартуды »жүзеге асыруға кірісті.Осы жұмыстағы бірінші саты үш жылдық стартегиялық жоспарларды жасау және жүзеге асыру болады.Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы бағдарламасы Қазақстанның дамуымен статегиялық жоспарында қарастырылған мақсаттармен басымдылықтарға қол жеткізуге бағытталған.Қазақстан Республикасының үкметі өздері ұсынған Қазақстан Республикасының Президнетінің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру шаралары өтпелі үрдістердің аяқталуына және тұрақты дамуына межесіне шығуға ықпал етеді деп сенеді.
Тест тапсырмалары:
1. ҚР Президентінің «Қазақстан - 2030» еліміздегі макроэкономиканы тұрақтандырудың бір жолы ретінде мембюджет тапшылығын азайту, монетарлық және несиелік саясатты жүзеге асыру ұсынылған еді. Дүниежүзілік, соның ішінде Қазақстандық экономика сүйеніп отырған Чикаго экономика экономика мектебінің дайындалған ілімі – монетаризмнің мәні неде?

А) Бұл экономикалық ілім бойынша, ақша-несие саясатында инфляцияға қарсы күрестің басты құралы ретінде айналыстағы ақшаның санын қатал қадағалау принципі қолданылуы тиіс

Б Бұл мемлекеттің инвестициялық саясатындағы практикалық әркеттерін реттейтін экономикалық ілім

В) Бұл экономикалық ілім бойынша, әділ нарықтық бәсеке негізі – монополияға қарсы күрес

Г) Бұл мемлекеттік металл ақшаларды шығару принциптерін зерттейтін ғылым
2. 2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан қандай үш аймақтық арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы рөлін атқаратын болады?

А) Қытай, Ресей, Мұсылман әлемі

В) Корея, Жапония, Индия

С) Америка, Ресей, Англия

Д) Франция, Германия, Канада
3. Халыққа Жолдауында (2030), Президенттің тұжырымы бойынша 33 жылдан кейін жаңа ұрпақтар қандай жақсы ерекшеліктерді игеру керек?

А) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

Б Әлемге әйгілі елінің патриоттары болады

В) Білімі жоғары мамандар болады

С) Жоғары ақылы жұмыс атқарады
4. Қазақстан Президентінің Халыққа Жолдауы – 2030 қанша бөлімнен тұрады?

А) 8 бөлім

В) 5 бөлім

С) 7 бөлім

Д) 6 бөлім
Реферат тақырыптары:
1. Н.Ә.Назарбаев өмірі мен қызметі шығармашылығы

2. Мемлекеттік билікке келуі

3. Қазақстан 2030 бағдарламасы

4. Қ.Р Президенттік қызметіндегі атқарған қызметі

5. Н.Ә.Назарбаев саясаты.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

-Назарбаев Н.Ә.Әділеттің ақ жолы.Алматы 1991ж.

-Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуын стратегиясын.Алматы 1992ж.

-Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялқ бірлігінде. Алматы199ж.

-Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.Алматы 1996ж.

-Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Алматы199ж.

-Назарбаев Н.Ә. Қалың елім,қазағым.Алматы1998ж.

-Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.Алматы 1999ж.

-Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.Алматы 2003ж.

-Назарбаев Н.Ә. Қазақстан.Демократия.Рухани жаңару.Алматы1999ж.

-Өзбекұлы С.Арыстары Алаштың.Алматы 1998ж.

-Шаймерденүлы Е.Елтану әліппесі.Алматы1998ж.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет