Сабақ: 2 Оқу ісінің меңгерушісі: п. А. Абдыгаликова



Дата26.08.2017
өлшемі111,56 Kb.
#27859
түріСабақ

Күні:

Сынып: 6

Сабақ: 2

Оқу ісінің меңгерушісі: .................... П.А.Абдыгаликова

Мұғалімнің есімі: Байзакова Гульнур Амандыковна

Барлық оқушылар: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Пәні:

Әдебиет

Сабақтың тақырыбы:

А.Мархабаев «Ғарыштағы қымыз»

Осы сабақта қол жеткізілген оқу мақсаттары:

Әбділхамит Марқабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет алады. Фантастика жайлы мағлұмат беріледі. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесін оқып түсінеді.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар:

Жаңа білімді меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шығарманы түсініп оқиды, бір-бірін тыңдайды, тақырыбын анықтайды, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар:

Күнделікті өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсат:

Терминдерді пайдалану арқылы өлеңге талдау жасайды. Мен әдебиеттік ұғымдарды үйрендім деген тұжырым жасайды.

Бағалау критерийлері

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыланады, зерттеу жұмыстарына тақырыпты анықтайды.

Құндылықты дарыту:

Шығарма кейіпкерлерінің әрекеті арқылы  тапқырлықты үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары:

Слайд







Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(6 минут)



Топқа бөліну үшін топ атына сәйкес әріптерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Ғ ,Б,Д.

І топ Ғарышкерлер
ІІ топ Дәрігерлер
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар
Әр топты өз атауларымен таныстырып, неге олай атағаным туралы өздерінен сұрау арқылы ой шақыру. 





Үй жұмысын тексеру.

 «Елі үшін туған ер еді» шығарма жазып келу.



Ортасы

(7 минут)

(11минут)

(6минут)

Білу. Кіріспе сөз. Балалар, біз бүгін жұлдыздар әлеміне саяхат жасаймыз. Сондықтан бүгінгі сабағымызда белсенді жұмыс істесек жұлдызша алып, ол жұлдызшаларларды кім көп жинаса сабақ соңында ең үлкен жарқырағын жұлдызға ие болады.3-мин. 
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе. «Ойлы болсаң озып көр» 
- Фантастика дегеніміз не?
- Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?
- Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?
- Роботтардың қызметі, оларды не үшін ойлап таптық?
- Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?
- Ол планеталарда адамдар тұрады ма? 5-мин.


Түсіну. Планеталар туралы. 3-мин. Қымыз туралы 3-мин.
Суреттер топтамасы арқылы оқушыларды сөйлету. Шығарма мазмұнымен қысқаша таныстыру, әр топқа шығарманы бөліп беру. Үзінді оқыту. 10-мин. 
Сонымен, бұндай шығармаларды әлем әдебиетінде Фантастика деп атайды. 
Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.
- Фантастиканы жазатын адамдарды фантаст жазушы деп атаймыз. 
Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.
- Фантастика жазушыларды білеміз бе?
Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Әбділхамит Марқабаев. 
Ия, солардың бірі Әбділхамит Марқабаев туралы таныстырам.
Арал теңізінің батыс жағалауына жақын орналасқан, аралшаның солтүстік кенересіндегі «Ауан» деп аталатын алақандай елді мекенде қарапайым наубайшы Файзулла шаңырағында 1938 жылы Абдул-Хамид Мархабаев дүниеге келеді. 
Соғыстың орта шенінде наубайшы әкесін, өз қатарластарымен қоса, Арал қаласына әскерге алып кеткені Хамағаның еміс-еміс көз алдыда. Наубайшы боп әкесінің орнына шешесі қалады. Ананың мақсаты – үйдегі балаларының қарнын ашырмау. Хамағаның үлкен ағасы сол кезде оба індеті шыққанда осы ауыл-дан кішігірім кеңсе ашқан болатын. Сол кеңсеге екінші ағасы он үшке толмаған жасында аяқ киімсіз, жалаңаяқ барып келіп жүргені оның есінде.
І топ Ғарышкерлер «Кәріге құрмет – балаға міндет» 
ІІ топ Дәрігерлер «Қымыз туралы сыр шертсем»
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар «Роботтар өндірісі»

ЖИГСО


Постер, маркер.

Аяқталуы

(8 минут)

  1. Жинақтау.

  2. Әр топқа дөңгелек планеталарды тарату, соның ішінде сабаққа байланысты ойларды күннің жан жағына оқып, жабыстыру.




Бағалау (2 мин)

Бағалау парағы

Аты-жөні _____________ сыныбы_______________
1.Білу. тақырып туралы түсінгенің

3 2 1


2.Түсіну. Ереже, жіктеу, сөйлем құрау. 1 2 3

3. Қолдану. Жаттығу жұмысын орындау. 1 2 3

4. Талдау. Қима қағазы 1 2 3

5. Жинақтау. Сұраққа қалау жауап бердің? 3 2 1

6. Бағалау. Ойын жеткізуі 1 2 3

7. Өзіңнің қорытынды бағаң

16-17 балл- 5. 12-14 балл-4. Одан төмен – 3





Үйге: (2 минут)

Шығарманы тұтас оқу, жоспар құру. СӨЗЖҰМБАҚ құрастыру 2 оқушы.

Күнделік

Сабақтың соңы

(3 минут)

Рефлексия

«Бағдаршам» әдісі бойынша

Жасыл түс - бәрі түсінікті Сары түс - маған түсініксіз

Қызыл түс - мүлдем түсінбедім





Рефлексия

Оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал?



...............................................................................................................................

...............................................................................................................................

............................................................................................................................... ............................................................................................................................... ............................................................................................................................... ............................................................................................................................... ...............................................................................................................................


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту мен оқу) ?



  1. ............................................................................................................................................................................

  2. ............................................................................................................................................................................

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқыту мен оқу)

  1. ............................................................................................................................................................................

  2. ............................................................................................................................................................................

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіругекөмектесетін не білдім?

............................................................................................................................................................................



............................................................................................................................................................................

Арал теңізінің батыс жағалауына жақын орналасқан, аралшаның солтүстік кенересіндегі «Ауан» деп аталатын алақандай елді мекенде қарапайым наубайшы Файзулла шаңырағында 1938 жылы Абдул-Хамид Мархабаев дүниеге келеді. 
Соғыстың орта шенінде наубайшы әкесін, өз қатарластарымен қоса, Арал қаласына әскерге алып кеткені Хамағаның еміс-еміс көз алдыда. Наубайшы боп әкесінің орнына шешесі қалады. Ананың мақсаты – үйдегі балаларының қарнын ашырмау. Хамағаның үлкен ағасы сол кезде оба індеті шыққанда осы ауыл-дан кішігірім кеңсе ашқан болатын. Сол кеңсеге екінші ағасы он үшке толмаған жасында аяқ киімсіз, жалаңаяқ барып келіп жүргені оның есінде.
(18.4.1938 жылы туған, Арал ауданы Ауан ауылы) – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (1997). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1964). 1964 – 67 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 – 76 жылдары ҚазМУ-дың журналистика факультетінің доценті, 1976 – 85 жылдары «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981 – 82 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы, 1985 – 87 жылдары Қазақ орталық мұражайының
 баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Көп жылдан бері ҚазМУ-да ұстаздық қызметте. Тұңғыш жинағы 1972 жылы «Ғарыштағы қымыз» деген атпен жарық көрді. Мархабаевтың «Арал әуендері», «Балалардың аман қалғанын айт!» «Жарылқаушы…», «Тосын ғарышхат», т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті» (1998) атты монографиясы, «Ислам – Ғылым – Журналистика» оқулығы жарық көрген.
Каталог: uploads -> doc -> 059b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
059b -> Сабақтың тақырыбы: «Жігер» күй және симфония» және ««Армандастар» әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет