Сабақ №2 Топырақтың морфологиялық белгілері


І-тип: 1-тоң кесекті; 2-кесекті; 3-ұсақ кесекті; 4-шаңды; 5- ірі жаңғақты; 6-жаңғақты; 7-ұсақ жаңғақты; 8-ірі дәнше; 9-дәнше; 10-ұнтақты; ІІ-тип



бет4/4
Дата14.12.2023
өлшемі254 Kb.
#197053
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ 2
Дәріс балалар психологиясы (2) (2), Силлабус Интернет Маркетинг 2023
І-тип: 1-тоң кесекті; 2-кесекті; 3-ұсақ кесекті; 4-шаңды; 5- ірі жаңғақты; 6-жаңғақты; 7-ұсақ жаңғақты; 8-ірі дәнше; 9-дәнше; 10-ұнтақты;
ІІ-тип: 11-бағаналы; 12-бағана тәрізді; 13-ірі призмалы; 14- призмалы; 15-ұсақ призмалы; 16-жіңішке призмалы;
ІІІ- тип: 17-тақтатас тәрізді; 18-тақталы; 19-жапырақты; 20-ірі қабыршақты; 21-ұсақ қабыршақты.
Топырақтың жайласуы- оның тығыздығы мен кеуектілігінің сырт көрінісі. Ол топырақтың механикалық құрамына, құрылымына, топырақ фаунасының әрекетіне және өсімдіктердің тамыр жүйесінің дамуына байланысты қалыптасады.
Тығыздылық дәрежесіне қарай топырақ өте тығыздалған, тығыздалған, қопсынды, бытыраңқы болып жіктеледі.
Өте тығыз топырақты күрекпен қазу қиынға түседі, сондықтан қайла немесе сүймен қолдану қажет.
Тығыз топырақты біраз күш жұмсап, күрекпен қазуға болады.
Қопсынды топырақ күрекпен жеңіл қазылады, ал күректен түскен топырақ түйіршіктерге жеңіл бөлініп кетеді.
Бытыраңқы тығыздық жыртылып игерілген, механикалық құрамы құм, құмайт топырақтарға тән. Бұл топырақтардың түйіршіктерінің бір-бірімен бірігуі нашар, сондықтан олар тез үгіліп, бытырап кетеді.
Топырақтың кеуектілігі түйіршіктерінің ішіндегі және олардың арасындағы түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты. Топырақтағы түтіктердің, қуыстардың мөлшеріне және орналасуына байланысты топырақтың жайласуы келесідей типтерге жіктеледі:
- нәзік кеуекті - түтіктердің диаметрі 1 мм – ден кіші;
- кеуекті - түтіктердің диаметрі 1-3 мм;
- губка тәрізді – топырақта диаметрі 3-5 мм қуыстар кездеседі;
- тесікті – топырақта диаметрі 5-10 мм-ге дейінгі қуыстар кездеседі;
- құбырлы – жәндіктер қазған құбыр тектес қуыстар.
Жаңа жарандылар және кірме заттар. Топырақ түзілу кезінде оның қабатында әр пішінді, химиялық құрамы әр түрлі заттар–жаңа жарандылар пайда болады. Пайда болу тегіне байланысты олар химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Химиялық жаңа жарандылар қатарына суда ерігіш тұздар, гипс, кальций карбонаты, темір, алюминий, марганец тотықтары, қарашірінді қосылыстары жатады. Олар жиналу пішініне қарай жарғақтар және қонымдар, қабыршақтар, жұғындар, арна, түтікше сияқты түрлерде кездеседі.
Биологиялық жолмен пайда болған жаңа жарандылар қатарына топырақ құрттарының қалдырған қуыс іздері, жауын құрттарының бойынан өткен қалдық түйіршіктер – капролиттер, топырақтағы жануарлардың қазған індері, іздері, шіріген ірі тамырлар және өте ұсақ тамырлар – дендриттер жатады.
Кірме заттартопырақ түзілуіне қатысы жоқ кездейсоқ органикалық немесе минералды заттар. Оларға тау жыныстарының сынығы, жануарлардың сүйегі, шынының, кірпіштің, көмірдің сынығы жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет