Сабақ (2семестр) Пән: «Психология»



бет4/5
Дата19.07.2023
өлшемі41,77 Kb.
#179504
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
5086415070690 Психология бойынша тапсырмалар қазақша ДО1 сырттай бөлім 09.06.2020

Қабілеттілік – белгілі бір іс-əрекеттің нəтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Ол іс-əрекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың əдіс-тəсілдерімен сипатталады. Оның жоғарғы деңгейі – таланттық, дарындылық, данышпандылықпен жəне бəсекелестікпен ерекшеленеді. Қабілеттіліктің нышандары – адам ағзасының, негізінен орталық жүйке жүйесінің ерекшелігі. Ол – қабілеттілікті дамытудың алғышарты болып табылады.
Тұлғаны тəрбиелеу туралы психологиялықпедагогикалық зерттеулер негізінде тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру үрдісін басқаруға мүмкіндік туғызады. Психологтар зерттеулерінің нəтижесінде, тұлғаны қалыптастыру спираль жəне баспалдақты түрде үзілісті (сапалық) əрі үздіксіз (сандық) күрделі үрдіс ретінде өтілетіні айқындалған.
Тұлғаның өздігінен дамуы интериоризация (сыртқы əсерлердің ішкі ақыл-ой əрекетіне біртебірте түрленуі) жəне экстериоризация (ішкі əрекеттің сыртқы операцияға өтуі) үрдісі арқылы жүзеге асырылады. Адам өмірінің іс-əрекеттік мəні жайлы психологиялық теориялық қағидаға сүйеніп тұлғаны тəрбиелеудің əдіснамалық негіздерін айқындауға болады. Нақтырақ айтатын болсақ, тұлға ретінде адамның рухани дүниесінің байлығы, оның тəжірибелік іс-əрекетінің жəне қоғамдық қатынастарының мазмұны мен көлемі бойынша анықталады. Мұндай тұлғалық қабілеттілік адамның мұқтаждығын өтеуге байланысты дамытылады. Сонымен қатар, іс-əрекет ету нəтижесінде адамның психикасы да қалыптасады.
Тұлға ретіндегі адамның əлеуметтік дамуының мəні психологиялық-педагогикалық, психофизикалық, моральдық-еріктік, мотивациялыққажеттілік, саяси-экономикалық, қоғамдық-философиялық қасиеттерінің жиынтығы негізінде бағаланады.
Адамның қоршаған ортамен қатынасы жəне мұқтаждық талабы оның сыртқы іс-əрекетін, ал сананың табиғи дамытылуы мен оны өзінің жетілдіруі – ішкі іс-əрекетін танытады. Өзінің табиғаты бойынша, дара тұлғаны, басқалардан гөрі ерекше қасиеттері байқалатын белсенді қайраткер деп түсіну керек.
С.Л. Рубинштейн мен А.Н. Леонтьевтің зерттеулерінің негізінде жалпы психологиялық ісəрекет теориясы жасалынды. Оның негізінде ісəрекеттің құрылымы (мақсат > мотив > тəсіл > нəтиже >), іс-əрекетті қалыптастырудың алғышарттары (қоғамдық ортамен қатынасы, мұқтаждықты өтеуі) анықталды.
Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет жəне дарындылық жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен жəне жеке даралық психикалық дамуымен жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылды.
В.А. Крутецкий өзінің көрсеткен классификациясында: икемділік, тез байқағыштық, еске сақтау, терең ойлау қабілеті бар, оның келешекте мамандық таңдауына көп көмектесетінін айтқан. Сонымен бірге, В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттілік құрылымын зерттеген еңбегінде, егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттіліктерінің жиынтығының бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды.
Қабілет адамның əрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілеттілік бір-бірімен тығыз байланыстағы туыс ұғымдар. Себебі, адамның бір нəрсеге қабілеттілігі оның бір нəрсеге бейімділігіне орай қалыптасады. Яғни адамның белгілі бір əрекетпен айналысуға деген құлшынысы оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі .
Н.С. Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартымдылығымен өзгешеленетін жəне «еңбекпен қанағаттануды» сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады, деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік дарындылықтың көрінуі ретінде болады. С.А. Изюмова мнемикалық қабілеттерді жəне оның табиғи алғы шарттарын комплексті зерттеу жəне оның оқу əрекетіндегі нəтижелілігімен салыстыру мəселесін көрсетті.
Американдық ғалым Блум əйгілі адамдарға зерттеу тəжірибесін жүргізіп, оның нəтиже көрсеткішінен, осы адамдардың қабілеттерінің толық дамуының тəрбиелік жəне білімділік əдістерінің моделін ұсынды. Блумның айтуынша, қабілеттің ерте дамыған түрлері, егер белсенділік жəне арнайы оқыту əдістері болмаса, ол ары қарай дамымағандықтан күйреуге ұшырайды. Сонымен, ерте заманнан осы заманға дейінгі қабілеттіліктерді психологиялық зерттеулердің тарихи дамуын талдау арқылы психологиядағы қабілет теориясына қатысты бірнеше көзқарасты атап айтуымызға болады.
Адамның қабілеті оның іс-əрекетінің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер іс-əрекеттерді меңгеруде табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жеткізеді. Қабілетті адамның жетістігі оның жүйкелік психикалық қасиеттері кешенінің іс-əрекет талаптарымен сəйкес келуінің нəтижесі болып табылады. Психологияда бағыт-бағдарға, мамандық ерекшеліктеріне қарай қабілет арнаулы жəне жалпы болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет