Сабақ №3 0 жыл Сыныбы : Сабақтың тақырыбы : Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»



бет2/4
Дата12.09.2020
өлшемі44,5 Kb.
#63833
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі:дамыта оқыту технологиясы.

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,қазақ тілі.

Сабақтың әдісі:оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақтың өтілу барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу,оқушыларды түгендеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Үйге «Батыр Баян»поэмасындағы Абылай ханға мінездеме беру,Баян мен Ноянға Венн сараптама қағазы бойынша салыстыру жазып келу тапсырылған.

Үй тапсырмасында берілген тапсырманы тақтаға шығып,дәлелдеп қорғайды.



ІІІІ.Өткен білімді бекіту.

Сонымен балалар,біз өткен сабақта Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян»поэмасынан бойымызға не алдық?

Дәулет.Бойымызға Баянның батырлығын,намысқойлығын,елі үшін,елінің намысы үшін өзін құрбандыққа шалатындық қасиеттерін алдық.

Нұрсұлтан:Жақында ғана «Батыр Баян»киносын көрдім.Үлкен әсер алдым.



ІV.Жаңа сабақ.а)Қызығушылығын ояту.
ХХ ғасыр ақыны

Драматург


қаламгер

публицист

жазушы
аударушы
Тақтаға шығып өздері қорғайды. Дәлелдейді. Мұғалім толықтырады. Сол арқылы баланың қызығушылығын ояту.

ә)Мағынаны ашу.

Содан кейін барып бүгінгі сабақтың тақырыбы белгіленіп,тақтаға жазылады.

«Сен маған,мен саған»оқу әдісі бойынша Міржақып Дулатұлының өмірбаяны 4- топ оқушылары 4 абзац негізінде бөліп оқып,оқығанын талдап түсіндіреді.

-Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген (Торғай облысы Жангелдин ауданында. )

Міржақып әуелі ауыл мектебінде оқыған.1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп,1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.Алты-жеті жыл ауыл мектебінде мұғалім болады.Мұғалім бола жүріп, өлең жазады. Міржақып 1904 жылы Омбы қаласына барады.1909 жылы Уфа қаласында «Оян қазақ»өлеңдер жинағы басылып шығады.

«Бақытсыз Жамал»романын жазады.

Поэзия минутына кезек береміз.

«Алма кезек оқу әдісі бойынша «Шешенің балаларын сүюі»өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін.

Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын?

-Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын

Кім сендерді,балалар ,тербететін,

Еркелетіп,ойнатып,сергітетін?

-Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Бұдан кейін өздері оқиды.

-Ал,балалар,өлең қандай үлгіде жазылған?

-Сұрақ –жауап түрінде жазылған.

Ақын өзі сұрақ қояды да,өзі жауап береді.

-Жақсы,балалар,енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді,тақырыпты жазайық.




Каталог: uploads -> doc -> 025a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
025a -> Биологиялық диктант
025a -> Сабақтың мақсаты: «білім»,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет