Сабақ №30 Пәні: алгебра және анализ бастамалары Күні



бет2/5
Дата07.11.2022
өлшемі69,2 Kb.
#156796
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ашық сабақ Иррационал т
Year 12 Homework for Online Lesson 1
Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу,түгендеу.
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушы назарын шоғырландыру және ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында тақтадағы суретпен жұмыс жасау.
Сендердің алдарында «Жетістік картасы» жатыр. Онда сендер сәтті орындаған тапсырмаларыңды символмен және ұпай санымен белгілейсіңдер

1.Оқушыларды топтарға біріктіру. Үшке дейін санап 3 топқа бөлінеді, топ басшысы сайланады.
2. Әр топбасшы өз тобына да және басқа топтарға да тілек айтып, сәттілік тілейді
ІІ.Байқампаз болайық!

Кім не байқады?


-Неше және қандай түбірлер бар?
- Қандай геометриялық фигурада орналасқан?
-Шеңбердің түсі қандай?
-Квадрат түбір қандай фигурада орналасқан?
-Шаршының түсі қандай?
-Куб түбір қандай фигурада орналасқан?
-Үшбұрыштың түсі қандай?



Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»






Жаңа сабаққа кіріспе



«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және пікір алмасу жасағаннан кейін мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен
таныстырады.

Ой қозғау сұрақтары:
1. Иррационал теңдеу дегеніміз не?
2. Иррационал теңдеудің рационал теңдеуден қандай айырмашылығы бар? Ұқсастығы неде?
3. Иррационал теңдеуді шешу барысында қандай теңдеулер шығарылуы мүмкін?
4. Иррационал теңдеуді шешу кезінде неліктен айнымалының мүмкін мәндер жиынына назар аударылады?
5. Иррационал теңдеуді шешудің жалпы әдісі қандай?
Дескриптор
- Өткен сабақта алған білімдерін көрсете біледі
- ММЖ-ны табу керектігін біледі.
- Иррационал теңдеуді шешу алгоритмін біледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет