Сабақ №39 Пән: Педагогика Сабақтың тақырыбы: Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері Сабақтың түрі: Жаңа сабақ



Дата12.09.2020
өлшемі19,07 Kb.
#77970
түріСабақ
Байланысты:
педагогика № 39


Сабақ № 39
Пән: Педагогика

Сабақтың тақырыбы: Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндіру, дәріс, әңгімелесу, кітаппен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Студенттерге курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерімен танысу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіздерме балалар! Топты түгендеу.



II Оқушылардың білімін тексеру:

Үйге берген тақырып бойынша оқушылардың баяндамасын тыңдау.

Сұрақтар қою.

III Жаңа мәліметті мазмұндау:

Курстық жұмысты жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.

Сәйкес оқу жоспарларында, өзіндік және шығармашылық ойлау қабілетін оқыту, дамыту процесінде студенттердің алған білімін бекіту, тереңдету және жалпылау мақсатында сәйкес курстық оқу жоспарына сәйкес курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау қарастырылған.

Курстық жұмыстарды (жобаларды) орындаудың мақсаты болып табылады:

- оқылатын пәндер бойынша алынған теориялық білімді және практикалық қабілеттерді жүйелендіру және жалпылау;

- берілген тапсырмаға сәйкес теориялық білімді тереңдету;

- жалпы және кәсіби құзіреттерді қалыптастыру және дамыту;

- студенттерді шынайы кәсіби проблемаларға тарту арқылы кәсіби маңызды зерттеу қабілетін, ғылыми ойлаудың заманауи стилін дамыту;

- бітірушілердің теориялық және практикалық дайындық деңгейін тексеру және анықтау, кәсіби құзіретті қалыптастыру шарты ретінде үздіксіз өзін-өзі оқытудағы қажеттіліктерді өзектендіру;

- мемлекеттік (қорытынды) аттестацияға дайындау.

Курстық жұмысты (жобаны) жазу барысында білім алушы көрсету керек: әдебиетпен жұмыс жасау дағдысын, ақпарат көзін талдау және негізделген қорытынды жасау қабілетін, міндеттерді шешудің түрлі әдістерін, формуларды қолдану қабілетін және т.б.

Курстық жұмыстардың (жобалардың) жүйесі, қиын міндетке – бітіруші жұмысты орындауға студенттерді дайындау үшін қажет.



Курстық жұмысты жазуда келесі мақсаттар көзделеді:

  • «Негізгі орта білім» мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;

  • жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зертеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру курстық жұмысты қарастырылған мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйрену;

Курстық жұмыстың орындау барысында студент өзінің ғылыми және тәжірибелік білімін дәрежесін, тәуелсіздік деңгейін, теориялық дайындылығын және зерттеген тақырып бойынша негізгі концепцияларын көрсету. Қорытындыда орындалған жұмыс қойылған талаптарға сай және қорғауға жіберу мүмкіндігі қарастырылу қажет.

Курстық зерттеудің ұсынылған тақырыптарымен танысу барысында тізімдегі кейбір тақырыптар әдебиет саласының жалпы мәселелерін, ал кейбір тақырыптары арнайы мәселелерді қарастыратынын байқауға болады. Белгілі бір тақырыптар бойынша әдебиеттер өте көп, ал кейбір тақырыптар бойынша басылымдар саны аз болуы мүмкін. Бірақ ғылыми әдебиеттердің жетіспеушілігі, тақырыптың аз өңделуі сияқты қиыншылықтардан қорқу қажет емес. Аз зерттелген мәселе өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін, мақсатты ғылыми ізденісті көбірек көрсетуге мүмкіндік береді.



Курстық жұмыстың жетекшісі келесі міндеттерді атқарады:

  • курстық жұмыстың тақырыбы бойынша бағдар беріп, жұмыстың құрылымы мен міндеттерін түсіндіреді;

  • студенттерге курстық жұмыстың орындалуының барлық мерзіміне жұмыстың календарлық кестесін құрастыруға көмек көрсетеді;

  • тақырып бойынша қажетті негізгі және қосымша әдебиеттер және өзге де қайнар көздер туралы мәліметтер береді;

  • кестеге сәйкес студенттермен кездесіп, қажет болған жағдайларда кеңестер береді;

  • жұмыстың орындалуын тексереді.

Тексеру нәтижесінде ғылыми жетекші ескертпелер берсе, жұмыстың тиісті бөлімдері немесе жұмыс толықтай ескертпелерге сәйкес қайта өңделіп, жетілдірілуі тиіс.

IV Жаңа тақырыпты бекіту:

Бүгінгі өткен жаңа тақырып туралы кім не түсінгендерін ортаға салу.

Түсінбеген сұрақтарын толықтыру



V Үй тапсырмасын беру:

Ізденіп материалды толықтыру.



VI Оқушыларды бағалап, журналға баға қою.

Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау



VII Оқытушы _____________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет