Сабақ: 4 Бөлім: «Махаббат пен абырой»



бет3/4
Дата04.03.2020
өлшемі0,88 Mb.
#59571
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
dulat-isabekov-«әpke»-dramasy




Ортасы

14 мин


15 мин

1-тапсырма (топтық жұмыс). «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы шығармаға композициялық жоспар құрыңыз.

«Әпке» шығармасына композиялық талдау

Ескерту! Өз ойыңызды бір сөйлем арқылы жеткізіңіз!

Оқиғаның басталуы: ___________________

Оқиғаның байланысы: __________________

Оқиғаның дамуы: ______________________

Оқиғаның шарықтау шегі: _______________

Оқиғаның шиеленісуі: __________________

Оқиғаның шешімі: _____________________


Жұмыс алгоритмі:

  1. Композициялық құрылымын жазу

  2. Жұбымен талдау, салыстыру

  3. Үздік жоспарды топ ішінде талқылау

  4. Топ ішінде спикер шығып, ең үздік құрылған жоспарды таныстыру

(оқушылар жұмыс жасап жатқанда, топ ішінен баяу қабылдайтын оқушының артына білдіртпей стикер жабыстырамын. Сол оқушы спикер атанады)

ҚБ: «Әткеншек» әдісі. Әр топта бір оқушы қалады, қалған оқушылар келесі топқа барып шығарманың композициялық талдауына өз пікірлерін (дұрыс, келісемін; келіспеймін, себебі деген сөздер арқылы) білдіріп, сын айтады. Оқушылар орнына қайта келіп топ ішінде сын-пікірлерді талқылайды. Топтар бірін-бірі бағалайды.

2-тапсырма. Кестені толтырыңыз.

Жұмыс алгоритмі:

1. Шығармадан сатира кездесетін 1-2 үзінді (сөйлем) келтіру

2. Шығармадан ирония кездесетін 1-2 үзінді (сөйлем) келтіру

3. Шығармадан психологиялық параллелизм кездесетін 1-2 үзінді (сөйлем) келтіру

4. Шығармадан гротеск кездесетін 1-2 үзінді (сөйлем) келтіру 5. Шығармадан көркемдегіш құралдарға (сатира, ирония, психологиялық параллелизм, гротеск) келтірген мысалдар негізінде автор стилін анықтап, өзіндік пікір жазу

6. Жұмысты топ болып қорғау (Ескерту! Қорғауда әр топ мүшесі сөйлеуі қажет!)

(әр топқа жұмыс алгоритмі мен үлестірме қағаздарды (көмекші құрал ретінде) беру)




сатира

ирония

Психологиялық

параллелизм

гротеск

Автор стилі

(өз көзқарасым)
















Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғанықұбылысты немесе кейіпкерді 

өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.

Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл күлкі), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен қолданылады.

Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, улы кексін, сынап мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы өтірік өлеңдерде әсірелеу, гротеск тәсілі мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездеседі. Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған.





Ирония (гр. келемеж, кекесін) – адамға, зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі.

Иронияда астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы: қара кісіні «аппағым», пұшық адамды «қоңқағым» деу).



Ирония – риторикалық тәсіл, көп мағыналы металогиканың түрі. Мақсаты – сұхбаттасқан адамның әңгімесін жоққа шығару, теріс айналдыру. Мұндай жағдайда әңгіме мен оның астары сәйкес келмейді.




Психологиялық параллелизм – бұл стилистикалық құралдардың бірі. Оның мәні мынада, бұл жұмыс сюжеті мотивтерді, табиғат суреттерін, қарым-қатынастарды, жағдайларды, іс-әрекеттерді жүйелі түрде салыстыруға негізделген.

Әдетте, 2 бөліктен тұрады. Біріншісі, табиғаттың суретін, шартты және метафоралық бейнелейді, эмоционалды және психологиялық фон жасайды. Екіншіден, кейіпкердің бейнесі пайда болады, оның жағдайы табиғи болып табылады. Мысалы: шопан – бұл жақсы адам, аққу – қалыңдық.






Гротеск – әдебиеттің күрделі құбылыстардың бірі. Ол көркем образ ретінде екіұдайлығымен, қарама-қайшылығымен ерекшеленеді. Гротеск қашан да қалыпты нормадан ауытқуды, шарттылықты, асыра үлкейтуді, әшкере келемеждеуді білдіретіндіктен, сатиралық мақсатта кеңінен пайдаланылады.

Зерттеушілер гротескінің мынадай негізгі ерекше сипаттары болатынын айтады:

1. Гротеск тылсымдар мен ғажайыптар арқылы адамзаттық проблемаларды, оның құндылықтарын бейнелейді. Гротескінің негізгі белгісі – шындықтың формасын өзгертіп көрсету – әдеттегі қалыптан әдейі ауытқу, образда нақтылық пен фантастиканы, әсемдік пен сұрықсыздықты, трагедия пен комедияны таңғаларлықпен араластырып жіберу 

2. Гротескінің тағы бір ерекшелігі – онда пародияның, карикатураның, күлкі объектісінің болуы. Автор өз шығармасында қандай да бір құбылысты, жағдаят пен кейіпкерді бейнелей отырып, нақты өмірде бар объектіні еске салып (ойға алып) отырады.

3. Гротескінің тағы бір ерекшелігі – оның амбиваленттілігі, яғни ұқсас белгілері болмайтын, әр түрлі семантикалық парадигмадағы бірін-бірі жоққа шығаратын құбылыстардың екіұдайлықпен орын алуы: терістеу, ескі мен жаңа, жоғары мен төмен, туылу мен өлім.

4. Гротескіде қайғы-қасіреттік және күлкілік бастаулар – яғни мистикалық, қорқынышты немесе таңғажайып, күлкілі жағдайлар болады.

5. Гротескінің ең басты ерекшеліктерінің бірі – материалдық-денелік бастаулардың көрініс табуы, яғни барлық жоғары, рухани, идеалды, дерексіздіктің материалдық-денелік деңгейге, жер мен дененің ажырағысыз бірлігіне ауысуы. Гротескілік образдағы жетекші сәт – құнарлылық, асып-тасқан өсім, молшылық.



Мысалы: «Үйдің иесі» әңгімесі – гротескілік тәсілмен жазылған шығарма. Баяндаушы өзімен таныстырғаннан-ақ өзінің жағдайына көңілі толатын көңіл-күйін мысқылмен жеткізеді: «Мен – осы заманның «типичный» қазағымын. Кәдімгі... бес қабатты үйдің бесінші қабатында тұратын қалалық қазақпын. Тас қабырғалармен қоршалған ауадағы 34 (70) шаршы метрлік төрт бұрышты кеңістіктің иесімін. Бұған қоса, осы үйдегі ойдан-қырдан жиналған азғантай мүліктің толық қожайынымын. Балалар айтқанымды тыңдайды. Әйелге билігім әзірге жүріп тұр...». Осылайша өзін таныстырған кейіпкеріміз «орташа» деген сөзге ерекше екпін түсіреді: «...Орта бойлы, орта дәулетті, орташа ғана ақылы, орташа ғана қызметі, соған сәйкес орташа беделі бар ортан қолдай орташа қазаққа бұдан артық не керек?»


ҚБ: «Серпілген сауал» әдісі. Екі топ ортаға шығады. Барлығы бірге жарты дөңгелек болып тұрып, оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру» болады: мысалы, «Мерей, Нұрсұлтанның сатираға келтірген мысалы дұрыс деп санайсың ба?», «Нұрсұлтан, Мерейдің жауабына тағы қалай толықтыруға болады?», «Мерей, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?» деген секілді сұрақтар қояды.

(барлығы бір-бір сұрақ қойып болғаннан кейін серпілген сауал тоқтатылады)



Үлестірме қағаздар


Оқулық


Қазақ әдебиеті: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқу құралы / Құраст.: С.Дәрібаев, Г.Орда, А.САтылова. – Алматы: Мектеп, 2018. – 200 б. (108-130 б.б.)

https://kk.wikipedia

https://kk.wikipedia

http://fb.ru/article

https://articlekz.com




Соңы

5 мин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет