Сабақ №4 Такырыбы: Ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі



бет1/7
Дата07.10.2022
өлшемі45,96 Kb.
#152052
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
zerthanal k sabak 4
DOC-20220923-WA0040., srsp ofd kaz, ГИДРАВЛИКА

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №4


Такырыбы: Ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі
Максаты: Сиырлардың сүт өнімділігін және ауыл шаруашылығы жануарларының ет өнімділігін есепке алу


Малдың өнімділігі – бір малдан белгілі бір уақытта алынатын өнім. Малдың өнімділігінің түрі малдан алынатын өнім түрімен есептелінеді. Малдың өнімділігіне –сүттілігі, еттілігі, жүн өнімділігі, жұмыс өнімділігі, жұмыртқалағыштығы, т.б. жатады. Малдың өнімділігі түліктің түріне, тұқымына, тегіне, жынысына, жасына байланысты болады. Малдың өнімділігі оны азықтандыру, бағып-күту, дұрыс пайдалану жағдайларына тәуелді көп өзгеріске ұшырайды. Сондықтан шаруашылықтағы малдың өнімділігін арттыруда осыны ескеріп, мал өсіру мен пайдалану жүйесін ғылыми тұрғыдан негіздеу қажет.
Сүт - сүт бездерінің өнімі. Сүт безінің қызметі күрделі. Сүт бездерінде сүт интенсивті жүріп отыру үшін желінде үздіксіз қан айналып тұру керек. Ғалымдардың айтуына қарағанда 1 л сүт сүзілу үшін сиыр желінінен 400-500 л. қан өту қажет.
Малдың сүттілігін әдетте сауынымен (сауылған сүт мөлшерімен) анықтайды. Малдың төлдегеннен бастап суалғанға дейінгі уақыты – сауым маусымы (лактация), суалғаннан келесі туғанға дейінгі уақыты – суалған кезеңі (сухостойный период) деп айтады. Малдың түріне, тұқымына байланысты сауын маусымының ұзақтығы түрліше. Қазіргі уақытта сиырдың негіізгі сүттілігін 305 күндік сауын маусымында сауылған сүт мөлшерімен анықтайды. Сауын маусымында өндірілген барлық сүтті анықтау үшін сиырдың күндік (бір тәулік) сауымын, соның негізінде айлық сауымын анықтайды.
Сиырдың бұзаулағаннан бұқаға тоқтағанға дейінгі уақытын сервис кезеңі деп атайды. Сервис кезеңі аз болған сайын жалпы сауым маусымы да қысқарады, сүт өнімі кемиді. Сервис кезеңін ұзарту арқылы сауым маусымы 305 күннен көбейтуге де болады. Сервис кезеңі тым ұзақ болса, сол сауым маусымы ұзарып, сүтті көп алған мен, келесі жылдары және сиырдың шаруашылықта пайдаланған жалпы барлық жылдарына шаққанда төл аз алынады, сүт те аз сауылады. Қорыта айтқанда, бір жылға жуық уақыт мерзімінде сиырды бір бұзаулатып, әр сиырдан мол сүт сауып, әрі төл алынып тұру басты шарт. Сиырдан ұзақ жыл бойы сапалы төл алынып, мол сүт сауылып тұруы үшін, суалған кезеңінің маңызы үлкен. Сиырдың суалған кезеңінің орташа ұзақтығы 60-70 күн болғаны жеткілікті деп есептейді. Тұқымдық тегі, нәсілдік қасиеті жан-жақты сиырдан азықтандыруы, бағып-күтуі келіспесе, күніне 5-6-ақ литр сүт шығып, етті бағыттағы сиырдан артықшылығы білігбейді. Ал күніне 15 литр сүт шығатын сиырдың желінінен тәулігіне 7 тоннадан артық қан өтіп, 485 гр сүт белогі түзіледі деген сөз.
Бұзаулаудан суалғанға дейінгі кезең лактация немесе сауым маусымы деп аталады. Стандартты лактация 305 күнге созылады деп саналады. Егер ол 305 күннен астам уақытқа созылса, оны ұзартылған деп атайды, егер 305 күннен аз болса – қысқартылған, бірақ ол кем дегенде 240 күн болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет