Сабақ №40 Тақырыбы: Галогеналкандар. Галогеналкандарды алу жолдары



Дата07.02.2022
өлшемі13,5 Kb.
#93119
түріСабақ
Байланысты:
f00bc3c9-8b4c-4d28-aab5-453c33796730-Химия-МІ103-320304


Сабақ №40
Тақырыбы: Галогеналкандар. Галогеналкандарды алу жолдары.

1.Галогеналкандардың қолданылуы.


2.Нуклеофильды орынбасу реакциясның механизмі.


Тапсырма №1. Төмендегі алгоритм бойынша тақырыпты конспектілеп жазыңдар.

  1. Көмірсутектердің галогентуындыларының анықтамасы, жалпы формуласы, байланыс ерекшелігі.

  2. Көмірсутектердің галогентуындыларының изомерлері мен атаулары.

  3. Көмірсутектердің галогентуындыларының алынуы.

  4. Көмірсутектердің галогентуындыларының физикалық және химиялық қасиеттері (тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар).

  5. Көмірсутектердің галогентуындыларының жеке өкілдері және олардың қолданылуы.



Тапсырма №2. Сұрақтар, жаттығулар мен есептерді шығарыңдар.
1.Берілген заттардың: а) 1-бромбутан; ә) 2-бромбутан; б) 1-бром-2-метилпропанның құрылымдық формулаларын жазыңдар.
2.Хлорэтан молекуласының құрылымдық формуласын жазып, атомдар арасында электрон тығыздықтары қалай ығысатынын бейнелеңдер.
3.Метанның басқа туындылары жанады да, тек төрт хлорлы көміртектің неліктен жанбайтындығын түсіндіріңдер. Осы қасиетіне байланысты бұл заттың қайда қолданылатынын айтыңдар.
4.Берілген айналымдарды орындауға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазып, заттарды атаңдар:
СН4→СН3I→С2Н6→С2Н5Сl→С3Н8
5.Массасы 101 г хлорметан алу үшін метанның қандай массасы мен көлемі қажет болатындығын есептеңдер.
6.Тоңазытқыш қондырғыларда салқындатқыш ретінде сұйық күйге оңай айналатын газ тәрізді зат – фреон -12 (дифтордихлорметан) жиі қолданылады. Осы заттың ауамен және көмірқышқыл газымен салыстырғандағы тығыздығын табыңдар. (4,2; 2,75.)
7.Төртхлорлы көміртек буының тығыздығы ауаның тығыздығынан неше есе ауыр екендігін есептеп табыңдар. Бұл заттың өрт сөндіру үшін қолданылатынын қалай түсіндіресіңдер? (5,3.)
8.Монохлорметан, дихлорметан, трихлорметан және тетрахлрметандардың құрамындағы көміртектің массалық үлестерін табыңдар.Салыстырмалы молекулалық массалары мен көміртектің массалық үлестерінің арасындағы байланысты бейнелейтін график сызыңдар.
9.Құрамындағы көміртектің массалық үлесі – 51,89 %, хлордың массалық үлесі – 38,38 % болатын, сутек бойынша буының тығыздығы 46-ға тең қосылыстың формуласын есептеп шығарыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет