Сабақ №5 Тақырыбы: Омоним


Жазу: I.Адам ой –пікрінің қағаз бетіне түсірілген сөз, әріп таңбалар жүйесі. II.Бұйрық,жазмыш. Жару



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,06 Kb.
#89996
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Аутова Манзура Практикалық сабақ
Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен (семинар ), Балалар әдебиеті мәнерлеп оқу практикумымен (семинар )
Жазу:

I.Адам ой –пікрінің қағаз бетіне түсірілген сөз, әріп таңбалар жүйесі.
II.Бұйрық,жазмыш.

  • Жару:

I.Тауды,кен орнын қопару.

  • Жастық:

I.1.Ішіне құс мамығын салған, бас астына салу үшін жасалған үй бұйымы.
2.Ердің үстіне салатын көпшік.
II.Жас шақ,балғын кез.

  • Жете:

I.1.Орақтың,пышақтың т.б сабы мен жүзінің қосылған жері ,сабығы,мойны.
2.Адамның(малдың) желке,мойын тұсы.
II.Адамға ғана тән ақыл, сана, ұғым.
III.Арғы тегі, жеті атасы, жетпіс жеті пұстысы.
IV.Әбден, егжей-тегжейлі,түбіне,байыбына бара.

  • Қию:

I.Бір нәрсенің қиюласқан жері, қиыны.

  • Сал:

I.Терең сулардан өту үшін бір-біріне байластырған бөрене кеспелтек ағаштар.
II.Денені жансыздандырып,қозғалтпай тастайтын ауру.
III.сәнді киініп,ерекшеленіп жүретін сері әнші, мырза.
IV.1. Затты, нәрсені бір жерге қою,орналастыру.
2.Үй жасау,құру.
3.Көмекші сөздермен тіркесіп келіп періп қалу,ұру мағынасын білдіреді.
4.Зат есіммен тіркесіп айту, мәлімдеу мағынасын білдіреді.
5.Етістік сөздермен тіркесіп, көмекшілік қызмет атқарады.


  • Салт:

I.Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын, әдет-ғұрып,дәстүр.
II.Жеке,жалғыз, бір өзі.

  • Тап:

I.Туыстық,нәсілдік, кәсіптік жөнімен оқшауланған белгілі бір топ.
II.Өндірістің тарихи бір жүйесінде алатын орны мен өндіріс құрал-жабдығының қатынасына, қоғамдық жолмен ұйымдастырылған еңбек өнімінің үлес мөлшері мен оны алу әдісіне қарай ажыратылатын адамдардың үлкен тобы.
III.Бір заттың екінші бір затқа түсірген таңбасы, ізі,дағы.
IV.Шоқтың қаламтасынан қалған жылылеп,қызу.
V.Іздегенін кездестіру,кезіктіру, иелену.
VI.Дәл,нақ,нағыз.

  • Ұшық:

I.Ұшынудан бет-ауызға шығатын бөртпе,сулы жара.
II.Дәнді –дақылды қырманда ұшырғанда бөлініп шығатын жарықшақ дән,майда ұшырынды.
III.Инеден қалған жыптың үзігі,ұшы.
IV.1.Ұшыну, қағыну,зақымдану.
2.Бір нәрсенің шет пұшпағы,нышаны.(ауыспалы)

2. Берілген сөздердің әрқайсысы омоним болатындай етіп, сөйлем құраңыз.
Ер, асау, жақ, жан, шаш, жарық, қой, саз, қорық, қырық.
Ер адам ол елімізді, жерімізді қорғайтын азамат. Арман қараңғыда жолды барлай алмай ,Мараттың соңынан еріп жүре берді. Асау атты ерттеуге ортаға жігіттердің ең мықтысы шықты.Анасы Азаматқа : " Ойнамай,тамағыңды асап-асап жеп қой!- деді.Саны азайып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорықта асырайды.Қорыққанға қос көрінер. Асан тілі мен жағына сүйенген тілазар болатын. Жол бойында қиғаштап өткен жарық пайда болды.Түн караңғысында шамның жарығы ұзақтан көрініп тұрды.Айжанның оң жақ қабырғада ілініп тұрған суретке көзі түсті.Асан мен Дидар шашып тастаған ойыншықтарын жинады.Мадина шашын өріп жүреді.Әлі атасымен бірге қой бағуға тауға кетті.Айназ оқып болған кәтапты орнына апарып қойды.Бұл шапанның қырық жамауы бар еді.Ол үйге қырық күннен кейін оралды.Олардың ауылының жері сазды еді.Атасы немересіне домбырады әр түрлі сазды ойнап берді.

3. Өлеңді көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің мағыналарын түсіндір.
Болам десе ұста,
Балғаны нық ұста.
***
Байлық – нан,
Сөзіме нан.
1.Ұста-темірден, ағаштан неше түрлі бұйым жасап шығаратын шебер адам.
2.Ұста-Бір нәрсені қолмен қармап тұту.
1.Нан-ұнды илеп,қамыр болған соң табаға, тандырға,пешке пісірілген тағам.
2.Нан-бір нәрсеге сену, илану.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет