Сабақ 6сынып Тақырыбы: Глобус. Глобустан картаға көшу. Өткізген: Жарылгасинова Нұрлы Базарбайқызы



Дата17.02.2017
өлшемі136,67 Kb.
#9597
Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектеп
Ашық сабақ 6сынып


Тақырыбы: Глобус. Глобустан картаға көшу.

Өткізген: Жарылгасинова Нұрлы Базарбайқызы

география пәні мұғалімі.

2013-2014 оқу жылы

Мерзімі: 19.10.13ж 6 сынып



Тақырыбы: Глобус. Глобустан картаға көшу.

Мақсаты:

Білімділік: Географиялық ендік, бойлық, координаталық тор деген түсініктерді қалыптастыру. Географиялық координаттарды анықтау

жолдарын, әдіс-тәсілдерін үйрету. Глобус, оның маңызы мен глобустан картаға көшіру тәсілдері туралы білім беру.



Дамытушылық: глобуспен жұмыс істеуді дамыту.

Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ЖИГСО әдісі,Венн диаграммасы әдісі,топтық,практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің физикалық картасы, «глобустар мұражайы» слайд,ермексаз.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Қызығушылықты ояту.

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі.

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы

Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.Топқа бөлу. Тренинг өткізу

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. Топқа бөліну.

2.Қызығушылық

ты ояту (3мин)



«Глобустар мұражайы» слайд көрсету.

Глобус туралы сұрақтар қою.Жаңа мәлімет беру.

Вена қаласында бір мұражай бар.Мұражай экспонаттарына қарап бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз.

Әлемдегі жалғыз глобустар мұражайы Австрия еліндегі Вена қаласында Ұлттық кітапханасында орналасқан.Бұл мұражай 1956ж ашылған.Қазір мұражайда 590 экспонат бар.




Слайдқа қарап тақырыпты анықтау.Сұрақтарға жауап беру.Дәптерлеріне тақырыпты жазады.

3. Мағынаны ашу

(20 мин)


ЖИГСО әдісі бойынша үй тобын құру(1111,2222,3333,4444).

Тақырыпты бөліп беру.

1топ- геогр.координата,геогр.ендік.

2топ-географ.бойлық,глобустан қашықтық өлшеу.

3топ-шар бетінің жазықтыққа өзгеріссіз жаюға келмеуі.

4топ- жер бетінің жазықтыққа жайып бейнелеу әдістерінің көптүрлілігі.

1. Глобус Жердің нақты үлгісі екендігіне оқушылардың көзін жеткізу.

2. Глобустан қажетті нүктелерді табу және өлшеу жұмыстарын жүргізу. Меридиандар, параллельдерді табу.

3. Жер шары бетіндегі географиялық объектілер карта бетіне бұрмаланусыз түспейтіндігі. Ендік, бойлықпен жұмыс істеуді, географиялық координатарды анықтау жолдарын үйрету.


Оқушыларжеке,жұппен,топпен жұмыс жасайды, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.Постер жасайды,оны қорғау жолдарын ойластырады.
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады.

4. Рефлексия

(7 мин)


Ермексазбен жұмыс

Төмендегі тапсырмаларды орындау:

1топ- ермексаздан глобус жасап,ендіктерін көрсету

2топ- ермексаздан глобус жасап бойлықтарды көрсету

3топ- ермексаздан глобус жасап экваторды, полюстерді көрсету.

4топ- бастапқы меридианды,Қазақстанды көрсету.


Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

Венн диаграммасы

(7 мин)


Тақырыпты қорытындылай келе глобус пен картаны салыстырайық.



Глобус пен картаның ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтайды.

Дәптерлеріне және тақтада орындайды.



6. Бағалау кезеңі

(1 мин)


Оқушылар сабаққа қатысуларына, топтағы жұмысына қарай өздерін-өздері бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)
8. Кері байланыс.




§ 11-12 оқу. 29 суретті салып келу.Анықтамаларды жаттау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

Өздеріне сабақта не ұнағанын,не ұнамағанын жазып береді.




6-сынып

Мерзімі: 26.10.13ж

Тақырыбы: Глобустағы және географиялық картадағы градус торы,географиялық ендік.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға алдыңғы сабақта алған географиялық координаттар, оларды анықтау, оның әдіс-тәсілдерін, анықтау жолдарын қарастырып, оны тәжірибе жүзінде қолдана алуды үйрету, білім беру.

Дамытушылық:Картамен, глобуспен жұмыс жасауды дамыту.

Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: топтық жұмыс

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, СТО әдістері,практикалық

Құрал-жабдықтар: глобус, дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы


Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Топқа бөлу(күз,қыс,жаз,көктем),рольдерді анықтау.

Тренинг өткізу.



Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. Топқа бөліну.

2. Қызығушылықты ояту.

Үй тапс-ырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)



Үй жұмысы бойынша топтарға үлестірме карточкалар беру:

1. Картадан бастапқы меридиан мен 45 с.е. пен 60 ш.б. табу

2. Ең ұзын ендікті көрсету және Қандыағаш пен Астананың қашықтығын өлшеу.

3. с.е. пен о.е. көрсету және Алматының ендігі мен бойлығын анықтау.

4. Батыс бойлық пен шығыс бойлықты көрсету және Алматы мен Астананың арақашықтығын өлшеу.


Мұғалімнің берген тапсырмаларына дайындалып, жауап беру, картадан көрсету.

3. Мағынаны ажырату. ЖИГСО әдісі

(15 мин)


Сонымен өткен сабақта біз географиялық координаттарды, оларды ендік және бойлық бойынша анықтауды үйрендік. Сонымен қатар глобустан меридиандар мен параллельдердің орналасу ретін, Гринвич меридианы туралы білдік. Бүгін біз өткен тақырыпты бекіту үшін географиялық координатты анықтайтын арнайы формулалармен танысамыз.

Тақырыптарды бөліп беру.



Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты жазады,мұғалімнің

Бөліп берген твақырыпшасын оқиды, жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

Постер дайындайды, оны түсіндіру жолдарын ойластырады.


4.Картамен жұмыс

(7мин)


Төмендегі тапсырмаларды орындау:

географиялық объектінің координатасы

Географиялық объектінің аты

6º ш.б. 46º с.е.

72º ш.б. 48º с.е.

72º б.б. 32º о.е.

60º б.б. 66º о.е.









Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады. Берілген координаттар арқылы географиялық объектіні табады.

5. Рефлексия.

Ротация әдісі.

(7 мин)


Тақырыпты қорытындылауға сұрақтар қою:

- Географиялық координаттарды анықтаудың қандай тәсілдері бар?

- Градус торы дегеніміз не?

- Ендік пен бойлықты қалай табады?

- Гринвич меридианы деген не?


Берілген сұрақтарды талдауға қатысады .Барлық топтардың жауаптары талқыланып,ақырғы пікір түйінделеді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)


Оқушылар сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығы қарай өздерін-өздері бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)


§ 12 оқу.Мехико,БуэноАйрес,Пекин, Ақтөбе қалаларының координатасын анықтау.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.

6-сынып

Мерзімі: 6.11.13ж

Тақырыбы: Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнелену ерекшеліктері.

Мақсаты:

Білімділік: Жер беті көлемінің бейнеленуі, жер бедерінің бейнеленуі, түрлі сулардың бейнеленуі, елді мекендердің бейнелену ерекшеліктерімен танысып, олардың ұсақ масштабты карталарда сипатталуы туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өткен тақырыптардан жинаған білім мен икемділіктерді одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: Ұсақ масштабты карталарда бейнелену әдістерімен таныса келе география пәніне деген қызығушылықты ояту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,топтық ,практикалық жұмыс

Құрал-жабдықтар: дүниежүзінің физикалық картасы.

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы


Сабақ-тың кезеңде-рі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)


Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Көңілді смайликтер арқылы топқа бөлу.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Топқа бөліну.Сабаққа дайындалу.

2. Үй тапсыр-

масын тексеру кезеңі. (10 мин)


Қызығушылықты ояту

3. Миға шабуыл

Бортты журнал әдісі (3 мин)


Тұрғыны жоқ елдер,

Үйі жоқ қалалар,

Ағашы жоқ ормандар,

Суы жоқ теңіздер,

Бұл не? (карта)

Үй жұмысы бойынша тест тапсырмасын алу:

1. Карта дегеніміз не?

А) сурет В) табақ С) глобус

2. Карталарды мазмұнына қарай нешеге бөлінеді:

А) 2 В) 3 С) 4

3. Тақырыптық карталарды тап:

А) топографиялық карталар

В) дүниежүзінің климат картасы

4. Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді?

А) 3 В) 4 С) 5

5. Ірі масштабты картаны тап:

А) 1: 90.000 В) 1: 200.000 С) 1: 150.000

6. Қандай картаның дәлдігі нақтырақ?

А) топографиялық шолу В) топографиялық

7. Қандай карталар ұшқыштарға арналған?

А) шолу В) топографиялық С) топографиялық шолу

Карта туралы бұрыннан не білеміз?



Болжам

Жаңа ақпарат









Жұмбақты шешу.

Тест сұрақтарына жауап беру.

Оқушылар дәптерлеріне сосын тақтаға бірінші бағанын толтырады.


4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі

Автордың орындығы әдісі.

(20 мин)

2-ші бағанды толтыру үшін топтарға тақырыпшаларды бөліп беру.



Оқушылар дәптерлеріне жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара пікір алмасады, бірге талқылап, оларды түсіндіреді.
Әр топтан бала шығып өз жазғанын автор ретінде сынып алдында оқиды.

4. Рефлексия
(5 мин)

Атлас пен карталарды пайдаланып

1 топ- Каспий маңы ойпатының биіктігін анықтау

2 топ- Сарыарқаның биіктігін анықтау

3 топ- Солт.мұзды мұхитының Еуразия жағалауындағы тереңдігін анықтау

4топ- Каспий теңізінің тереңдігін анықтау


Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын пайдаланады.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

(2 мин)


Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:

  • Картадағы түрлі-түсті бояулар не үшін қажет?

  • Биіктік шкаласы арқылы нені анықтаймыз және қалай анықтаймыз?

  • Д.ж. ең терең жер қайда орналасқан және қалай аталады?

  • Д.ж. ең биік жер қайда орналасқан және қалай аталады?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)


Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалау парағы бойынша бағалау.

Өздеріне лайықты бағаларын қояды. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(1 мин)


§ 13 оқу. 39-40 бет

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет