Сабақ «АҢыз әҢгімелері»



Дата25.12.2016
өлшемі62,61 Kb.
түріСабақ
Ахметова Динара Нұрмақанқызы

dinara_akhmetova_81@mail.ru

Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзынкөл ауданы

КММ «Сибир негізгі мектебі»
АШЫҚ САБАҚ

«АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕРІ»

6 СЫНЫП
Сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелері

Сынып 6

Сабақтың мақсаты:

оқушылардың аңыз әңгімелер туралы түсініктерін толықтыру. Аңыз әңгімелердің түрлері, ерекшеліктері туралы түсіндіру. Теориялық материалды дұрыс пайдалануға үйрету. Аңыздарды мазмұндай білу, баяндау дағдыларын дамыту, тіл байлықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Халық мұрасын аялауға баулу.


Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы

Әдіс – тәсілдер: мәнерлеп оқу, салыстыру, жұп жұмыс, баяндау

Көрнекілігі:презентация, тірек сызбалар, суреттер, қосымша материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу

- Бес «Т»ны еске түсіру: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Психологиялық дайындық

- Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат

Мұғалім:

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзінді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан – жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы – берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша қзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз ... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады)

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфин арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтау тырысыңыз.

ІІ. Сабақтың мақсат – міндеттерін түсіндіру

ІІІ. Жаңа сабақ


  1. «Көпір» тапсырмалары

Аңыз әңгіме дегеніміз не?

Жауабы: Кейіпкерлері тарихта болды деген дерек бар жырмен, қара сөзбен айтылатын әңгіме түрі

 Аңыз қалай құрылады?

Жауабы: Белгілі бір адамның атына, іс –әрекетіне байланысты туады.

Аңыз бен ертегінің айырмашылығы неде?



Жауабы: Аңыз тарихта болған адамның басына құрылады.

  1. Оқулық мәтінімен жұмыс.

Мәтін мазмұны бойынша берілген тірек сызбаны толтыру:



  1. Мәтін бойынша берілген сөздікпен лексиқалық жұмыс ұйымдастыру:

Аңыз – легенда

Ру –род


Шыққан тегі – происхождение

Нақтылы – конкретный

Тарихи шындыққа негізделген – основан на реальных событиях

Тапқырлық – находчивость

Айла – амал – хитрые приемы

Сәуегей – ясновидящий

Бақсы – шаман

Парасат – разум, рассудок, здравомыслие

Жағрафиялық нүкте – географическая точка

Жағымсыз жақтары – отрицательные черты

Әңгіме – рассказ

Дана қыз – мудрая девушка

Ақылшы – советник

Әшкерелеуші – разоблачитель

Зорлық – насилие

Қулық істері – хитрые выходки, дела

Іс – әрекет – действие

Айырма – разница

Күрескер – борец

Ең көп тарағаны – самый распространенный

Көркіне ақылы сай – соответствие облику

Сиқырлы күйлері – волшебные кюи

Дерек – факт

Ханның төңірегі – окружение хана

Нақыл сөздері – мудрые изречения

Қарсы кою – противопоставлять

Қарапайым адам – простой человек

Қосымшалар – дополнения

Күлкі – смех

Мінеу – критиковать, осуждать



  1. Аңыз әңгімелер мен ертегілердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын көрсету:




Аңыз әңгімелер мен ертегілер

Кейіркерлері

ұқсастықтары

айырмашылықтары

ұқсастықтары

айырмашылықтары





  1. Шығармашылық тапсырма: екі оқушылар аңызбен танысады «Бурабай туралы аңыз», «Баянауыл туралы аңыз»


Венн диаграммасы бойынша жұмыс жасаймын


Баянауыл туралы аңыз


IV. Сабақтың бекіту

Жұп жұмыс

1 жұп – «Сөз сыры» айдарымен берілген тапсырманы орындау

2 жұп – Мәтінде берілген жалқы есімдердің мағынасын түсіндіру

3 топ – Бір – бірімен аңыз әңгімелердің ерекшеліктері туралы, өздері білетін аңыз әңгімелер туралы сұхбаттасу.

V. Сабақты қорытындылау, оқушы білімін бағалау

«Араның ұясы» техникасын пайдалану



Мұғалім екі оқушыдан тұратын әр жұпқа кім не білгендігі жөнінде ойларымен бөлісіп, өздері қойғысы келетін екі сұрақ дайындау жөнінде тапсырма береді. Ары қарай әр жұп кезекпен сұрақтарын қояды. Бұл сұрақтарға жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.

V. Үйге тапсырма: Аңызды оқу, сұрақтарға жауап дайындау
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу