Сабақ: Қазақ тілі Зат есімнің септелуі Мектеп: №141жббм күні



Дата18.10.2022
өлшемі63 Kb.
#153732
түріСабақ
Байланысты:
pedagog martebesi turaly, 1589084630



Алматы қаласы
Наурызбай ауданы
200 мектеп – гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Таспулатова Гүлзира Кенжебекқызы



САБАҚ: Қазақ тілі
Зат есімнің септелуі

Мектеп: №141ЖББМ

Күні: 17.01.2020

Мұғалімнің есімі: Таспулатова Г.К




СЫНЫП: 4 А

Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны: -




Сабақ негізделген оқу мақсаты

Зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгеріп, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана алу.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар зат есімнің септелу жүйесін,септік жалғауларын біледі,мәтіннен зат есімнің септік жалғаулары бар сөздерді таба алады




Оқушылардың басым бөлігі зат есімнің септік жалғаулары бар сөздерден сөйлем және мәтін құрастыра алады




Кейбір оқушылар зат есімнің септік жалғауларын қолдана отырып, деңгейлік тапсырмалар құрастыра алады,сыни ойлайды.







Тілдік мақсат

Оқушылар: бір-бірін тыңдап, пікір алмасады, бір-біріне сұрақ қояды, талқылайды, шешім қабылдап, бір тоқтамға келеді, зат есімнің септік жалғауларын бір-бірінен ажырата алады. Топта жұмыс жасауға дағдыланады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: денсаулық,адамға, ауаның пайдасы, ауамен дем алу, өкпеге, ауада, желдеткішті ашу




Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Қысқаша мәтін беріледі. Мәтіндегі қандай зат есім әртүрлі септік жалғауларында қолданылып тұрғанын талқылайды.

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Септік жалғауларын салыстырып, олардың өзгеру себебін дәлелдейді.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Жақшаның ішіндегі сөз септік жалғауы болса,бірге, шылау болса,бөлек көшіріп жазып,себебін түсіндіреді.




Алдыңғы оқу

Күрделі сөздерді қайталау




Жоспар




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Бағалау

Ресурстар

Басталуы
2 минут
3 минут



Сыныпта психологиялық орта орнату.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.Барлығы хормен өлең жолдарын оқиды.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушылар (1,2,1,2...) санау арқылы топқа бөлінеді. Топта топ ережесін құрады. Топ басшысын сайлайды.
Алған білімдерін еске түсіру мақсатында «Адасқан сұрақтар» сәйкестендіру тапсырмасын оқушылар интербелсенді тақтада сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіреді.

1.Кім?
2.Неде?
3.Ненің?
4.Кімге?
5.Нені?
6.Кімнен?
7.Немен?

1.Бұршақты
2.Нұрбекке
3.Ауада
4.Жанаттан
5.Кірпішпен
6.Ауаның
7.Асқар


Қалыптастырушы бағалау



Интербелсенді тақтада көңілді әуен, өлең шумақтары

Кесте интербелсенді тақтада



Ортасы
23 минут

7 минут



Топтарға тапсырма беріледі.
1-топ. Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қай септікте тұрғанын және бұл сөздер қай сөз табы екенін дәлелдейді.
«Ауаның ластанбауы үшін не істеу керек?»
2-топ. Сұрақтар беріледі.Бұл сұрақтарға қай септік жалғаулы сөздер жауап беретінін талқылайды.
«Компьютердің пайдасы мен зияны?»
Әр топ берілген тапсырманы оқи отырып, жазады. Тапсырманы орындау барысында өз ойларын ортаға салады,басқаның пікірін біледі,бір-біріне көмектеседі,топта шешім қабылдап,бір тоқтамға келеді.Әр топтан бір оқушы немесе топ басшысы шығып, дәлелдейді.Басқа топ мүшелері тыңдайды.
Әр топта «Топ жұмысын бағалау кестесі» болады. Топ басшысы бағалап отырады.
Топтық жұмыста (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) көрініс табады және сыни ойлауға дағдыланады.
Сергіту сәті. «Тербеледі ағаштар»
Жеке оқушымен жұмыс.
Оқушылар дәптермен жұмыс жасайды.
(Жақшаны ашып,септік жалғауы болса,бірге, шылау болса, бөлек көшіріп жазады.) Оқушылар жазған жұмыстарын оқиды.
«Түрткі сұрақ» қою арқылы себебін сұрап, бағыт-бағдар беріп, басқаға бағыттап көмектесуге мүмкіндік жасау.
Үйге тапсырма. Әртүрлі септік жалғауларында қолданылған зат есімді жазып, сөз құрамына талдау.

Әр топ басшысы «Топ жұмысын бағалау кестесінде» бағалап отырады

Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау


Смайликтер

Қалыптастырушы бағалау


Смайликтер
Ишаралар

Қазақ тілі
4-сынып
1,3-жаттығу
лар

Маркерлер, плакат,


А4 қағаз

Интербелсенді тақтада әуен

Қазақ тілі
4-жаттығу

Қазақ тілі


5-жаттығу

Аяқталуы
5 минут

(«Волейбол» ойыны арқылы кері байланыс алу)
«Топпен жұмыс жасау тиімді болды ма?»
«Топ жұмысында қандай қиыншылықтар болды? Неліктен?»
«Топ жұмысында сенің үлесің қандай болды?»
«Не сенде сәтті шықты? Неліктен? Себебі?»
«Не сәтсіз шықты? Неліктен? Себебі?»

Кері байланыс.
«Топ жұмысын бағалау кестесімен» жұмыс жүргізу.

Күнделік




Топтық жұмыстағы белсенді тәсілдер мен талдау, дәлелдеулер, зерттеушілік әңгіме оқушыларды сыни ойлануға жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет