Сабақ Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет6/6
Дата30.03.2022
өлшемі10,35 Mb.
#137241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ратанова Ш Тапқыр ақпаратшылар
Напалеон жорығы (копия), Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, E649FA7B-39EB-4264-9A53-AA8FC5D84274, Матем 2, тәжірибелік сабақ, Белгібай Аружан Соөж-7, 14-Дәріс, Art Mind Map, Бұлшықет биомеханикасы
4."Сиқырлы қорап". Қорап ішінде орналасқан құрылғылар мен олардың суреттерін таңдап алып, қызметін айту керек.


Т апсырма №2 "Іздеп тап"








5. "Видео сұрақтар"



1-сұрақ: Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын жіктеп атаңдар? (жүйелі блок, монитор, тышқан, пернетақта, принтер, плоттер, сканер, графопроектор, интерактивті тақта, колонки, микрофон, наушник, модем, джойстик, UPS стабилизаторы)
2-сұрақ: Компьютердің миы деп қандай құрылғына айтады? (Жүйелі блок)
3-сұрақ: Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыздар? (бит, баит, килобаит, мегабайт, гигабайт, террабайт. және т.б.)
4-сұрақ: Компьютерлік вирус дегеніміз не? (Арнайы жазылған шағын көлеміді программа)
5-сұрақ: Биыл қазақ елі үшін қандай атаулы мереке болады? (ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толады)

Дискриптор







Жоспары

7"ә" сынып

7 "б" сынып

1

Қауіпсіздік ережесін ата?







2

Артығын алып таста!







3

Желілер ағашы. (Терминдер сөйлейді)







4

“Сиқырлы қорап” (Сұрақ жауап)









5

Видео сұрақтар













Сабаққа талдау





Ескертпелер

Мұғалім пікірі

1

Жарыс сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.

2

Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

Жарыс сабағы. Сабақта жетінші сыныптарға алғашқы екі тарау бойынша өтілген тақырыптардан сұрақтар қойылды. Жарыста оқушылардың белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту үшін түрлі ойын элементтері пайдаланылды. Бұл жарыс сабақ - өткен сабақты бекіту.

3

Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А) "Ақпаратты өлшеу және компьютер жады","Жүйелер және қаупсіздік" бөлімдерінен алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізу;
Ә) Сауатты, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Отанын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

4


Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?



Желілер ағашына саяхат жасай отырып оқушылардың қазіргі жаңа терминдерді білуге жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсілдермен, ойындар өткіздім.

5

Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?



Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.

7

Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?



"Сиқырлы қорап" кезеңінде оқушылардыі барлығы қорғапқа қол салып, алған құрылғысы байында толық мәлімет берді, мәліметті толық жеткізе алмаған оқушыға топ мүшелері көмекке келді.

8

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.

9


Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?

Сабақ жаңа технологияларды пайдаланудан басталды. Проектордан барлық сұрақтар презентация көмегімен көрініп тұрды. Видео сұрақтар таспаға түсірілген. Презентацияға орнатылған. Сұрағынан соң жауабы тексеріліп тұрды. Көпнекілік ретінде "Желілер ағашы" пайдаланылды. "Сиқырлы қорапта" құрылғыларды қолымен ұстап жауаптары берілді.

10


Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.

Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, бірін бірі сыйлауға, топ басшыны тыңдау басшылыққа алынды.

11

Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздеріне ұнаған термин сөздерді талдап, түсініп жазып келу берілген болатын.

12

Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.

13



Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. "Қауіпсіздік ережесін ата?", " Артығын алып таста!", "Желілер ағашы. (Терминдер сөйлейді)", “Сиқырлы қорап” (Сұрақ жауап), "Видео сұрақтар" сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет