Сабақ барысы: І. Қызығушылықты ояту



Дата23.08.2017
өлшемі73,88 Kb.
#24787
түріСабақ
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі

Байтубетова Карылгаш Каримжановна

тарих пәні оқытушысы
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Мақсаты: Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған Ұлы Отан соғысы жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар туралы мәлімет алады.

Міндеттері:

  1. Мазмұнға байланысты міндет: Ұлы Отан соғысының басталу себебін, соғыстың сипатын анықтап, соғыс жоспары мен қазақстандықтардың қаһармандық ерлігіне жете тоқталады.

  2. СТО-ға байланысты міндет: Тақырыпты талқылайды, талдайды, тапсырмалар орындайды.

  3. Топтық жұмысқа байланысты міндет:

- жұппен, топпен түсініп оқиды, талдайды;

- тақырыптың түсініксіз жерлерін талқылайды;

- сұрақтарға жауап береді;

- бірін-бірі толықтырады.



Күтілетін нәтиже:

  1. Тақырыпты, берілген тапсырмаларды түсініп, талдайды;

  2. Берілген ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланады;

  3. Өз ойын еркін айтуға, өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.


Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Оқытудың әдіс-тәсілдері: СТО элементтері.

Қолданылатын ресурстар: Сызбалар, тапсырмалар мен сұрақтар.

«Біз соғыстың зардабын көп тарттық.

Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі

үшін көптеген жолдастарымыз қаза тапты.

Бала – анасыз, ана – панасыз қалды.

Мыңдаған отандастарымыз мүгедек болып

қалды. Еңбек сүйгіш талантты халқымыздың

табан еті, маңдай терімен орнатылған

сәулетті қалалар мен селоларды жау өртеп

жіберді.Міне соғыстың кесірі осындай болды...»

Қасым Қайсенов
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту. Бейнематериал көрсету.

1. Ұлы Отан соғысы қай жылдары аралығында болды?

2. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардан кімдерді білеміз?

3. Өз өлкемізден шыққан батырларды білеміз бе?


Сұрақтар қойылғаннан кейін, мәтін беріліп, әр топ постер қорғайды.

1-топ: Ұлы Отан соғысының басталуы

2-топ: Фашистік Германияның соғыс жоспары

3-топ: Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі



ІІ. Мағынаны тану.

  1. «Кубизм» стратегиясы.

1-жақ: Топтастырыңыз. «Соғыс» сөзін топтастыру.


2-жақ: Байланыстырыңыз. «Баламалы тест».

Берілген мәтінді оқи отырып, негізгі оқиғаларды белгілеу.




Негізгі оқиғалар

Иә

Жоқ

Германияның КСРО-ға шабуылы 1940 жылы 22 маусымда басталды ма?







Ең соңғы рет Кеңес Одағының Батыры атағы Б.Момышұлына берілді ме?







Ұлы Отан соғысының алғашқы жылында Германия жеңіске жетті ме?







Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы Ұлы Отан соғысына қатысты ма?







А.Гитлердің КСРО-ға шабуыл жасау жоспары «Тайфун» деп аталды?







Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар 3 ме?







1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды ма?







Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына қатысты ма?






3-жақ: Сипаттаңыз. «Тұлғалар сөйлейді».

1.Бауыржан Момышұлы-

2.Рақымжан Қошқарбаев-

3.Қасым Қайсенов-

4.Мәншүк Мәметова-

5.Әлия Молдағұлова-

6.Талғат Бигелдинов-

7. Хиуаз Доспанова-
4-жақ: Сәйкестендіріңіз. “Сәйкестендіру” тесті

Әлия Молдағұлова

батальон

Мәншүк Мәметова

ұшқыш

Бауыржан Момышұлы

ұшқыш

Талғат Бигелдинов

мерген

Нұркен Әбдіров

пулеметші

5-жақ. Қолданыңыз. «Рөлдік ойын». Берілген тапсырма негізінде көрініс ұйымдастыру.



Көрініс: «Мәншүк пен солдат»әңгімесі.

С-Қызыл Алаңда болдың ба? Көгершіндердің қолдан жем жейтіні рас па?

М-Алаңда адам болмайтын кез жоқ. Әсіресе,мавзолейдің маңында үнемі кезекте тұрады.

Соғыс алдында ғана Алматыдан бармақшы болып едік,сәті түспеді. Енді,міне,өзің қорғайтын болдың. Әрине,Мәскеудің бұрынғы көркі жоқ. Әрине,сол кезде жөні бөлек еді ғой. Бүкілодақтық фестивальге қатысу үшін,спортпен мықтап шұғылдануға тура келіп еді.

С-Мәншүк,сен ату білесің бе?

М-Білмегенде ше, «Ворошилов атқыштары»атағын алып,ондыққа дөп тигізгенде қайда

жүрсің?

С-Атқа да шабатын шыарсың?



-Шаппағанда ше! Бала кезімде Нарынға барғанда,ат жарысында озып келгенім үшін

аталар қамшы сыйлаған.

С-Соғысқа әбден дайындалған сияқтысың

ғой. Дәрігерсің, атқышсың, шабандозсың, спортшысың.

М-Сен мені көп мақтама. Бірақ соғысқа бару үшін Орталық Комитетке дейін арыздануға

тура келді. Бес рет арыз жазып, рұқсат алдым емес пе?

С-Соғысқа неге асықтың? Әйелдің ісі емес қой!

М-Менің фашистермен өз есебім бар. Майданда жүргендерден неміз артық?Елде жүріп

қиналғанша,жаумен жағаласып өткен артық.

С-Айтпақшы,Нарын дедің-ау.Еділ мен Жайықтың арасындағы құмды айтасың ба?

М-Иә, кәдімгі Исатай мен Махамбеттің Нарыны.Б іздің ел Жәңгір ханның ордасы атанған

жер.


С-Жерлес болдық,ендеше. Қарындасым екенсің ғой.Біздің ел де Еділ бойынан.
6-жақ. Зерттеңіз. «Ойлан, топтас, пікірлес» «Сіз кімсіз?»

Сіз — Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көлбастау ауылында дүниеге келдіңіз. Сіз 1930-1956 жылда әскер сапында болдыңыз. Ал соңғы кезде Алматы маңында жасақталған 316 атқыштар дивиязиясының командирі болдыңыз. Москва үшін шайқастыңыз, 207 рет ұрысқа кірдіңіз. Сіздің қанатты сөздеріңіз өте көп. Сонымен қатар Мәскеудегі әскери академиясын тұңғыш бітірген қазақсыз.

(Б. Момышұлы)


Сіз кімсіз?
Сіз өртке оранған өз ұшағыңызды жау танкілерінің шоғырына құлаттыңыз. Кеңес Одағының Батырысыз, Қарағандылықсыз.

(Нүркен Әбдіров)



Сіз кімсіз?
Сіз Шымкенттегі әскери авиация әуе училищесінің түлегісіз, ұшқышсыз, Кеңес Одағының батырысыз.

(Иван Кожедуб)



Сіз кімсіз?
Сізге Алматы жастары 1943 жылы желтоқсанда өз ақшаларына жаңа ұшақ жасатып табыс етті. Сіз соғыста әуе шайқасында жаудың 37 самолетін жойдыңыз, атып түсірдіңіз.

(Луганский)



Сіз кімсіз?
«Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін» дедіңіз.

(Мәншүк Мәметова)

Сіз кімсіз?
Ұлы Отан соғысы кезiнде 19 тан дивизиясында қаһармандық ерлік көрсетіп, бір айдан соң, 1941 жылы 22 шілдеде алғаш рет Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандық жауынгерсіз.

(К.А.Семенченко)


Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясының генерал-майоры болып, теңдесі жоқ ерлік танытып, Кеңес Одағының Батыры атағын алдыңыз.

(И.В.Панфилов)
ІІІ. Ой-толғаныс.

1. «РАФТ» стратегиясы.



Білім алушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне алғыс түрінде хат жазады.


  1. «Бір айналым сөйлесу». Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан бойынша әр білім алушы бір сөйлеммен ойын қорытындылап айтады.




  1. easyQuizzy бағдарламасымен жасалған тест тапсырмаларын орындайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0486
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0486 -> Сабақ тақырыбы Саяхатқа дайындалу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу бағдарламасы
0486 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда жол-жоба көрсету мамандықтың жаманы болмайтындығын ұғындыру, әр


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет