Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу! ІІ. Білімді өзектендіру



бет9/49
Дата09.02.2022
өлшемі0,58 Mb.
#131183
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
Байланысты:
Болатқызы А - 6.Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау
03.02.2022 студенттер тізімі, Детская психологияШаблон, Pedagogikalyk sheberlik Muhanbetzhanova, znachenie pedagogicheskogo artistizma v formirovanii professionalnoy kultury pedagoga, 1 лек, Үлгі, Педагогикалық этика ұстанымдары, ПОПС формуласы, Әдіс, ФИЗО, Ж. Неке ж не отбасы ы ы бойынша тест с ра тары, пед артистизм билет, меиодика подготовки детей к школе
Физиологиялық дайындық. Бұл дайындық бала ағзасының қызметі мен денсаулық жағдайының даму деңгейімен анықталады. Баланың мектепке дайындығын дәрігерлер арнайы өлшемдермен белгілейді. Баланың мектепте оқуға психологиялық және физиологиялық дайындығын анықтау кезінде денсаулық жағдайы басты назарда болуы шарт. Өйткені білімді игеруге, оқуға деген қызығушылығы басым болғанымен, денсаулығы сәйкес келмеуі мүмкін. Ондай балалар жай, қатардағы мектептерде оқығаны жөн.

Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.
Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.
Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады
Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі.
Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет