Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі



бет12/19
Дата07.02.2022
өлшемі424,79 Kb.
#84456
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
ЖСТД дыбыстарды түзету
логопедтің жұмысы, АҚЫЛ-ПАРАСАТ, ЕРІК-ЖІГЕР, ЖҮРЕК САБ.ТЫС ӨӨТ, Химиялық байланыс түрлері 10 дәріс, Презентация көшбасшылық, ШЕТЕЛ ТІЛІ 1 КУРС, Эссе, 6-дарис, Презентация (2)
Түзету тәсілдері
Қазақ тіліне тән кейбір дыбыстардың бұзылысын түзету жұмысында Қ.Қ. Өмірбекованың ұсынған төмендегідей тәсілдерін қолдануға болады.
Алдымен дыбыстың артикуляциясымен таныстыру қажет. Дыбыс айту кезіндегі дыбыс шығару органдарының, әсіресе тілдің еріннің қимыл - қозғалыстарына көңіл бөліп логопедтің көрсетуі бойынша еліктеуіш әдісімен дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандырады. Егер бұл әдіспен үйренбесе, онда басқа арнайы әдістерді пайдалану қажет. Мысалы, «ң» дыбысын дұрыс айтқызу үшін баладан «Н» дыбысын созып айтуын өтінеміз.
Осы кезде, логопед шпательмен немесе логопедиялық зондпен, тілді жұмсақ таңдайға дейін итеріп тілдің түбірін жұмсақ таңдайға тигізіп ұстап тұру керек. Сөйтіп «ң» дыбысын созып жеке айтуға дағдыландырады. Дыбыс айтуға машықтандыруды алдымен жабық буыннан бастаған жөн. Біріншіден «ң» дыбысы қазақ тілінде сөз басында кездеспейді, екіншіден «ң» дыбысы жабық буында анық естіледі. Мынандай да әдіс пайдалануға болады. Балаға М дыбысын айтқызу кезінде ерінді екі саусақпен ашып ұстап тұру керек. «Ң» дыбысын қоюда төртінші әдісті де қолдануға болады. Ол әдіс ұқсас дыбыстармен кезекпен буын айтқызу арқылы «ң» дыбысын айтқызуға дағдыландыру. Мысалы, ан-аң, он-оң, ын-ың, өн-өң, ін-ің, үн-ұң.
Ұқсас бұындарды кезекпен айтқызу әдісімен, басқа да дыбыстарды дұрыс айтуға машықтандыруға болады. Мысалы,



қа-ға



та-тә



қо-ғо

па-пә

қу-гу

ба-бэ

қы-ғы

са-сэ

то-те

ты-ті

бо-бе

бы-бі

ко-ке

сы-сі

со-се

мы-мі

мо-ме

ны-ні

Ә дыбысын дұрыс игеруге а дыбысы негіз болады. Бала а дыбысын айтқан кезде, тілді алдыңғы тістерге тигізе жылжытып, тілдің ортасын аздап дөңестендіріп ұстау керек. Ә дыбысымен буын айтуға машықтандырғанда алдымен тіл алды дауыссыздарынан бастаған жөн. Мысалы:
әт тэ
эл лэ
әс сә
әз зә




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет