Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Студенттермен сәлемдесу. Түгендеу. Тұжырымдамалық карта құру тақырыбы: Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру (Жеке жұмыс)



бет2/3
Дата21.11.2022
өлшемі435,6 Kb.
#159164
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
практикалық сабақ 9
Тоқсандық жиынтық бағалау 4 сынып, Контрольная работа по казахскому языку 9- класс, Сабақ жоспары Дәрумендер және олардың маңызы , Гистология сессия жауап 2021 — копия
2.Топтық жұмыс (13 мин):
1 топ.Көрнекілік әдіс.Биология сабағанда қолданылатын көрнекіліктер
2 топ. Көрнекі құралдардың оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі маңыздылығы
3 топ.Биология сабағында көрнекілік әдісті пайдалану жолдары (Биология пәнінен бір тақырып бойынша пайдаланылатын көрнекіліктерді жазу)


Сергіту сәті (7 мин).
«Бір сөзбен айт». Шапшаң, тапқыр болуға және сауатты оқуға бейімдейді.
Әр топқа алты парақ қағаз беріледі. Парақта «жеміс», «үй жануарлары», «дене мүшесі», «азық-түлік», «киім», «көкөніс» деген сөздер жазылған. Студенттер қолына тиген парақтағы сөзді оқып, сол сөзге қатысты тақырып бойынша сөйлем айтуы тиіс.


3.Көрнекіліктер жасауда қойылатын талаптарды жазыңыздар.(жұптық жұмыс 10 мин)
1.Көрнекі құралда берілген материалдың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай негізделуі керек. Егер оқушылардың түсінуіне ауыр материалдар берілсе, оның көрнекілігі де шамалы болады.
2.Көрнекі құрал белгілі бір тілдік материалға арналып, соның негізгі белгілерін дәл көрсететіндей болуы керек.
3.Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей анық болуы керек (плакат, кесте, фотосуреттер)
4.Материалдың негізгі белгілері (әріптер мен сөздер) қызыл сиямен жазылып, қалғандары жай сиямен жазылуы керек. Көрнекі құралды екі-ақ түрлі сиямен өте қажетті болған жағдайда ғана үш түрлі сиямен жазуға болады.
5.Көрнекі құралдарда шартты белгілерді орынсыз көп бере беруге болмайды.
6.Ондағы берілген мәтіндер мен мысалдардың тәрбиелік маңызы күшті, тақырыптық ғылыми өзгешеліктеріне лайық болғаны дұрыс. Қайшы пікір туғызатын мысалдар берілмеуі керек.
7.Оқушыларға тартымды және көрнекті болуы үшін оны көлемі кішкентай қағазға жасауға болмайды. Оған арналған қағаздың ұзыны 1метр, көлденеңі 75 см болғаны дұрыс.


4.Көрнекі құралдарды жүйелеңіздер (5 мин).Студенттерге көрнекіліктер оқылады олар топтарға бөліп жазу керек.
(Табиғи,бейнелеу, тәжірибелік)
1.Табиғи көрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен).
2. Бейнелеу көрнекіліктін мақсаты – нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, кинофильмдер).
3. Дыбыстық көрнекіліктер : куйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б
4.Символдық көрнекіліктер: карта, жоспар, сызба, диаграмма


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет