Сабақ барысында ұйымдастыру Биология пәнінің мұғалімі: Муканова Г. К



бет1/5
Дата10.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#190927
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақта пайдаланатын рефлексия түрлері
kazahskie-prosvetiteli-kontsa-xix-nachalaxx-vekov-i-ih-rol-v-formirovanii-kulturnoy-traditsii-osvoeniya-russkogo-yazyka-v-inoyazychnoy-srede, 3.1, БӨЖ 2 Юсупова

«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

Баяндама
«Рефлексиялық қызметті сабақ барысында ұйымдастыру»


Биология пәнінің мұғалімі: Муканова Г.К.


Мамай батыр ауылы. 2014ж.
Рефлексиялық қызметті сабақ барысында ұйымдастыру

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.


Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін - өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "мен" ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "мен" құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін - өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады.
Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің қылықтарына объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі педагогикалық қатынас процесінде муғалім әрекеттесетін адамдар қалай қабылдайтынын түсіну қабілегі. Педагогикалық рефлексия орталығында - оқушы тәрбиешіде және онымен өзара қарым-қатынасында нені қабылдайтынын және түсінетінін, тәрбиешінің әрекеттеріне қалай икемделе алатынын ұғу.
Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлексияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.

Өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизімдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізген білім нәтижесін толық ұғынуы мүмкін емес.


Адамның өзінің өзіне беретін бағасы әрекетке ынталандырады және оның тиімділігін арттырады. Өзіндік бағаның мотивациялық - психологиялық тұжырымдамасы жетістіктерге деген қызығушылықты өзіндік бағалаудың жүйесі ретінде қарастырады. Өзіндік баға беру өзін - өзі тану мен табу әлеуметтік, кәсіби, отбасылық тіпті жай қарым - қатынастар мен байланыстар жүйесінде өз орынын анықтауға көмектеседі. Объективті, дұрыс берілген өзіндік баға адамға оның шешуге тиісті кәсіби мәселелерінің аясын анықтауға мүмкіндік береді. Өзіндік бағаның адамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы оның өзімен өзінің ішкі үйлесімдіктеріне, өзін - өзі құрметтеуге қол жеткізуге ықпал етеді.
Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол - сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Рефлексивтік іс - әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. «Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсем: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет