Сабақ Бекіту сабағы отбасы мәселелері тыңдалым. Иә Жоқ Ата-анасы асыл жандар



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі415,81 Kb.
#96950
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
5-сабақ

ОҚЫЛЫМ.


Оқыңыз, тест тапсырмаларына жауап беріңіз.
1- мәтін. Өмірбаян
Мен, Асқар Қалиұлы Маратов, 1978 жылы 25 қыркүйекте Астана қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1995 жылы Астана қаласының №17 мектеп-гимназиясын бітірдім.
1995 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түстім. Мамандығым: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Аталған оқу орнын 2000 жылы үздік дипломмен бітірдім.
2000 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін Астана қаласындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте мамандығым бойынша қызмет еттім. 2005 жылдың ақпанынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.
Ата-анам бар. Әкем – Қали Маратұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері, зейнеткер, анам Хадиша Қасымова – зейнеткер. Үйленгенмін. Әйелім – Майра Әлиқызы Әділбекова. Мамандығы – заңгер. «Аспан әлемі» жеке фирмасының заңгері. Мектеп жасындағы 3 балам бар.
Әскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар.
Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білемін, ЭЕМ (Электрондық есептеу машиналар) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетте жұмыс істей аламын. 2002 жылы Астана қалалық оқу бөлімінің «Білім беруде қосқан үлесі үшін» марапатталдым.
Мекенжайым: Астана қаласы, «Жастар» ықшамауданы, 47-үй, 18-пәтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет