Сабақ білім сапасы нәтижелілігінің негізі



Дата10.01.2020
өлшемі30,01 Kb.
#55671
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ білім сапасының нәтижесі
Сабақ білім сапасының нәтижесі
Сабақ – білім сапасы нәтижелілігінің негізі

Тиімді оқыту және білікті мұғалімдер дайындық сапасы мен оқушылардың жоғары жетістіктерін қамтамасыз етуші негізгі шарт болып табылады, – мұндай бірмәнді тұжырым PISA, TIMSS, PIRLS білім алушылардың оқудағы жетістіктерін халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша қалыптасты.

Педагог кәсібінің және олардың сапалы құрамының беделін арттыру мақсатында педагогтарға қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылады. Өз бетімен білім алу және өзін өзі жетілдіру педагог қызметінің ажырамас бөлігіне айналады, педагогикалық портфолиода көрініс табады. Бірінші және жоғары санатты алуға жағдай жасау мақсатында педагогтардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қарастырылады.

2019 ж. бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға дайындық және ауысу мәселесі шешімін табады.

Қазақстандық мұғалімдер TALIS (2018 ж.) зерттеулеріне қатысады, оның нәтижелері бойынша еліміздің мұғалімдер корпусының сапалық құрамын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Назар аударыңыз!

TALIS – мұғалімдер мен мектептердегі білім беру ортасының қызметін, жұмыс жағдайын бағалауға бағытталған ең ауқымды халықаралық зерттеу.

Мақсаты – мүше мемлекеттерге тиімді оқыту және оқу жағдайларын жасау үшін білім беру саясатын дамытудың жаңа басымдықтарын қайта қарау мен анықтауға мүмкіндік беретін нақты, уақтылы әрі салыстырмалы деректерді ұсыну. Жобаны Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) үйлестіреді.

TALIS оқушылардың оқудағы жетістіктерін, олардың ілгерілеушілігін түсіндіруді мақсат етіп қоймайды, алайда зерттеу мәселелері оқу нәтижелерімен тікелей байланысты факторларды айқындауға мүмкіндік береді.



Зерттеу пәні – оқу ортасы, мектеп мұғалімдерінің жұмыс жағдайы.

Педагогтың кәсіптік стандарты әзірленеді және педагогикалық мамандыққа қабылдау тетіктері қайта қарастырылады. Мектептерді аттестаттау көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі бойынша орта білім беру ұйымын саралау жүйесін енгізудің негізінде жүргізілетін болады. Мектептер төрт деңгейден тұратын өлшемшарттар мен дескрипторлар (талаптар) бойынша бағаланатын болады, яғни: үлгілік, жақсы, жақсартуды талап етуші және төмен.

Алайда қандай жаңашылдықтар енгізілсе де, жүз жыл бұрынғыдай білім беру үдерісінің мүшелері: мұғалім мен оқушы тек сабақта ғана face to face – бетпе-бет кездеседі. Олардың арасында әдеттегідей білім теңізі мен қарама-қайшылықтар рифі тұрады. Компьютерлендіру мен қашықтықтан білім беру жөнінде не айтсақ та үнемі мұғалім осы кеменің капитаны әрі барлық рифтерде жол көрсетуші болады.

Білім берудің жаңа тәсілдері, танымдық қызметті ұйымдастырудың әралуан әдістемелері мен нысандары мұғалім мен оқушылардың рөлін теңдестіруге бағытталған. Көптеген бақылаулар көрсеткендей, кез келген сабақта мұғалім басты әрекет етуші тұлға болып қала бермек. Себебі ол көпті көрген, білімді, осы білімді түсіну әрі қолдану тәжірибесіне ие. Алайда осы білім мен тәжірибе оның өмірін жеңілдетпейді, керісінше қиындата түседі. Мұғалімнің алдында – еті тірі, мінезі құбылмалы, іс-әрекетін болжау мүмкін емес оқушылар. Сөйтіп кез келген, тіпті толық ойластырылған және нақты жоспарланған сабақтың өзі сценарийден ауытқуы мүмкін.

Қандай реформалар жүргізілсе де, сабақ тұрақты әрі басты оқу нысаны болып қала бермек. Дәстүрлі әрі қазіргі заманғы мектептер осы оқу нысанының арқасында қызметін жалғастыруда. Әр мектептің сауатты басшысы мұны өте жақсы түсінеді, сондықтан да сабаққа қатысуды өз қызметіндегі басты мәселе деп санайды.

Тәжірибелі мұғалімдерді де, жас мұғалімдерді де мына мәселелер толғандырады:



  • Директордың орынбасары күнделікті таңертең сабақ жоспарларының бар-жоғын тексеруге құқылы ма?

  • Директордың орынбасары қалауы бойынша мұғалімнің сабағына қатыса ала ма немесе бұл мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес жүзеге асырыла ма?

  • Мұғалім әкімшілікті сабаққа кіргізбеуге құқылы ма және қандай жағдайларда кіргізбеуге болады?

  • Мектеп әкімшілігінің сабаққа қатысуға қойылатын талаптары қандай құжатта жазылған?

  • Педагогқа сабағына қатысу жөнінде ескертілуі тиіс пе, егер де ескертілуі тиіс болса, онда сабақ басталардан қанша уақыт бұрын?

Әрбір директор бақылауды орайы келгенде ғана емес, керісінше алдын ала белгіленген жоспардың негізінде жүйелі түрде жүргізген жағдайда мектепті басқарудың тиімді болатынын біледі. Мектепішілік бақылауға (бұдан әрі – МІБ) қойылатын талаптар «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 02.02.2016 ж. № 124 бұйрығымен тұжырымдалған міндеттерге байланысты арта түсті. 

Сонымен бірге жалпы орта білім берудің мектеп көшбасшылығының рөлін күшейту туралы реформаларының мақсатты ұстанымдарына сәйкес басшылық пен бақылау мәселелері бойынша жалпы жұмыс көлемі тек мектеп басшыларына ғана емес, сонымен бірге кәсіподақ ұйымына, әдістемелік бірлестіктерге, шығармашылық топтарға бағытталуы тиіс.

МІБ – бұл білім сапасын басқару негізі. Пікірлестер командасын құруға тырысатын заманауи басшының алдында мынадай өзекті сауал тұр: «Жаппай бақылаудың баламасы бар ма?» Жауап белгілі: «Әрине, бар!» Нақты есепке, түсінікті әрі қажетті мазмұнға, нақты орындау құралдары мен уақытын анықтауға негізделген МІБ жоспары қажет. Жоспарда бақылауды қашан және кім, қандай әдістермен жүргізетіні, оның қайда және қалай талқыланатыны нақты белгіленуі тиіс.

Осы маңызды міндетті шешуге дұрыс әрі сауатты жүргізілген мониторинг септігін тигізеді.

МІБ-ды құру үшін мәлімет жинаудың барынша тиімді әдісі аса ауқымды әрі беделді халықаралық мұғалімдер зерттеуі болып табылатын TALIS ресурсы болмақ. Бұл зерттеу мына негізгі салалар бойынша әртүрлі елдердегі мұғалімдер мен директорлар туралы ақпарат жинау мен оларды салыстыру үшін жүргізіледі:


  • мұғалімдерді дайындау және кәсіптік дамыту;

  • жұмыс сапасын бағалау;

  • мектепті басқару, оқыту ұстанымдары мен тәсілдері;

  • жұмысқа қанағаттанушылық, өзінің кәсіптік қабілеттіліктеріне деген сенімділік.

Мұндай мониторинг білім беру ұйымы (бұдан әрі – БҰ) басшыларының біліктілікті арттыру курстарынан өтуі кезінде жүргізілді. Мониторингтің қорытындылары бойынша мектептің педагогикалық ұжымымен, оқушылармен және олардың ата-аналарымен тығыз байланыста білім беру үдерісінің мәселелерін айқындау жоспарланды. Бірден мынадай сауалдар туындады: «Неге? Орын алған мәселелерді анықтап, МІБ-ды жоспарлау үшін білім сапасы, оқу үдерісінің сапасы және педагогтардың сапалық құрамы туралы статистикалық деректер жеткіліксіз бе? Егер директор ата-аналардың, оқушылар мен мұғалімдердің пікірін ескерсе, мәселенің мәні өзгере ме? Мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың оқу үдерісімен қанағаттанушылығын зерттеу, сондай-ақ мектептің және сыныптың ортасы мен атмосферасын білу білім беру сапасына ықпал ете ме?»

Осы сауалдарға жауап беру үшін біз бір-бірін толықтырып отыратын зерттеу әдістерін қолдандық: мектеп туралы статистикалық мәліметтер, педагогикалық кеңестің сапалы талдауы, білім беру үдерісін оқушылардың, ата-аналардың, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің көзімен көруге мүмкіндік беретін сауалнамалар.


© Материал из ЭС «ACTUALIS: Образование».


Подробнее: https://vip-edu.mcfr.kz/#/document/189/537949/984c1cdb-20e1-4355-bbe1-0c5e9c5eb168/?of=copy-ca8c679425

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет