Сабақ Био (тіршілік) ценоздың (жиынтық) трофикалық (қорек) құрылымын анықтау



бет1/2
Дата19.02.2022
өлшемі40,18 Kb.
#132499
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
4 практика ЭОБЖ
МӘДЕНИЕТТАНУ және психология-ТЕСТ (1)

4 Практикалық сабақ


Био (тіршілік) ценоздың (жиынтық) трофикалық (қорек) құрылымын анықтау


Мақсаты: қауымдастықтағы популяциялардың өзара қарым-қатынасын зерттеу, биоценоздарды зерттеу әдістерімен танысу


Теориялық бөлімі. Ағзалар арасындағы трофикалық қарым-қатынас трофикалық схемалар түрінде көрсетіледі, онда әрбір ағза тамақтанатын немесе басқаларға арналған тағам ретінде ұсынылған.
Экологиялық пирамида - экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас (санмен өрнектелуі – Элтон сандарының пирамидасы, құрамындағы энергияға қатысты – энергиялар пирамидасы). Сандар пирамидасы немесе дарақтардың қоректік деңгейлер бойынша бөлінуі мынадай факторларға байланысты:
1) Кез келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді;
2) Жыртқыштардың әр түріне оңтайлы көлемді жемтіктер азық болады.
Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады.Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомассалардың азаюынабайланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің – фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады.
Тапсырма:
Сандар, биомассалар және энергиялар пирамидасын құрып, келесі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасаңыз:

  1. Энергияның қандай үлесі бір трофикалық деңгейден екіншісіне ауысады және неліктен?

  2. Неге нақты экожүйелерде консументтер тобы 5-6 қатардан артық (жоғары) болмайды?

  3. Су биоценозы бойынша барлық мүмкін болатын трофикалық тізбектерді қарастырып, олардың жайылымдық және детрит топтарын ажыратып жазыңыз.

Қауымдастықтағы трофикалық байланыстар түрлерін пайдалана отырып, барлық популяцияларды трофикалық деңгейлер бойынша бөліп, кесте құру.

Есептеулер келесі формулалар бойынша жүргізіледі:



  1. Сандар пирамидасын жасау үшін барлық әрбір трофтық деңгей бойынша түрлер саны біріктіріледі:

Nпр= ΣNi (бірл/м2)
Nконс1= ΣNi бірл/м2)
Nконс2= ΣNi (бірл/м2)

  1. Биомассалар пирамидасын жасау үшін барлық әрбір трофтық деңгей бойынша түрлер саны мен биомассалары көбейтіледі:

Б прод = ΣNii (г.құрғ.зат/м2)
Б конс.1=ΣNii (г.құрғ.зат /м2)
Б конс.2 =ΣNii (г.құрғ.зат /м2)



  1. Энергиялар пирамидасын жасау үшін барлық әрбір трофтық деңгей бойынша түрлер саны, биомассалары, энергиялары көбейтіледі:

Эпрод= ΣБii (Дж/м2)


Эконс1=ΣБii (Дж/м2)
Э конс2=ΣБii (Дж/м2)

Әр бір деңгейді есептеу соңынан сызба нұсқаны пирамида түрінде орналастыру қажет. Сызба нұсқаны сызу барысында х осіне ағзалардың санының, биомассасының және энерияның мәні жазылса, у осіне трофтық деңгейлер қойылады.


Есептеу мысалы:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет