Сабақ Бөлім: 1 бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім



бет1/28
Дата05.12.2023
өлшемі1,43 Mb.
#195223
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Қысқа мерзімді жоспар 6
бжб 6 с ынып 2 тоқсан

Қысқа мерзімді жоспар 6-сынып Қазақ әдебиеті 1-сабақ



Бөлім:

1 – бөлім: Туған жерім -аялы алтын бесігім



Педагогтің аты-жөні

Меирбаева Г.Б.

Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шыншыл ертегілер. «Аяз би» ертегісі. Сюжеті, фабуласы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1- әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;



Сабақтың мақсаты

«Аяз би » ертегісінің жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
5 минут


Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ойтүрткі
1.Қалай ойлайсың? Әдебиет дегеніміз не? «Әдебиет» сөзі қандай мағынаны береді?
2. Халық ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесің? Неліктен «халық ауыз әдебиеті» деп аталған?
3. Ауыз әдебиетіне жататын қандай ауыз әдебиетінің түрлерін білесің?






Сұрақтарға жауап береді. Білетін бұрынғы ақпараттарын еске түсіреді.



Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша
мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады
Жарайсың!
Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!

https://kk.wikipedia.org/wiki



Сабақтың
ортасы
20 минут


Мұғалім түсіндірмесі
Халық ауыз әдебиетінің тарихы
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.
Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған ұжым болып шығармашылық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің әдебиетіне айналып кеткен.
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1.Тұрмыс-салт жырлары
2. Ертегілер
3.Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар
4.Шешендік сөздер
5.Батырлар жыры
6.Лиро-эпостық жырлар
7.Айтыс
8.Аңыз-әңгімелер
9.Тарихи жырлар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет