Сабақ Бөлім Уақыт Педагогтің аты-жөні



Дата05.12.2022
өлшемі109,75 Kb.
#161196
түріСабақ
Байланысты:
Түбір сөз және туынды сөз. Ұтымды жауап
ЦОС 8лабка, Pedagog-psikhologtar a-arnal an-psikhologiya-kaz, ТРИЗ 3 неделя

«Қызылжар» жалпы орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі 6-сабақ



Бөлім

Уақыт

Педагогтің аты-жөні

Бекбердиева Алия

Күні:

15.11.2022ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Түбір сөз және туынды сөз. Ұтымды жауап

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасай алады.
Көптеген оқушылар: мәтін кейіпкері туралы өз пікірін ашып айта алады.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, оған жауап бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
Топқа бөлгенде «Пазл» әдісі арқылы сурет бөліктерін алып бөлінеді. Топта сурет құрастырады.
Өткен тақырыпқа шолу және жаңа тақырыпты ашу:
А) Үйге берілген оқу тапсырмасы:
Түбір, туынды сөздерге мысалдар жазу.
Ә) «Сұрақтар ілмегі» әдісі:
-Өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Туынды сөз туралы анықтаманы кім біледі?
-Ендеше бүгінгі сабағымызда да түбір сөз бен туынды сөзді ажырату үшін тапсырмалар орындаймыз.

Жақсы тілек айтады.

Сурет бөлшектерін алып, топқа бірігеді.


Суретті құрастырады.

  1. Сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты ашады.




ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.












Сабақтың ортасы
20 мин

2 мин



17 мин



(Т, Д) «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.
18-жаттығу. «Ұтымды жауап» оқы.
-Мәтін кім туралы?
-Ә. Қастеев туралы не білесің?
-Ол неліктен солай жауап берді?
-Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқыла.
-Мәтін кімнің атынан баяндалып тұр?
-Мәтіннен туынды сөздерді тап.
-Жаңа топқа бөлінгенде құрастырған суреттер кімдікі деп ойлайсыңдар?
19-жаттығу.
Мақалдың қатесін түзеп жаз.
білімді жастан ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар
-Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
- Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.
Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
- Мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, оған жауап бер.


Сергіту жаттығуы: «Жаяу» әні.


(Д, Ж) «Ойлан, тап» ойыны, дәптермен жұмыс.
20-жаттығу.
Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады?

Аспаз, өнерпаз, дауылпаз, қойшы, сиыршы, ойыншы,кітапхана, дәріххана, асхана, талапкер, әуесқой.
- Жаңа сөздердің мағынасын түсіндір.
Ә) Түбір, туынды сөздерге мысалдар жаз.



-Мәтінді оқиды.
-Сұрақтарды топта талқылап, жауап береді.
Мақалдың қатесін түзеп жазады.
Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдайды.
Билеп сергиді.
Жұрнақтар қосып жаңа сөз жасайды, мағынасын түсіндіреді.
Түбір, туынды сөздерге мысалдар жазады.

Дескриптор:
- Ә. Қастеев туралы әңгімелейді-1балл.
- Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабы туралы ой бөліседі-1балл.
- Мәтіннен туынды сөздерді табады, сөз құрамына талдайды-1балл.
- Мақалдың қатесін түзеп жазады-1балл.
-Мақалдың мағынасын ашады-1балл.
Дескриптор:
- Берілген жұрнақтарды қосып жаңа сөз жасайды-2балл.
- Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді-1балл.
- Түбір, туынды сөздерге мысалдар жазады-2балл.

Оқулық, дәптер

Сабақтың соңы
3 мин

Кері байланыс: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.
Оқу тапсырмасы: 21-жаттығу.

Сабақтан алған білімін, үйренгенін айтады. Тапсырманы жазып алады.

ҚБ қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет