Сабақ Әлемдегі өнертапқыштар. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем



Дата10.05.2020
өлшемі41 Kb.
#66990
түріСабақ
Байланысты:
№51 сабақ


51 сабақ Әлемдегі өнертапқыштар. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Әлемді өнертапқыштарсыз елестетіп көрсек, онда оларсыз адам баласы әлі тас үңгірлерде өмір сүрген болар еді. Қоғамды алға қозғайтын осы жаңалық ашатындар. Олар көп жағдайда өз заманынан әлдеқайда озып жататын жаңалықтар ашады. Қоғам оны түсіне қоймайды. Мысал, поляк жаңалық ашқышы Кооперник Жерді Күн айналады деген түсінікті жоққа шығарып, Күнді Жердің айналатынын дәлелдеді. Сол үшін оны өз заманы отқа жағып жіберді.

Ал қазіргі уақытта Кооперник жаңалығы ғарыш кемелерінің орбитады ұшуына қажетті жылдамдық алу үшін қолданылады, яғни Жердің Күнді айналу жылдамдығы ескеріледі.

Өнертапқыштар үшін ең маңыздысы – олардың жаңалығының өмірде қолданыс табуы, өндіріске енгізілуі. Бұл орайда американдық өнертапқыш Томас Эдисон орасан зор табысқа жеткен. Ол өзі тек жаңалық ашумен айналысады. Ал ол ашқан жаңалықтарды өндіріске енгізу мәселесімен өзінің арнайы құрған командасы жұмыс істейді. Осыған байланысты оның командасының штаты өте үлкен, қызметкерлері көп болған.

Томас Эдисонның осындай данышпандылықпен жұмыс істеуі оған үлкен бедел әкелді. Оның туған күні – 11 ақпан АҚШ елінде өнертапқыштар күні болып бекітілген. Ал екінші бір өнертапқыш Никола Тесла да таңғажайып жаңалықтар ашқан. Алайда бұл жаңалықтарды өмірге ендіретін арнайы қызметкерлері, яғни командасы болмаған. Оның жаңалықтарының көбі әлі де қоғам үшін түсініксіз, қабылданбай, сейфтерде құпия сақталуда.

Өнертапқыштар арасында әйелдер де бар. Мысалы, Стефани Кволектің оқ өткізбейтін желет (бронежилет) сапасын арттыратын жаңалығы өндірісте кең қолданылады. Джесси Картрайт бүгінде бүкіл әлем қолданатын қысқатолқынды қыздырғыш пеш ойлап тапқан. Марион Донован балалар үшін су өткізбейтін жаялық жасап ұсынған. Ал Бьюл Генри тамаша өнертапқыштығы үшін «Әйелдердің Эдисоны» атанған.

Өнертапқыштар адам игілігі үшін батыл түрде жаңалықтар ашуын жалғастыруда.

Тапсырма:


  1. Мәтінді түсініп оқу, конспект жасау;

  2. Мәтінге жоспар құрастыру;

  3. Мәтінде асты сызылған сөйлемдерді көшіріп жазып, құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз (синтаксистік талдау жасаңыз);

  4. Мына сөздермен сөйлем құрастырып жазыңыз: ғарышкемесі, өнертапқыштар күні, бронежилет, өндіріс, қысқатолқынды пеш.


Грамматикалық тақырып. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

  1. Кестеде берілген мәлімет бойынша сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін еске түсіріңіз.

Түрлері

Жасалу жолы

Мысалы

Қимыл-сын бағыныңқылы саб. қ.с.

1) – ып-іп,-п

2) – а/ -е

3) –атын/йтын+дай

-етін/йтін+дей

Жел күшей+іп, ауа райы бұзылды.

Үйге келе, сабағын орындады. Бәрі ест+итін+дей , қатты сөйледі.




Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердің баяндауыштарының жасалуына назар аударып, синтаксистік талдау жасаңыз.

Халық көп жиналып, орын болмай қалды. Той көңілді болып, ел риза болды. Ахмет ағасына көмектесіп, бал бақты. Үйде отырып, түк бітірмепті. Ол әскерден келіп, оқуға түсті. Автобус тоқтап, жолаушылар түсе бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет