Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы



бет7/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013
Документ (11)
Грамматикалық тест тапсырмалары
1. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымшаны қойыңыз: – Ол уақытын тиімді пайдалан .... керек.
А) - уі
ә) -уы
б) -уға;
в) -бауы;
г) -у.


2. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымша: – Сенің жұмысқа үлгеру... керек.
А) - іңіз;
ә) - ім;
б) - ің;
в) -ңіз;
г) -міз.


3. Көп нүктелердің орнына тиісті сөз: – Ол түске дәмді қуырдақ .........
А) пісірейік;
ә) пісірмекпіз;
б) ішпекпіз;
в) пісіреді;
г) пісірмейік.


4. Дұрыс сөйлемді белгілеңіз.
А) Тілдік біліміңді жетілдіруің керек сенің;
ә) Сенің тілдік жетілдіруің керек біліміңді;
б) Сенің тілдік біліміңді жетілдіруің керек;
в) Сенің тілдік керек жетілдіруің біліміңді;;
г) Сенің жетілдіруің керек тілдік біліміңді;

5. Сөйлемнің тиісті бөлігі: Интернет арқылы...................


А) реферат жазамын;
ә) уақытты пайдаланамыз;
б) ақпараттар алуға болмайды;
в) керек ақпараттарды табуға болады.
г) хабарласуға болмайды.

6. Көп нүктелердің орнына тиісті қосымша: – Оның үй шаруасымен айналысу.... керек.


А) -міз.
ә) - ім;
б) - іңіз;
в) -ңіз;
г) - ы;

7. Көп нүктелердің орнына тиісті сөз: Сабақтарға ............. мәліметтер.


А) үшін;
ә) керек;
б) көмегімен;
в) арқылы;
г) компьютерлік.


Тіл үйрену
Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.



тиімді пайдалану

выгодно пользоваться

сөйлеу тілі

разговорная речь

кәсіби деңгей

профессиональная уровень

меңгермеу

не владеть, не усвоить

жетілдіруім керек

мне надо усовершенствовать

өз бетімен оқу

самоучитель

компьютерлік бағдарламалардың көмегімен

с помощью компьютерных программ

іздеу

искать

жеткілікті

достаточно

бір жаққа бару

сходить куда-нибудь

Менің қазақша сөйлеу тілім жақсы, бірақ тілді кәсіби деңгейде меңгермедім. Енді бос уақытымды тиімді пайдаланып, тілді меңгеру деңгейімді жетілдіруім керек. Сондықтан бүгін Интернет сайттарынан қазақ тілін өз бетімен оқу бағдарламаларын іздеуім керек.


Қазір қазақ тілін өз бетімен оқуға арналған компьютерлік мультимедиялық бағдарламалар, электронды оқулықтар жеткілікті. Мен қазақша сөйлеу тілін сондай компьютерлік бағдарламалардың көмегімен меңгердім.
Ал қазақ тілін кәсіби деңгейде меңгеру үшін өз бетімен оқу бағдарламалары жеткіліксіз, қазақ тілінің иеленушісінен сабақ алуым керек. Және сабақтың тек үйретілетін тіл - қазақ тілінде жүргізілгенін қалаймын. Сонда тілді үйрену нәтижелі болар еді.
Қазір ертеңгі сабақтарға дайындалуым керек. Маған Интернет өте ыңғайлы, көп уақытымды үнемдеймін. Интернет сайттарынан сабақтарға керек мәліметтерді, жаңа тақырыптар бойынша ақпараттарды білуге, оқу үшін алуға болады.
Достарыммен кешке хабарласамын деп ойлаймын. Кешке саябақта серуендеймін. Кейбір сабақтардан реферат та жазуым керек. Бірақ бүгін үлгермеймін. Ертең университетте оқу залына барамын, рефератты сонда дайындаймын. Оқу залынан керек әдебиеттердің, оқулықтардың барлығын табуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   118




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет