Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы



бет86/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013

2–сабақ.
Грамматикалық тақырып: Сын есім тудыратын жұрнақтар
Лексикалық тақырып: Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
Адам құқығы туралы жалпыға ортақ
декларациялар


1. Тірек сөздермен сөйлем құраңыз. Адамның азаматтық алуы, жеке бас бостандығы, өрескел қателіктер, жеке өмірге қол сұғу, адамның ары мен абыройы.



2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда прокуратураның рөлі қандай?



    1. Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай деп ойлайсыз?

    2. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қандай жағдайда шек қойылады?



3. Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының функция-ларына сипаттама беріңіз.


4. Мәтінді оқыңыз.

БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын» қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.


Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа адамдардың табиғи және айырғысыз құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адам туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқықтарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
Екінші топқа азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар жатады. Бұлар – адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы, шерулерге қатысу, мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
Үшінші топқа экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар – адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгі-леріне қарап алаламауы керек. Заң алдында жұрттың бәрі тең.
Адамдар алған білімдері арқылы тек өздеріне ғана емес, қоғамға да пайда келтіреді. Еңбек ету бостандығына ие азаматтар тек өздері үшін ғана емес, қоғам үшін де материалдық және рухани игіліктер жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   118




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет