Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


ХХ ғ. 2 жартысындағы зерттелімдер



бет7/18
Дата07.02.2022
өлшемі73,67 Kb.
#86734
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және қазақ жазуының тарихы, СУЛЕЙМЕНОВА А. (КОК 201дв)

3.ХХ ғ. 2 жартысындағы зерттелімдер
Жауап: Екпін-фонемалық зерттелім - 1950-1990жж
Ісмет Кеңесбаев – қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарымқатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Ісмет Кеңесбаев есімімен байланысты.
І.Кеңесбаевтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде 1977 жылы «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жарық көрді. Ісмет Кеңесбаевтың басшылығымен 1959, 1961 жылдары екі томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді. 1961 жылы «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», 1978, 1981 жылдары екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» жарыққа шықты. 150-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы, бірнеше ғылыми еңбектердің редакторы Ісмет Кеңесбаевтың осындай жан-жақты ғылымипедагогикалық, қоғамдық қызметін үкіметіміз жоғары бағалап, оны «Ленин орденімен», «Қызыл Жұлдыз», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақ Кеңестік социалистік республикасы Жоғары Кеңесінің «Құрмет Грамотасымен» марапаттады. 1978 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығын алды.
Ғ.Ғ. Мұсабаев – филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазПИ-ді (1936, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімшесінде ғылыми қызметкер (1937–39) болды. Қазақстан ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1946–52), Тіл білімі институтында бөлім меңгерушісі (1952–81) қызметтерін атқарған.[1] «Лексика современного казахского языка» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің лексикасы мен лексикографиясына, тіл тарихының мәселелеріне арналды. Ғайнетдин Ғалиұлы Мұсабаевтың қатысуымен қазақша-орысша, орысша-қазақша, орфографиялық, түсіндірме сөздіктер шықты. 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Қазақ тіліндегі сын есім шырайлары. А., 1951; Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. А., 1951 (авторлардың бірі); Становление и развитие казахского литературного языка и вопросы диалектологии. А., 1952; Лексика соеременного казахского языка. АДД., А., 1960; Краткий казахско-русский словаръ. А., 1959 (құрастырушылардың бірі); Казахско-русский разговорник. А., 1961 (авторлардың бірі); Казахско-русский словарь. А., 1954, 1987 (құрастырушылардың бірі); Учебник казахского языка для 5—6 классов русских школ. А., 1953 (авторлардың бірі); Қазақ тілі: учебник казахского языка для 8— 10 классов русских средних школ. А., 1953; Большой русско-казахский словарь. М., 1954 (құрастырушылардың бірі); Қазіргі қазақ тілі /лексика, фонетика/. А., 1962, 1975 (авторлардың бірі); Современный казахский язык. Лексика. А., 1959; Орысша-қазақша мектеп сөздігі. А., 1960 (құрастырушылардың бірі); Қазақ тілі мен грамматикасы тарихынан. I бөлім. А., 1966; Қазақ тілінің грамматикасы. I. Морфология. А., 1967(авторлардың бірі); Қазақстан эпиграфикасы. А., 1971 (авторлардың бірі); Орфографиялық сөздік. А., 1972 (құрастырушылардың бірі); Қазақ тілі тарихынан. А., 1988.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет