Сабақ І. Әлем тілдерінің жіктелімі (классификациясы)


І. Қазақ тілі фонетикасының зерттеу нысаны, ғылыми аппараты



бет9/18
Дата07.02.2022
өлшемі73,67 Kb.
#86734
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы және қазақ жазуының тарихы, СУЛЕЙМЕНОВА А. (КОК 201дв)

І. Қазақ тілі фонетикасының зерттеу нысаны, ғылыми аппараты



  1. Фонетиканың негізгі зерттеу нысаны

Жауап: Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дьібыстардың бір-біріне зсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дүрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.



  1. Негізгі фонетикалық ұғымдар мен атаулар сипаттамасы

Жауап: Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Қазақ тілінің төл дыбыстары ешбір қоспасыз өз алдына талданды. Өз фонологиясы тұрғысынан талданғанда ғана қазақ тілінде қанша дауысты,қанша дауыссыз бар деген ары тарт,бері тарт сұрақтардан арылатын болдық. Фонетикалық ұғымдарда мүлдем өзгеше айтылып,оқылатын болды.  Тілдің сөз құрамындағы дауысты-дауыссыз дыбыстарды ұйымдастырып бүтін бір сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс-фонология деп аталады.
Қазіргі қазақ тілі фонетикасында алғаш рет қазақ тілінің дыбыс құрылымы мен жүйесі жеке-жеке талданып отыр. Олар:
а) Жасалым фонетикасы (артикуляциясы), яғни дыбыс жасалуы
б) Айтылым фонетикасы (акустикасы), яғни дыбыс айтылуы
в) Естілім фонетикасы (перцепциясы), яғни дыбыс естілуі.
Әрқайсысының өзіне тән ұғымдары мен атаулары бар.
а. Жасалым фонетикасы (артикуляционная фонетика) – дыбыстың жасалу жолдарын анықтайтын фонетика саласы.
1) жасалу орны:ерін - ерінді, тіл ұшы, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты, тілшік.
2) жасалу тәсілі: тоғысым, тоғысыңқы, жуысым, жуысыңқы, жинақы жуысыңқы, жайылыңқы жуысыңқы, діріл, жанама.
3) Дауыс қатысы:
- қатаң – тербеліссіз, дауыс желбезегі қатыспайды
-ұяң – тербеліңкі, дауыс желбезегі жартылай қатысады
- үнді – тербелімді, дауыс желбезегі мол қатысады
-дауысты – тербелмелі, дауыс желбезегі толық қатысады
б. Айтылым фонетикасы (акустическая фонетика) – дыбыстың нақты болмысын анықтайтын фонетика саласы.
1) Қуыс жүйесі ауыз қуысы, көмей қуысы
2) Айтылым күші нық,босаң,бос
в. Естілім фонетикасы (перцептивная фонетика) – дыбыстың естілуін анықтайтын фонетика саласы.
1) Түйсінім түрі қатаң, ұяң, үнді
2) Естілім қарқыны: күшті, лепті, бос лепті, босаң лепті
Бұдан басқа фонологиялық ұғым мен атаулар бар. Ол сингормонизм, яғни үндесім заңына лайық,қазақ тілі дыбыстары үндесім заңы тұрғысынан талданып, үндесім фонологиясы өз алдына дербес сала ретінде қаралады.
Үндесім фонетикасы (сингормоническая фонетика) – дыбыстың үндесетін сипатын анықтайтын фонетика саласы 
1. Әуез жүйесі: езу, әуез,еркін әуез
2. Жасалым белгісі: езулік, еріндік, ілгерінді, кейінді
3. Айтылым белгісі: ауыз қуысты, көмей қуысты, ілгерінді , кейінді
4. Естілім белгісі: жуан,жіңішке, езулік, еріндік

4-5 практикалықсабақтар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет