Сабақ Жарғы әскери қызметшілердің орналасуы


Саптан шығу қайтып келу, бастыққа бару және әскери сәлемдесу



бет3/12
Дата26.05.2020
өлшемі28,41 Kb.
#71209
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Документ Microsoft Word
Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word

Саптан шығу қайтып келу, бастыққа бару және әскери сәлемдесу.

Мақсаты 1. Оқушыларға саптан шығу, бастыққа бару және қайтып сапқа тұруды, әскери сәлемдесуді, үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға үйрету.

2. Әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушылар бойына дамыту.

Орынды әскери сәлемдесуді орындау үшін мұнда бастықтын орналасу орны шартты түрде маңдай шепте, қапталда, артта болу мүмкін. Жағдайларды бөліп орындау үшін жаса 1, жаса 2 пәрмені беріледі. Жаса 1 санағы бойынша оқушы бастық жаққа бұрылып тік тұр жағдайын қабылдап оның жүзіне тік қарауы тиіс. Жаса 2 санағы бойынша басын тура қаратып еркін тұр жағдайына көшеді. Түрлі жақта келе жатқа бастықтармен әскери сәлемдесу үшін пәрмендер қайталанады. Бір орында бас киімді жағдайда әскери сәлемдесуді орындау тәсілдерін пәрмендерді бөліп орындау, бас киімсіз жағдайдағы тәртіпке ұқсас орындалады. Тік тұр қалпы қабылданған соң оң қол алақаны тік, саусақтар бірге болу керек. Орта саусақ басқа, бас киімнің төменгі жиегіне жанасуы тиіс. Шынтақ иік сызығы биіктігінде болу керек. Бас киімсіз қолды басқа апаруға болмайды. Әскери қызметші 1 –ші пәрмен бойынша саптан саптық адыммен 1-ші қатардан бастап аталған атының саны бойынша шығады, тоқтайды және бетін сапқа қарай бұғады. 2-ші пәрмен бойынша әскери қызметші 1-ші қатардан тура бір-екі жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бүрылады. Қысқа жолмен, саптық адыммен оған келеді және 2,3адым жетпе оған келгені жөнінде баяндайды. Әскери қызметші 2-ші қатардан шығар кезде ол сол қойын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады. Ол алға бір адым және аяғын қоймастан оңға бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді. Одан кейін өз орнына келеді. Әскери қызметші 1-ші қатардан шыққан кезде оның орнына 2-ші қатардағы оның артында тұрған әскери қызметші тұрады. 2 ден 3 тен 4 тен тұратын реттен әскери қызметші шыққан кезде ол сапттан саптың жақын шетінен алдын ала оңға солға бұрылыс жасап шығады. Егер касында әскери қызметші тұрса ол, оң сол аяғымен үйірге бір адым жасайды және сол оң аяғын артқа бір адым жасап саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жіберіп, өзінің орнына тұрады.Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі. Әскери қызметші пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала бетін бастық жаққа бұрады. Берілген пәрмен бойынша қолын бас киіміне тигізіп, қозғалыс жағына бірінші адым бойынша қолын түсіреді. Саптық қалпымен қозғала отырып, қысқа жолмен саптағы өзінің орнына тұрады. Әскери қызметші саптан тысқары бастыққа келген кезде 2,3 адым бұрын тоқтайды және аяғын қойып бір мезгілде оң қолын бай киімге апарады, одан кейін келуі жөнінде баяндайды. Баяндау аяқталған кезде қолын түсіреді. Әскери қызметші бастықтан кеткен кезде кетуге рұқсат алып оң қолын бас киімге қойып , құп болады деп жауап береді. Қозғалыс жағына бұрылады, бірінші адыммен қолын түсіреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет