Сабақ жоспар Математика 5- сынып



Дата11.01.2022
өлшемі45,24 Kb.
#111324
түріСабақ
Байланысты:
docx1550639558
6 б класс список

Сабақ жоспар Математика 5- сынып





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: №68

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карибаева Ш

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.30 Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

- Ондық бөлшекті натурал санға бөлу әдісін біледі



Оқушылардың көпшілігі:

- Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындай алады



Кейбір оқушылар: Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді күрделі жағдайлар үшін дұрыс орындайды

Бағалау критерийлері


Дағдылар

Жетістік критерийлері

Білу


Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлу әдісін біледі

Қолдану

Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындай алады

Тілдік мақсаттар

Лексика және терминология:

Ондық бөлшек, натурал сан, бөлу

Пайдалы сөз тіркестері:

Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін...

Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлуді орындау үшін...


Құндылықтыр

Сабақ барысында академиялық шыншылдық пен сыйласымдылыққа басты көңіл бөлініп, оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыруға, бағалауда сыни тұрғыдан қарауға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Сурет, технология, зоология.

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектің оқылуы мен жазылуы және оларға қосу, алу,көбейту амалдарын қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру сәті.

« Амандасу» тренингі

Сәлем дос ( қолдарымен амандасады)

Сен қалайсың? ( арқасынан қағады)

Сен қайда болдың? ( бір-бірінің құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым (қолдарын жүректеріне апарады)

Сен қайдан келдің? ( қолдарын жан-жаққа сермейді)

Келгенің тамаша болды (құшақтасады)

Үй тапсырмасын тексеру.

(мұғалім үйге берілген есепті оқушыларға дәптерлерін ауыстыру арқылы тексереді )

Топқа бөлу «Жай бөлшектер» және «Ондық бөлшектер »

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушы білімін өзектендіру

  1. Жай бөлшекті натурал санға бөліңдер:



  1. Ондық бөлшекке айналдырыңдар:



  1. Натурал сандарды қалай бағандап бөлеміз?

слайд




Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Теңдеуді шешейік:

2х = 8,4


х = 8,4:2

х = 4,2


Тексеру: 2

Жаңа материалды игеру

Ондық бөлшекті натурал санға бөлгенде, алдымен ондық бөлшектің бүтін бөлігін бөліп, бүтін бөлікті бөлу аяқталғанда бөліндіге үтір қойып ( бөліндінің бүтін бөлігін бөлшек бөлігінен ажырату үшін), бөлшек бөлікті бөлуді жалғастырамыз.

24,6:3 = 8,2

Жай бөлшекпен жалғастырсақ,

24,6:3 = 24


Егер бөлінгіштің бүтін бөлігі бөлгіштен кем болса, онда бөліндінің бүтін бөлігі 0-ге тең болады.

Мысалы, 1,2:5 = 0,24
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін:

1) Бөлшекті үтіріне қарамай сол санға бөлеміз;

2) Бөліндіге үтірді бөлінгіштің бүтін бөлігі біткен кезде қоямыз.

Егер бүтін бөлігі бөлгіштен кіші болса, онда бөлінді нөл бүтінмен басталады.
Жаңа материалды бекіту: Сыныппен жұмыс

№ 874 (ауызша)


875 Бөлуді орындау

3,5:7=0,7 28,8:9=3,2 78,1:11=7,1

10,4:8= 1,3 25,8:6=4,3 72,8:13=5,6

26,1:3=8,7 63:5=12,6 65,8:14= 4,7


876

1,37:2 0,4:8

8,4:15 0,3:5

11,16:18 0,8:5




Дағдылар

Жетістік критерийлері

Білу


Ондық бөлшекті натурал санға бөлу әдісін біледі

Қолдану

Ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындай алады


Жұппен жұмыс№877

І жұп


10,5:15+1,8

ІІ жұп


46,2:132

ІІІ жұп


67,2:12-3,25

ІҮ жұп


Есептің дайын шешімімен өзін-өзі тексеру



ҚБ: Басбармақ арқылы
Топтық жұмыс

№884


Жай бөлшектер(1,2,3,4)

Ондық бөлшектер (5,6,7,8)




Интер.тақта

үлестірме

Постер қорғау



Сабақтың соңы


Үйге тапсырма №л.4.7 №879 Теңдеу арқылы шығару

Рефлексия:

1. Мен сабақта ... жұмыс жасадым / Белсенді; енжарлықпен

2. Мен сабақтағы жұмысыма ... / Ризамын; риза емеспін

3. Сабақ маған ... болған сияқты / Қысқа; ұзақ

4. Сабақ бойы мен ... / Шаршаған жоқпын; шаршадым

5. Менің көңіл күйім ... / Өте жақсы болды; нашар болды

6. Бүгінгі сабақ маған ... /Түсінікті болды; түсініксіз болды

/ Керекті сабақ; керексіз сабақ

/ Қызықты; қызықсыз болды


стикер


Сабақтың соңы



Үйге тапсырма №л.4.7 №879 Теңдеу арқылы шығару

Рефлексия:

1. Мен сабақта ... жұмыс жасадым / Белсенді; енжарлықпен

2. Мен сабақтағы жұмысыма ... / Ризамын; риза емеспін

3. Сабақ маған ... болған сияқты / Қысқа; ұзақ

4. Сабақ бойы мен ... / Шаршаған жоқпын; шаршадым

5. Менің көңіл күйім ... / Өте жақсы болды; нашар болды

6. Бүгінгі сабақ маған ... /Түсінікті болды; түсініксіз болды

/ Керекті сабақ; керексіз сабақ

/ Қызықты; қызықсыз болды

стикер



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


№2 есеп: Мысықтың салмағы 4 кг, ал оның жаңа туған баласы соқырдың салмағы 0,08 кг. Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартады?

Ескерту: Мысықтың баласын жана туғанда соқыр деп, ал содан кейiн марғау деп те, мәулен деп те атайды.

Шешуі: Мысықтың салмағы өз баласының салмағынан қанша есе ауыр тартатындығын табу үшін мысық салмағын (4 кг) соқыр салмағына бөлу керек (0,08кг), яғни 4-тің 0,08-ге бөліндісін табу керек.

Сыныппен осы мәселені шешу үшін талқыға саламыз. Санды ондық бөлшекке бөлудің, ондық бөлшекті натурал санға бөлуден қандай айырмашылығы бар екендігін анықтап, бүкіл сыныппен ережені алуға тырысамыз және презентациядағы 9 слайдты көрсетіп ондағы ережемен салыстырамыз.

Санды ондық бөлшекке бөлу үшін:

1) бөлгіште үтірден кейін қанша цифр болса, сонша цифрға бөлінгіштегі және бөлгіштегі үтірді оңға жылжыту керек;

2) Осыдан кейін ондық бөлшекті натурал санға бөлуді орындау керек.

Есептің шешімін табу үшін жоғарыдағы ережені қолданамыз

(4 санын 400 түрінде, ал 0,08 санын 8 түрінде жазамыз да бөлуді орындаймыз)



Жауабы: мысық өз баласынан 50 есе ауыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет