Сабақ жоспар модуль/пән атауы Арнайы технология Тақырыбы Борланған қағазды дайындау Дайындаған педагог



бет2/26
Дата07.03.2023
өлшемі0,99 Mb.
#171400
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Борланған қағазды дайындау

Борланған қағаз
Борланған қағаздың ақтығы мен бетінің тегістігі ең жоғары боп келеді. Шығыңқы, офсеттік және ойыңқы басу тәсілімен бейнелік басылымдарды, көркем-суреттік шығармашылық репродукцияларды, түрлі-түсті фотографияларды, кітаптар мен альбомдарды, әртүрлі жарнамалық өнімдерді шығаруға арналады. Шығыңқы және офсеттік басу тәсілдерінде көбінесе жылтыр бояулар қолданылады.
Шығыңқы және офсеттік басу тәсіліне арналған борланған қағаз ГОСТ 21444-75 стандарты бойынша жасалынады. Бір бояулы және көп бояулы бейнелік және бейнелік-мәтіндік басылымдарды шығыңқы және офсеттік басу тәсілдерімен шығару үшін екі жағынанбір рет қапталған қағаз қолданылады. Екі жағынан екі рет борланған, жоғары сапалы қағаз ТУ 81-01-475-79 техникалық шарты бойынша жасалынады. Көрсетілген техникалық шарттар екі рет борланғагн , массасы 250 г/м2, қалындығы 200 мкм, тегістігі 400 с кем емес, көркемсуретті ашық хаттарды басуға арналған қағазды жасап шығаруды да қарастырады.
Түптеу қағазы
Ақ немесе түрлі-түсті мұқабалық қағазы ГОСТ 20283-74 стандарты бойынша жылтырланған, күңгірт немесе қысыммен өңдеп жасап шығарады. Маркасы А және Б мұқабалық қағазы 60% сульфиттік ақ және 40% сульфатты ақ целлюлозадан жасалынады. Олар физика-механикалық қасиеттері бойынша бірдей. А маркасы – жылтыр, ал Б- маркасы – күңгірт. МАркасы В қағаз 60% сульфитті ағартылмаған целлюлозадан және 40% ақ сүректік массадан жасалынады, сондықтан алғашқы қағаздың беріктігі, ұзаққа төзімділігі және тұрақтылығы жағынан біраз төмендеу боп келеді. Желімдеу қатпары 0,75-1,25 мм және тегістігі 40-110 с мұқабалық қағазға шығыңқы, офсеттік тәсілімен басуға мүмкіншілік бар. Бір жағынан желім жағылғанда қағаздың оралуына тығыздығының ең кіші шегін шектеуі, толықтырғыштың, әсіресе бедерлі қысыммен өңдеуі бөгеуілдейді. Мұқабалық қағазы түптеу қағазына желімдеп бекіту үшін және кітапшаларды мұқабалау үшін қолданылады.
Форзацтық қағаз ақ немесе түрлі түсті ГОСТ 6742-68 стандарты бойынша жасалынады, кітаптардың форзацтарын жасауға арналады. Оның екі маркасы шығарылады: А маркасы – басылмайтын форзацтар үшін, О маркасы – көп бояулы, офсеттік тәсілмен басылатын форзацтар үшін. Маркасы О қағаз басу бояуын өзіне жақсы сіңіреді, бетінің беріктігі жақсы, басудың қалыпты жағдайда шаң шығармайды және бояулары жұлынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет